Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс


Психологиялық түзету- дамыту жұмыстың ойын жаттығулары арқылы берілуі: мінез-құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуы, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылуында қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтырудың қажеті жоқ, белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.

Мақсаты: Тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, тәрбиеленушілердің қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету.

Міндеттері:
1. Жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасау.
2. Психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтау
3. Әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты түзету- дамыту жұмыстың бағдарламасын жасау.

ерекше білім алуға мұқтаж балалармен жұмыс«Құс»
Түзету-дамыту мақсаты: Мазасыздану деңгейін азайту, танымдық қабілеттерін молайту, өзі-өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.
Әдістері мен технологиялар: әуен-терапия, изо терапия
Қажетті құралдар: ойыншық құс, магнитты тақта, магнит, «Құс»суреті, үн таспа, саусақ графикасына арналған бояу немесе тіс пастасына араластырылған гуашь, қағаз беттері, қағаз сулықтар, жұмсақ модульдер, үлкен ждұмсақ ойыншықтар.

Сабақ барысы

Амандасу. Жаттығу «Ұшқыш»
Балалар кілемшеде отырады. Психолог оларға ойыншық құсты беріп:
Бізге қонақ келді. Бұл кім? (Балалар жауап береді) қанекей барлығымыз құспен амандасайық және бір бірімізге күлімдейік (балалар тапсырманы орындайды). Енді өзімізге ынғайлы және кең болуы үшін барлығымыз жерге жатайық, көзімізді жұмайық (үн таспа қосылады.) Өздеріңді үлкен таулардың арасында жүргендей сезініңдер… Сендердің таудың ең биік шыңына жеткілерін келіп тұр… Кенеттен сендерге кішкентай қанаттар өсіп жатырғанын сезінесіңдер!… Әр секунд сайын қанаттарын үлкен әрі күштірек бола бастайды. Қанттарынды қозғап көріндерші…
Арқаларындағы қанаттарынмен қалай серуендеп жүргендерінді елестетіп көріңдерші…Ал енді өздерінді құс секілді ұша алатындарынды сезіндіңдер… Таудың биік шыңына ұшындаршы!
Сендер биік шыңға жеттіңдер!… Қанттарыңды кеңірек сермеп ауада қалықтаңдар… Сендер өте тамаша күйдесіңдер… Қайтатын уақыт болды, сендерді балабақшада күтіп отыр.
Жаймен төмендейміз… Жерге қондыңдар. Сендердің қанаттарың жоғалып кетті, бірақ биік шыңға көтерілгілерің келгенде қайтадан пайда болады (үнтаспа өшіріледі). Көздеріңді ашыңдар, не сезінгендеріңізді айтып беріндер. (балалар сезімдерімен бөліседі.)

Сурет әлемі

Үстелде бояу, қағаз беттері және сүлгілер жатыр. Психолог балаларға орындықтарға отыруға және жұмбақ шешуге ұсыныс білдіреді (құс туралы жұмбақ жасырылады)
Психолог магнитты тақтаға құстың суретін іледі, құс туралы әңгіме жүргізеді (дене мүшелері, қайда тұрады, немен қоректенеді, қыстайтын және қыстамайтын). Психолог сурет салу тәсілін көрсетеді және түсіндіреді: алақандарын бояуға батыру арқылы құстың бейнесін салады.
Қорытынды Суреттерді тамашалау.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • 5 саны мен цифры(ашық сабақ)
  • Тәуелсіздік тірегім
  • Ұстаз ұлағаты
  • Қош келдің, Әз Наурыз!
  • Қазақша портфолиолар топтамасына тапсырыс жасау

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Загира 14.11.2019 күні 03:26 уақытында

    Бул жерде ерекше билим алуды кажет ететин балалармен жумыс дегенге кызыгып окып шыгып ем, бирак бул барлык балаларга бирдей отилетин сабак жоспары сиякты. Менин тусинигим бойынша дарынды балаларды дамыту, оларды аныктау тасилдери кобирек енгизилгени керек еди.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.