Ағылшын тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары

Ағылшын тілі сабағында топтық жұмыс жасаудың артықшылығы жайында айтатын болсақ, бүгінгі таңда топтық жұмыс жасау оқу процесін күшейту және оңтайландыру үшін қолданылады, сонымен қатар тұлға аралық қарым қатынас құралдары айқын көрінсе, ал жеке жұмыс жасау кезеңінде: сөйлесу, жоғары сенім арту, өзара әсер, қолдау, оқушылардың қорларды тиімді пайдалануы, өзара көмек сияқты қарым қатынас байқалмайды.
Заманауи мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімінің алдына қойылатын маңызды тапсырманың бірі – шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету және мұғалімнің басқаруымен оқушылардың қарым-қатынасын максималды түрде белсенділікті қамтамасыз ету.
Білім алушылардың тілдік белсенділігін арттыру мақсатында ағылшын тілінің заманауи сабақтарында тиімділікті арттырудың бір жолы ретінде отанымызда және шетелде мойындаған «сыныпта топпен жұмыс жасау» әдісін қолданған жөн.
Топтық жұмыс жасау, шет тілі мұғаліміне сабақта “тілдік орта” құруға ықпал етеді, яғни шет тілінде сөйлеуге оқушыларды біршама жақындатады.
Ынтымақтастық оқытудың түрлі нұсқалары бар. Олардың бірі Student Team Learning (STL, топпен оқыту) болып табылады. Бұл оқыту нұсқаларының зерттемелерімен Джон Хопкинс университетінің ғалымдары айналыскан. Бұл университет басқа бірлескен оқыту нысандарының негізі мен түпкі тамыры болып табылады. STL тәсілінің мәні топтық мақсат құру. Ол барлық қатысушылар арасындағы өзара байланыспен аркашан ұштасып, топтың әрбір мүшесінің өзіндік жұмысын көздейді. Топтың жетістігіне ерекше назар аударылады.Оқушылар бірге оқып, ізденеді.

Ағылшын тілі

Әр топ мүшелерінің қажетті білімі болып, қажетті дағдыны қалыптастыруы керек. STL мынадай 3 ұстанымдармен қиысады:
А) «марапаттаулар»;
Б) әр оқушының дара(дербес) жауапкершілігі;
В) әрбір оқушының жетістікке жетуге теңдей мүмкіндіктері бар;
Өкінішке орай, топпен жұмыс ағылшын тілін үйрету практикасында әлі кең қолданысқа ие болған жоқ, мұны топтық қатынасты ұйымдастырудағы бірқатар қиындықтармен түсіндіруге болады, дәлірек айтсақ:
• Мұғалімнің іс-әрекетіне байланысты, ұйымдастырудағы қиындықтар:
а) топта білім алушылардың көп болуы, нәтижесінде, сыныптағы тәртіпсіздіктен қорқуы;
б) сынып бөлмелерінің икемсіздігі (жиһаздар орнын ауыстыру мен оқушылардың еркін жүріп-тұрудың мүмкін болмауы);
в) топпен жұмысты ұйымдастыру көп уақытты талап етеді (көп жағдайда бүкіл сабақ уақытын алып, мұғалім барлық топты қадағалап үлгермейді);
г) әдістемелік құралдар мен зерттеулердің жеткіліксіздігі (көбінесе үлестірме материалдарды мұғалімдердің өздері ойлап тауып, дайындайды, дегенмен, барлық мұғалімдер шығармашылық ізденіске даяр емес);
• Оқушылар іс-әрекетіне байланысты қиындықтар:
а) оқушылардың мұндай жұмыс түріне дайын еместігі (олар «мұғалім-оқушы» атты дәстүрлі қатынас түріне үйреніп қалған);
б) оқушылардың тілдік дайындық деңгейінің төмендігі, талқылау тапсырмасы кезінде оқушының ана тілін қолдануы;
в) топтық қатынас үдерісінде оқушының өз рөлін түсінбеуі;
г) оқушылардың өзгелердің көзінше шет тілінде сөйлеуге қорқуы, кейбір оқушылардың бір топта бір оқушылармен жұмыс жасағысы келмеуі (мысалы, қыздардың ұлдармен);
д) топпен жұмыста тәртіпсіз оқушылардың тапсырманы орындаудан қашу мүмкіндігі;
е) жұмыс жасау екпінінің әр түрлілігі (бір оқушы тапсырманы ерте орындап қойып, өзгелерге кедергі келтіре бастайды);

Осылайша, топтық жұмыстың табыстылығы мұғалімнің кәсіби және жеке қасиеттері мен оқушылардың бірге және келісе жұмыс жасауға деген ынтасы мен қабілетіне байланысты. Мұғалімдер мен оқушылар топпен жұмыс жасауға және топтық жұмысты ұйымдастыруға психологиялық тұрғыдан дайын болуы қажет. Басқаша айтқанда, оқушыларды алдымен топпен жұмыс жасауға үйрету үшін уақыт бөліп, тек содан соң ғана топпен шешуге арналған тапсырмаларды ұсыну керек.
Егер жұмыс алдында оқушылардың нақты түсінуі үшін, не істеу керектігін түсінуі үшін нақты бағыт сілтеп, жағымсыз салдарды (сыныптағы қосымша шу мен бірнеше оқушының бір уақытта сөйлеуі) төмендетуге болады. Тапсырмалар көп уақыт алмауы қажет, әйтпесе, оқушылардың іші пысып, шаршайды.
Топпен жұмысты ұйымдастыру үшін пайдалы ұсыныстар келтірейік:
Топта 5 оқушыдан артық болмауы керек (кеңесші рөлін атқаратын әр топта өте жақсы дайындалған ең болмағанда бір оқушы болуын қадағалау қажет)
Тапсырманы қысқа, анық және нақты түсіндіріңіз.
Біріге жұмыс жасауға дағдылану үшін оқушыларға уақыт керек, егер ол топтар ауыспалы құрамды болса, оларды асықтырмаған жөн.
Топпен жұмысты созудың қажеті жоқ. Тапсырма дайындау уақытын белгілеп, сол уақытты нақты қадағалаңыз. (оларға дайындалуға аз ғана уақыт беріп, шамалы уақыт өткен соң уақыттың таяп қалғанын ескерткен жөн, мысалы, 2 минут қалды деп)
Жұмыс басталған соң оған араласпаған дұрыс және қарым-қатынас барысында оқушыларға кедергі келтірмеңіз, тек қарым-қатынас үдерісіне кедергі келтіретін қателерге ғана мән беріңіз. Басқа қателерді өзіңізге жазып алып, алдағы уақытта ол қателермен қосымша жұмыс жасаңыз.
Топтық тапсырмаларды дайындау барысында, әр топ нені талқылап жатқанын бақылап жүріңіз, бірақ топтың қасында ұзақ уақыт бөгелмеңіз, себебі сіздің бақылауыңыз жұмысқа кедергі болуы мүмкін.
Тапсырманы түсіндіру, дайындау үдерісі, бақылау, топтық қатынастың қорытындысын шығару шет тілінде жүргізілуі тиіс. Тапсырманы уақытынан бұрын орындайтын оқушылар өзге топ оқушыларына кедергі келтірмеуі үшін, қосымша тапсырмалар дайындап қою қажет.
Әр топ мүшесінің ойын мұқият тыңдап шығыңыз.
Оқушылар жұмыс бағалап, өз ойыңызды айтыңыз. Қарым-қатынастағы ерекеше сәтті мерзімді баса айтып өтіңіз (дұрыс қолданылған тілдік материалдар(лексикалық толықтырулар, грамматикалық формалардың әр түрлілігі) ым-ишараның қолданылуы, эмоционалдық фон интонациясы), қателерді назарға алмаңыз.
Топтық жұмыс қатемен жұмыс тәсілімен аяқталады. Сыныптағы жағымды психологиялық климаттыи сақтау үшін, мұғалім қателерді ешкіме тура айтпай, жалпылай дұрыстағаны жөн. Оқушылар қатені оқу үдерісінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде қабылдауы керек. Мүмкіндігінше қателерді оқушылардың өздері дұрыстағаны абзал.
Бастауыш сыныптан бастап топтық жұмысты жоспарлауға болады. Бастауыш сыныптағы оқушыларды топтық жұмысқа үйрету үшін, жұмысты тиімді және бірге жасаудың «құпиясын» ашатын ескертпелер беру қажет.

Мысалы:
Есте сақтаңыз: топтық жұмыс – жарыс емес, бір-біріне көмек беру мен бір-бірін қолдауға негізделген, білімге деген ұмтылыс,

шет тілінен
Болуыңыз қажет:
• Сыпайы;
• Мейірімді;
• Ұйымшыл:
• Тәртіпті;
• Әдепті және сыныптастар жаңсақтығына сабырлы болыңыз;
Болмауңыз қажет:
• Ұрыспаңыз;
• Бір-біріңіздің сөзіңізді бөлмеңіз;
• Жолдастарыңыздың қателеріне қуанбаңыз:
• Уақытынан бұрын «дұрыс жауаптарына» қарамаңыз;
• Бір-біріңізбен даусыңызды көтеріп сөйлеспеңіз (сыныпта жалғыз емессіз)
С.С. Куклина бірлесіп жұмыс жасаудың түрлері жайлы өзінің мақаласында жазады:
Same-Different құрылымы. Мұғалім оқушыларға тілдік имитативті жағдаяттарды беріп, сөйлемдерді айтады. Мұғалім топты атайды, сосын оқушылар сөйлем жағдайға сәйкес келетіндігі немесе келмейтіндігі жайлы бірге жауап береді.
Think-Pair-Square-Share. Мұғалім жағдаят беріп, трансформациялық және репродуктивті тілдік жаттығулар беріліп, сөйлемдерді айтады. Оқушылар жауапты топта талқыдайды, негізі оны алдымен жеке ойласып, сосын жұппен ойласады, сонан соң топпен. Бір оқушы жауапты айтады.
Numbered Heads Together құрылымы. Мұғалім әр топ мүшесіне нөмер береді. Сосын жағдаят ұсынылып, орынына қою жаттығулары берілуі арқылы сұрақ койылады. Топ мүшелері жалпы жауап дайындайды. Мұғалім топ нөмерін айтады. Нөмері сәйкес келген оқұшы жауап береді.
Fact or u Guess the Fib құрылымы. Мұғалім орнына қою және репродуктивті жаттығулар беріледі. Тапсырманы орындағанда әр топ мүшесі сөйлемді айтады, егер ол ақиқатқа сай келмесе оны қайталайды.
Three-Step Interview u Outside-Inside Circle құрылымы. Мұғалім репродуктивті және трансформациялы жаттығулар дайындайды. Берілген құрылым сұрақтарды қайталауға арналған, ол сұхбат түрінде өтеді. Бірінші және үшінші оқушы екінші мен төртінші оқушыдан сұхбат алады, сонан соң орын алмасады, жаңа жұптар пайда болады.
Outside-Inside Circle құрылымы. Мұғалім аралас жаттығулар дайындайды. Өткен тақырып бойынша және жаңа тақырып тапсырмаларын араластыра жатттығулар дайындайды. Екі топтың оқушылары екі дөңгелек жасайды (бірі бірінің ішінде) және бір біріне қарама-қарсы тұрады. Қатысушылар бір біріне сұрақ қояды, және оны есте сақтауға тырысады, жұптарымен ауысады.
Pairs Check құрылымы. Бұл құрылымды әдетте грамматикалық материалдарды тусінгені жайлы бақылау үшін қолданады. Мұғалім оқушыларды ережемен таныстырады және жаттығу барысында қолдануларын сұрайды. Бірінші және үшінші оқушы тапсырманың бірінші сөйлемін орындайды, екінші және төртінші оқушы тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды. Сосын жұптар орындарын ауыстырады. Осылайша топ жаттығуды аяғына дейін орындайды.
Жоғарыда берілген топпен жұмыс жасау жұмыстары түрлі жағдайда және түрлі білім беруде қолданыла береді.
Топ жұмысын ұйымдастыру оқушылардың әрекетіне байланысты ұйымдастырылады. Н.М. Тупициананың “Топтық жұмысты ұйымдастыру технологиясы” атты мақаласында төмендегідей ұйымдастыру әрекеттерін көрсетеді:
Buzz Groups. Шағын топта бірнеше сикундтта жағдаят талқыланады, содан кейін сыныпта талқыланады, топ шешім қабылдайды.
Hearing. “Сарапшы” топтар берілген жағдаят талқыланады, бұл уақытта қалған оқушылар оларды тыңдайды, содан кейін топ ішінде талқылай отырады.
Fishbowl. Барлық қатысушылар дөңгелене отырып талқылауға кіріседі. Бірнеше қатысушылар бірнешеуі дөңгелек ортасына отырады. Дөңгелек ішіндегі мүшелер қалғандарын тыңдап содан кейін талқылауға шығады.
Network. Оқушылар 5-10 адамнан құралып топты құрайды. Оқытушы әр топқа бір шүйке жіп таратады. Талқылау барысында сөйлеуші қолына ұстай отырып өз пікірлерін айтып, содан кейін шүйке жіпті келесі қатысушыға жіпті жіберместен береді. Жіптің ұзындығына қарай топтың белсенділігін айқындауға болады.
Star. Бірнеше шағын топ жағдаятқа ортақ шешім іздейді. Бұл үшін әр топ сөйлеушіні сайлап, басқа топтарға талқылайды, содан кейін өз тобына қайта оралып барлық топ мүшелерімен ортақ шешім қабылдауға тырысады.
Топтық жұмыс түрлерінің бірі жоба әдісі. Білім беру жүйесінде 1920 жылдарда қолданыста. Жоба әдісі американдық педагог және философ Д.Дьюи, У. Килпатрик және Э. Коллинсстерге тиесілі.
Сонымен қатар, жоба әдісі теориялық және практикалық білімі үйлеседі.Қазіргі кезеңде бұл әдіс Е.С. Полат көмегімен өңделген және ұсынылған. Бұл әдіс қатысушуларға нақты жағдаят беріледі, оның шешімін табуы қажет және материалын, мысалы презентация немесе журнал түрінде дайындау керек. Егер жұмыс топта орындалса жоба шығармашылық түрде ұйымдастырылады.
Сонымен оқушыларды топпен оқыту:
-топтық оқыту оқушылардың тілді үйренуге ынталандырады, пәнді меңгеруде тұрақты белсенділікті қалыптастырады;
— сабақта топтық оқытуды енгізу оқушылардан белгілі бір даярлықты талап етеді, сондықтан топтық оқытуды ендірудің бастапқы кезеңінде оқушыларда бейімделу процессі жүзеге асырылады;
— бүкіл сабақтарда топтық оқытуды қолдану мүмкін емес сондықтан және мақсатқа сәйкес қолдануды жөнді деп есептейміз;
— топтық оқытуда ұжымдық ұмтылыстармен байланысты «бірге» оқытып, фронтальдық оқытудағыдай «қатар» оқытуды болдырмауды жүзеге асыру керек;
— оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында топтық оқыту арқылы топтық технологиясын қолдану әдістемесін барлық пәндер бойынша ендіру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.
2. astana-bilim.kz/files/…/janapedagogika.doc
3. Мектепте топтық жұмысты ұйымдастыру, Маденова Л.М. – магистр,оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Қазақстан
4. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педагогических вузов и системы повышения квалификации педагогических кадров / Сост. Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина, М.В. Моисеева, А.Е. Петров. — М.: Академия, 2000.
5. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001.
6. Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. М., 2002.
Разме46.46щено

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Анар

    Топтық жұмыс жақсы ұйвмдастырылса сабақта нәтижесін көрсетеді керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ