Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ертегілер әлемі.Бақшабай ата және оның балалары


ertegi-alemi

Муханбетова Раушан Төлепбергенқызы
Орал қаласы
№1 Орта жалпы білім беретін мектеп мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Күзгі қойылым .
Тақырыбы : «Бақшабай ата және оның балалары»
Мақсаты: Балаларды туған елдің табиғатына деген сүйіспеншілікке,қайырымдылыққа баулып, оның әсемдігін терең сезінуге, қамқор болуға тәрбиелеу.Күз мезгілінің ерекшеліктерін ажыратуға,бау-бақшаны күтіп, баптауға, қорғауға баулу.Балаларды еңбекке, адалдыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Қатысатындар: Бақшабай ата
Қияр
Қызанақ
Қарбыз
Қызылша
Пияз
Сәбіз
Бақшабай ата күн шықпастан бақшасына барып, күн ұясына қонар кезде көңілденіп қайтады. Оның Қызанақ, Сәбіз , Қызылша, Көк пияз атты қыздары, Қияр, Қарбыз атты ұлдары бар.
Күнде өздерін күтіп-баптап жүрген Бақшабай аталарын көргенде, оның ұл-қыздары да бойларын түзеп, қуаныштан жүздері бал- бұл жайнап, жайраң қағады.
Үш жыл бойы Жер-анадан нәр алған Бақшабай атаның ұл-қыздары күзгі тойға дайындалу үстінде. Әрқайсысының киген киімдері мен бет-жүздеріне сынай қараған Бақшабай ата :
– Ойпырым-ай, тақиясындағы үкісі желбіреген, беті алмадай қызарған, көйлегі гүлденіп, саптама етегі жарасқан Қызанақ қызымның сәні ерекше екен.
Қияр:- Қолымнан қаламым түспей, әр күнім еңбекпен өтіп, денемді дәнге толтырып, пісіп жетіліп, әрі сақтықтыда ұмытпаған ұлыңызға да бір көз салыңызшы.
Қарбыз: – Мен де жап-жасыл болып ер жетіп өстім. Жаныма жақындасаң, тәтті иісім мұрныңды қытықтайды. Біз туралы да бірдеңе десеңізші.
Атасы:-Еркем, сен –менің оң қанатымсың.
Қызылша:- Құлағымдағы сырғам сән беріп, жапырағым жылуын берген соң, адамзатқа дал болып, қан құрамын реттеп жүретін қызыңыздың сәлемін қабыл алыңыз.
Бауырларының алдына шығып, өз-өздерін көрсетіп, мақтау естіп жатқанын көрген Пияз ашулы түрмен:
-Көк ала көйлек киемін.
Дөңгеленіп билеймін
Көзден жасты ағызам
Атымды еске алғызам
Ата:- Сұлу қызым, ашуға бой алдырма Айналаңа достар жинай біл.
Сен- менің сүйікті, сүйкімді баламсың.
Қуанған Пияз билей жөнелді.
Сән-салтанаты жарасқан ұл-қыздар Бақшабай атасын айнала қоршап алып, өз- өнерлерімен таныстыра бастады. Сол сәтте біреудің қатты жөткірінген даусы шықты. Барлығы дауыс шыққын жаққа қарады.
Ештеңемен шаруасы жоқ Сәбіз жалғыз отыр екен. Бұларға күліп қарап қояды.
Ата: -Ау, Сәбіз, неге жалғыз отырсың? Жүріңдер , балаларым, бәріміз Сәбіздің қасына барайық. Көңілді кешімізді жалғастырайық.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қазақ халқының ұлттық ойындары
  • Түзету дамыту жұмыс «Қонжық»
  • Мұғалім – мәртебелі мамандық
  • Путешествие на Олимпийские игры
  • «Қолғап» ертегісі (балабақшада)

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Бахтыгуль 03.07.2019 күні 16:54 уақытында

    Өте жақсы жазылған.

    Жауап беру
  • Бека 13.02.2015 күні 14:52 уақытында

    Куштi- пуштi

    Жауап беру
  • LIZA 05.02.2015 күні 12:09 уақытында

    МАКАЛА ҰНАДЫ , ҚАЛАЙ КӨШІРМЕСІН ТОЛЫҚ АЛУҒА БОЛАДЫ?

    Жауап беру
  • adilbek 16.01.2015 күні 20:25 уақытында

    кушты унады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.