KAZ RUS

Әке тәрбиесі

   Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне аса бір сыни көзбен қараған. Бала  оң-солын тани бастасымен ата-ананың, достарының, араласатын ортасына қарап жеке тұлға қалыптасады. Ананың аялы алақанымен қатар әкенің де бала тәрбиесіне аса зор ықыласпен, айрықша ынта-жігерменат салысу керек. «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» демекші ер бала әкесінің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап еліктей бастайды. Сондықтан, мейлінше уақыт тауып, сәби кезінде түрлі ойындарды бірге ойнап, есейгенде баланың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, сырласар жақын досы бола білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Әке тәрбиесі

    Сын түзелмей, мін түзелмейді, сондықтан
әрдайым баласының игі істерімен жеткен табыстарын қолпаштап, шалыс басқан жері болса түзетіп, дұрыс бағыт-бағдар берсе, бала әкесін қажет кезде арқа сүйер тіреуіші, панасы екенін ұғынады.

балабақша циклограммасы

 Әке қадірін түсінетін, ақылы терең ана болса, балаларын үнемі әкелерін сыйлауға, құрметтеуге,қарсы сөз айтпауға үйретеді. Егер ата-ана арасында берек-бірлік болса, сол шаңырақтың түтіні де түзу шығып ,бірлігі мен ынтымағы жарасқан жанұя болатыны сөзсіз. Осындай отбасында  үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, парасаты мен пайымы жарасқан ұл-қыздар дүниеге келеді.  

  Әке мейірімін сезініп өскен жеткіншек ұрпақтың болашағыда жарқын болмақ. Сондықтан аяулы да абзал әкелер балаларыңызға әрдайым көңіл бөлуге, мейірім шапағаттарыңызбен қамқорлықтарыңызды көрсетуге тырысыңыздар. Тек сонда ғана елімізде шаңырағы биік, босағасы берік отбасылар саны толысар еді. Себебі ана мен бала әрдайым абзал әкелері мен асыл жарларынан айрықша қамқорлықты,  ерекше ілтипат сезімін күтеді.

Қарағанды қаласы.№34ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Гүлдана Саятқызы          

Пікірлер8
  1. Лиза

    Қазіргі қоғамдағы әке мен балалардың қарым қатынасына сай жазылған мақала екен

  2. Жанат Булекова

    Қазіргі таңда гендерлік саясат талқылануда. Сол саясаттың ең басты рөлі әке екені белгілі. Сіздің мақалаңызды оқи отырып, әкенің тәрбиесі мен баланың дамуынның артықшылықтары айтылғаны қуантты. Әлі күнге дейін әкеміздің тәрбиесі арқылы өз өзімізді тәрбиелеп келк жатқанымды жасырмаймын.

  3. Бану

    Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін. сайттарыңыз дами берсін

  4. Данагуль

    жақсы жазылған мақала екен!!!

  5. Бахтыгуль

    Əке туралы өте жақсы жазылған мақала.

  6. Дана

    Оте оте куштиии

  7. томирис

    Оте кушти. Керемет жазылган!!!

  8. Диана

    Маған Әке мен бала туралы шығарма керек еди өтінемін!!!!

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ