Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері


Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.   Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі – ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:

1. «Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).

2. «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

kazakh-tilinde-koldanilatin-oyndar3. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшелері ойынды бастайды.

4. «Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.

5. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.

6. «Кім  көп және тез?» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.

7. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады.   Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.

Пайдаланыған әдебиет: Б.У.Салыхова. А.Ж.Хазимова А.М.Ауғанбаева. Қазақ тілі Әдістемелік құрал. Алматыкітап 2012  

Қарағанды қаласы, №81 жалпы білім беретін орта мектебі, қазақ тілі мұғалімі Шәкәрімова Гүлдана Қуатқызы.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
  • Toys. Letter Dd
  • Бала шақтан болашаққа
  • Өскемен қаласы туралы сабақ «Қалам менің»
  • Шегіртке мен Құмырсқа

Пікірлер 26 Пікір қосу

  • Ира 03.08.2021 күні 15:20 уақытында

    Мен өз сабағымда ойынды өте көп қолданмын.Маған ұнады.Пайдасы тиіп қалар деген үміттемін

    Жауап беру
  • Бекпенбетов Жаркынбек 06.02.2021 күні 11:54 уақытында

    Қазақ тілі сабағын ойын арқылы өткізген дұрыс. Біріншіден, бала ортаға бейімделсе, екіншіден танымы артады. қызығушылығы жоғарылайды.

    Жауап беру
  • Сауле 16.10.2020 күні 22:08 уақытында

    Тіл сабақтарында ойындар қолданған өте жақсы.

    Жауап беру
  • Лиза 22.05.2020 күні 11:35 уақытында

    Алла разы болсын! Жаңа тақырыптық пысықталуда Топтық жұмыста пайдалануға болатын ойын түрлері бар екен.

    Жауап беру
  • Смагулова Марал 08.05.2020 күні 02:36 уақытында

    Қазақ тілін үйрену барысында баланың жан-жақты ашылуына, сөздік қорының дамуына керемет септігін тигізетін материал екен. Осындай сайтқа кіргеніме өте қуаныштымын

    Жауап беру
  • Молдир 06.11.2019 күні 15:27 уақытында

    Қандай жақсы. Осындай сайтты көптен бері іздеп жүр едім. Жұмыстарыңыз керемет, табыс тілеймін

    Жауап беру
  • Гүлжанат 25.02.2019 күні 23:19 уақытында

    Сәлеметсіз бе!Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын турлері қызықты. Осы ойындар арқылы баланың сөздік қоры дамып, сабаққа деген құлшынысы артады.

    Жауап беру
  • Асель 21.01.2019 күні 23:21 уақытында

    Қызықты ойындар екен. Көбірек болса екен. Тұйық бала ойнағанда еркін ойынжеткізе алатын болған соң, сабақта ойындарды көбірек қолдануға тырысамын.

    Жауап беру
  • Клара Койлыбаева 01.04.2017 күні 16:30 уақытында

    керемет

    Жауап беру
  • Айнұр 28.04.2015 күні 10:48 уақытында

    Сәлеметсіз бе! сайтқа қалай тіркелуге болады?

    Жауап беру
  • малпал 16.04.2015 күні 14:55 уақытында

    рахмет сізге!!!!!

    Жауап беру
  • Ултурсын 16.01.2015 күні 19:22 уақытында

    Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақта қолдану өте қызықты болады.

    Жауап беру
  • мейрамгул 09.01.2015 күні 22:10 уақытында

    Маган унады.

    Жауап беру
  • Рехангуль 19.12.2014 күні 11:00 уақытында

    класссс!!!

    Жауап беру
  • Guma 09.12.2014 күні 23:12 уақытында

    Жақсы

    Жауап беру
  • Толеубаева Меруерт 04.11.2014 күні 00:37 уақытында

    Рахмет сиздерге Маган пайдасы коп тиди. Оте жаксы сайт.

    Жауап беру
  • Айгерім 01.11.2014 күні 08:31 уақытында

    рахмет балаларға ұнады

    Жауап беру
  • Мадина 28.10.2014 күні 09:42 уақытында

    ұнады

    Жауап беру
  • Алия 20.10.2014 күні 22:09 уақытында

    Өте керемет сайт

    Жауап беру
  • Айко 04.06.2014 күні 13:41 уақытында

    маган ойын турлери оте катты унады

    Жауап беру
  • Каниева Зарина 11.05.2014 күні 18:33 уақытында

    ойындар өте керемет№

    Жауап беру
  • Балзия 04.04.2014 күні 00:15 уақытында

    Тіл бас жарадыб
    Бас жармаса тас жарады

    Жауап беру
  • Айгерім 18.03.2014 күні 22:46 уақытында

    маған ойын түрлері өте қатты ұнады….

    Жауап беру
  • илионора 10.01.2014 күні 01:02 уақытында

    Өте қызықты сайт сияқты. Пайдасы тиіп қалар деген үміттемін.

    Жауап беру
    • Erketai 10.01.2014 күні 01:06 уақытында

      Салем! Сізге пайдамыз тисе, сол біздің пайдамыз.

      Жауап беру
  • жанна 22.11.2013 күні 17:11 уақытында

    Рахмет. Ойын түрлері өте ұнады.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.