Ғажайып тастар

Орындаған тәрбиеші: Шамшабекова Айгуль Аманкелдіқызы .
Павлодар қаласы МҚКК №27 сәбилер бақшасы.

Білім саласы: Таным.
Бөлім: Айналамен танысу.
Тақырыбы: Ғажайып тастар.
Мақсаты: Тастар түрлерімен танысу , олардың әртүрлі болатынын түсіндіру, қасиетімен танысу.
Міндеттері:
Тастардың ерекшелігі, олардың класификациялау: көлеміне қарай , пішініне, салмағына қарай ажыратуға болатыны туралы білім беру.
Сезім мүшелерін , психикалық қасиеттерді дамыту
Өлі табиғатқа деген қамқорлықты тәрбиелеу.
Қажетті заттар: Тау- тас бейнеленген суреттер,әр балаға жеткілікті тастар, ұлғайтқыш лупа, суы бар стакан, паднос ыдыс, қағаз сүрткіштер, қорап.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: Балалармен әңгіме , табиғаттағы таулар, тастар, олардың атауларын үйрету.
Әдіс тәсіл: Түсіндіру , тәжірбие эксперимент.

Сөздік жұмыс: Қатты ,тығыз, жылтыр, кедір-бұдыр.

Сабақ барысы: Балалар шеңбер болып тұрады,үстел үстіндегі қорапшаны қарайды,ал оның ішінде үлкен тас жатыр.

Балалар біртіндеп сол қорапшаға қолдарын салып ішіндегі затты ұстап оның тас екенін анықтайды.

Тәрбиеші : Балаллар ендеше айтыңдаршы бүгін біздің сабақ не туралы болады?

Балалар: жауабы.

Тәрбиеші: Иә , тас жайында болады.
Ендеше балалар орындарыңа жақсылап жайғасыңдар , енді үстел үстіндегі бүгін бізге эксмеримент жасауға көмектесетін заттарды қараңдар. Балалар өздерне берілген құралдарға қарап танысады
Қазір біз барлығымыз зерттеушіге айналып , эксперимент жасаймыз.
Алдымызда тұрған подносты жақындатып , солфетканы ашып қарайық ондағы тастарға назар аударайық. Осы тастар туралы толық біліу үшін тәжірбие жасаймыз.
Тәжірбие №1: Тастың пішінін және түсін анықтау.

Ғажайып тастар

Балалар тасты қарап, бақылап тастың түстері әр түлі қара ,сұр қоңыр ,
көк болатынын айтады . Алақандарымен сипап , саусақтарымен сезіп көреді. Әр балада әртүрлі пішінді екенін көреді.
Нәтиже : тастар пішіні жағынан , түсі жағына әртүрлі.
Тәжірбие №2: Тастың көлемін анықтау.
Тәрбиеші: балалар айтыңдаршы тастар бірдей ме?
Балалар әрқайсысы өз қолдарындағы тастарды бірі кіші , орташа , үлкен екенін жарыса айтады.
Нәтиже: Тастар әртүрлі көлемде болады.
Тәжірбие №3: Тастың сыртқы бетінің қасиеті.
Тәрбиеші: балалр тасты қолдарыңа алып сипап сезіп көріңдер.
Тастар беті бірдей ме? Әлде әртүрлі ме? Қандай?
Балалар ең тегіс тасты, содан соң, кедір- бұдұр тасты және қотырлау тасты көрсетіп, айтады.
Нәтиже :Тас тегіс және керісінше тегіс емес, әртүрлі болады.

Тәжірбие №4: Тасты лупамен қарау.
Тәрбиеші: Тастың беткі қабатын оданда анық көру үшін біз лупаны қолданамыз.
Балалар лупамен тасты қарайды.
Тәрбиеші : Тасты қарап болсаңдар онда тағы не көрдіңдер?
Балалар: тесіктер, қырларын, ою сияқты суреттер, шұнқырлар.
Нәтиже : Тастың біркелкі, бірдей болмауы.
Тәжірбие № 5: Тас салмағын анықтау.
Балалар кезектесіп тұрып , алақандарына тастарды алып ең ауыр , жеңілі қайсысы екенін анықтайды.
Нәтиже: тастар салмағына байланысты әртүрлі болады.

Тәжірбие №6: Тастың температурасын анықтау.
Тәрбиеші:Балалар алақандарыңды алдымен үстел үстіне , содан соң беттеріңе қойып көріңдер. Үстел қандай? Ал бетіміз қандай ? жылы ма әлде суық па?
Ал енді тастардың температурасын анықтайық . Балалар бірі суық тасты бірі жылы тасты көрсете бастайды. Ендеше суық тасты жылытайық , ал жылы тсты суытайық
Ол үшін тасты алақанымызға салып жылытайық , оған үрлейік.
Нәтиже : Тас табиғатта ауа температурасына байланысты жылы , суық болады.

Тәрбиеші: Балалар егер тасты суға салсақ не болады? (балалардың болжамы тыңдалады). Ол үшін тасты суға салып көрейік . Суға салынған тас түсі өзгереді , яғнй суланады.
Тәжірбие №7: Суға батуы.
Балалар суы бар ыдысқа тасты салады,бақылайды, ойларын айтады.
Суға тас түскенде су көтерілді, тастың түсі қанық болды.
Нәтиже : Тас ауыр болғандықтан батып кетті.

Балалар суға түскен тасты алады, сүрткішпен сүртеді.
Тәрбиеші балалар назарын тақтада ілінге, жасалған тәжәрбие схемасы боынша қорытындыны балалардың өздері айтуына ұсыныс жасайды.
Тастардың салмағы, түсі, пішіні, көлемі әртүрлі болатынын анықтап, айтып дәлелдейді.
Қорытынды: Тәрбиеші балалардың әрқайсы сабақта белсенді болғанын айтып, ынталандрады.
( Ұсыныс: Сабақтың шаттық шеңберін және сергіту сәтін әркім өздігінше орналастыруына болады.)

   
Пікірлер1
  1. Райхан

    Эксперименттік түрде өтілген сабақтар балалардың қызығушылығын арттырады,тәрбиешінің іздегімпаздығына рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ