Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Эксперименттік сабақ«Табиғи тастар»


Ұйымдастырылган оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Мерзімі: 23.12.2015 жыл
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Табиғи тастар»
Мақсаты:Балаларға тастардың түрлерімен,құрылысымен таныстыру.
Білімділік:Балаларға тастардың адам өмірінде пайдасы көп екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениеті мен ой-қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: тас-камень,ауыр-тежолый,қатты-твердый,әртүрлі-разный.
Керекті құралдар: Әртүрлі табиғи
тастар,слайд,гуащь,қылқалам,салфетка,балға,шеге,пенопласт,стаканмен су.
Сөздік жұмыс:қатты,ауыр,үгітілмейді.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотвациялық-қозғаушылық «Жылулық» шеңбері
Қол ұстасып тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын шашайық
Жүректегі жылуды
Қонақтарға сыйлайық.
-Сәламатсіздар ма!-Здравствуйте!-Гуд монинг!
Өлеңді бірге айтып,ққимылдарды қайталап,жылулық сыйлайды.

Үш тілде сәлемдеседі.
Ұйымдастыру-іздестіру -Балалар,бгін сендермен «Табиғи тастар»аралына саяхатқа барайықшы.
-Саяхатқа немен баруға болады?
-Ендеше саяхатқа сиқырлы кілемшеге отырып,көзімізді жұмып ұшып отырмыз деп елестетейікші.
-Міне балалар,қараңдар біз
«табиғи тастар аралына» саяхатқа келдік.
-Балалар,бұл аралда неше түрлі тастар бар.
-Тастар-табиғаттың бір бөлшегі.
1-ші саяхатымыз өлі және тірі табиғатпен танысу.
-Ендеше осы тастарға байланысты слайд тамашалап көрейік.
(Балаларға слайд көрсету)
тастар туралы
-Балалар, мынау-өсімдіктер,жәндіктер,жануарлар-бұлар тірі табиғатқа жатады
.Ал мынау-таулар,тастар,сулар,өзен-көлдер,жұлдыздар,күн,ай-бұлар өлі табиғатқа жатады.
-Міне осыдан балалар,табиғат өлі және тірі табиғат болып 2 ге бөлінеді.
2-ші саяхатымыз: табиғи тастармен танысу.
-Қараңдаршы балалар,табиғи тастар аралында неше түрлі тастар бар екен.
-Мынау не?-Көмір.
-Көмірді не үшін пайдаланамыз?
-2.Мынау руда тасы-бұдан арнайы зауытта қорытып,темір алады. Бұл тас өзіміздің шахтадан шығарылады.(көрсету)
3.Мынау-өзен тастары-аквариум балықтары үшін керек.
4.Мынау –монша тастары-олар монша ішін жылытады ыстық пештің үстінде тұрады,үстіне су құйсаң,ыстық бу шығарады.
5.Мынау-ақ тас-оған ыстық су құйып қорытсаң,ол ізбеске айналады,онымен үйлерді әктеп сылаймыз.
-Сонымен қатар, тау тастары да әртүрлі қайрақ тастар да болады.
(Кәдімгі қайрақты көрсету)
Осы тастарға іс-тәжірбие жасау.
-Енді балалар,осы тастарға іс-тәірбие жасайықшы.
1. «Пипеткамен тасқа су тамызу»
-қане,балалар пипеткамен тасқа су тамызайықшы,тас суды сіңіріп алады ма екен көрейік.
-тамызған су сіңген жоқ, жерге ағып кетті.
-Ал салфеткаға суды тамызайықшы не болады екен?
-Суды сіңіріп алады.
-Ия балалар,тас қатты сондықтан су оған сіңбейді,жерге ағып кетеді.
2. «Тасқа шеге қағу»
-Енді балалар,келесі тәжірбиеміз тасқа шеге қағу.Тасқа шеге қағып көрейікші,тасқа шеге кірмейді,шеге майысып кетті.Өйткені тас қатты,шеге майысып кетеді.
3. «Суға тас пен пенопласты батыру»
-Мына суға пенопласты салып көріңдерші,не байқадыңдар?
-Пенопласт-жеңіл ол суға батпайды
-Енді тасты салып көріңдерші не байқадыңдар?
– тас ауыр,ол сға батып кетеді.
4. «Тастарды бір –біріне соғу»
-Балалар,тастарды бір-біріне соғып ұрайықшы, не байқадыңдар?
-От ұшқындары (искра) шығады.
-Яғни,ерте заманда адамдар сіріңке болмаған уақытта екі тасты бір-біріне ұрып от ұшқындарын алу арқылы отты жандырған.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ
Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп
Бір оңға,бір солға
Иілейік кел мұнда.
(Әннің ырғағымен орындау)
Тастарға сурет салу.
-Балалар,енді барлығымыз мына үстел үстінде дайын тұрған жұмыр тастарды әдемілеп әртүрлі өрнектер салайықшы.
(Ирек сызық,домалақ,гүл сияқты әртүрлі суреттер салу)
Ұшақпен,кілеммен,машинамен,поездпен,
-Кілемшеге отырып,көздерін жұмып,втастар аралына келеді. Көздерін ашады.
Слайдтағы суреттерді қайталайды.
Тірі және өлі табиғатты атайды.
Сұрақтарға жауап береді.
-Көмір.
-Отқа жағып үйді жылытамыз.
Тастармен танысады,не үшін керек екенін қайталап айтады.
-Қайрақты көріп тамашалайды.
жерге ағып кетті.
Суды сіңіріп алады.
-Шеге майысты,тас қатты.
-Пенопласт жеңіл ол суға батпайды.
-Тас ауыр суға батып кетеді.
-Тастарды бір-біріне соғады.
Қимылдарды қайталайды
Ирексызық,домалақ,гүл сияқты әртүрлі суреттер салады.
Рефлексивті-түзетушілік Қорыту -Балалар,бүгін сендермен қайда бардық?-«Табиғи тастар» аралында қандай тастармен таныстық?-Өлі және тірі табиғатқа нелер жататынын атайықшы?-Сендерге сабақ ұнады ма?Іс-тәжірбиені нелерге жасадық?
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау. -Табиғи тастар аралына саяхатқа бардық.

-Тастарға жасадық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Балалар өлі және тірі табиғатқа нелер жататнын,табиғи тастардың әртүрлі болатынын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Балалар тастарға іс-тәжірбие жасау арқылы оның қатты,әрі берік болатынын игерді.
Меңгерген дағдылары:Тастарға тәжірбие жасау арқылы оның құрамын,түрлерін меңгерді.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі
  • Ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс
  • Мен өз құқығымды білемін
  • Қосу және азайту
  • Сюжеттік сурет

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Бахтыгуль 03.07.2019 күні 17:28 уақытында

    Сабақ керемет жазылған. Тәжірибе жасауы ұнады.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.