Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

С с дыбысы мен әрпі


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімнің аты: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:  С с дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды  таныстыру. С сдыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Тәрбиелік: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

 Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, С с дыбысының баспа түрі,  текшелер,түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс:  Көркем әдебиет,

С дыбысы, С әріпі, С с дыбысы мен әрпі, сабақ жоспары

Іс -әрекет кезңдері Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І.Ұйымдастыру кезеңі:1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.

2) Зейіндерін сабаққа аудару.

Көңіл-күйлерін сұрау (смайликтер арқылы)

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

Дидақтикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: Балалар  «Б б» дыбысынан басталатын немесе сөз арасында «Б б» дыбысы бар  сөздерді айтады. Айтқан сөздерін буынға бөледі.

Балалар сабаққа дайындалып отырады.

 

 

 

Балалар белсенділік танытады.

Ұйымдастыру -ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»

Қыздар құлағына тағады – Сырға.
Қыздар қолына тағады – Сақина.
Уақытты көрсетеді – Сағат.
Сиырдан не алынады – Сүт.
Сызуға арналған құрал – Сызғыш.
Мектепте не оқимыз – Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз – Сөмке.

Кірді немен жуамыз – Сабын

Балалар шайнайды – Сағыз

-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

-Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.

Жұмбақ шешу:

Түсі суық ызғарлы

Аузында айыр тісі бар (жылан)

-Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?

-С-С-С-С

-Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?

-Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.

-Ең алдымен дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

 

-Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.

Мұғалім балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді.

-Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында) кездеседі. Мысалы: сүзбе, маса, троллейбус, автобус, Досымжан, Ерсұлтан, Диас, Сая, құс, сауысқан, саусақ,

Әліппе-дәптермен жұмыс

Әліппе-дәптердегі (суретке қарап) асық, сандық, күнбағыс  С с  дыбысы қай жерде келіп тұрғанын сұрау.

Асық, сандық, күнбағыс туралы түсініктеме беру.

Оқы: са, сана. сақ, со, сона, сал, дос, Айдос, Досан (сөздерді оқыту)

Жаз: -Балалар, енді  осы С с дыбысын көргілерің келе ме?

-Оны көру үшін дыбыс неге айналу керек?

-Әріпке қалай айналдырамыз?

С с әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

а) С с әрпін ayада жазу.

ә) С с  әрпін қолымен үстінен бастыру.

б) С с әрпін әліппе-дәптерге  жаздыру.

в)  Тақтаға жаздыру

Сергіту жаттығуларын жасату

Бала-бала, балақан

Қане қайсы алакан?

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

 

 

– Сырға.
– Сақина.
– Сағат.
– Сүт.
– Сызғыш.
– Сабақ.
– Сөмке.

– Сабын

– Сағыз
-С с

 

 

 

 

 

-Жылан

-ССССС

 

 

 

-дыбысты естиміз, айтамыз

-жазамыз, көреміз, айтамыз

 

-Дауыссыз дыбыс

 

 

 

 

 

Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, ойларын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үлгіге қарап жазады.

 

 

 

 

 

 

-Балалар қимылмен оындайды.

Кері байланыстылық-түзетушілік

 

ІҮ.Сабақты қорытындылау.Суретке қарап әңгіме құрау. (мұғалімнің көмегімен орындалады)

Балалар не істеді?           Диас не істеді?

Балалар гүлге су құйды.  Диас гүлге су құйды.

Ерсұлтан не әкеле жатыр?  Ерсұлтан су әкеле жатыр.

ҮІ. Оқушыларды мадақтау

 

 

-Балалар белсенділік танытады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:  С с дыбысы, әрпі мен танысады

Қандай түсініктерді  игерді:  С с дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында  кездеседі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:  Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Өскемен қаласы туралы сабақ «Қалам менің»
  • Үй жануарлары (тіл дамыту)
  • Бауырсақ ертегісі
  • Балабақша өз үйім
  • Сылдырлайды мөлдір су

Пікірлер 6 Пікір қосу

  • ЖАНСАЯ 01.12.2020 күні 01:03 уақытында

    Жоспары жақсы құрылған. Маған ұнады

    Жауап беру
  • Аймекен 25.09.2020 күні 14:59 уақытында

    Жоспар жақсы құрылған. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

    Жауап беру
  • Гулзира 15.04.2019 күні 13:19 уақытында

    1 сыныпқа Сауат ашу пәніне ҚМЖ жоспары ұнады. Сабақ кезеңдері мен тапсырмалыры дұрыс және қызықты. Кері байланыс сұрақ – жауап арқылы 1 сыныпта өте маңызды. Балалардың тілін, сөздік қорын дамытуға әсер тигізеді.

    Жауап беру
  • дана 12.02.2015 күні 01:05 уақытында

    мен поролмды умытып калдым

    Жауап беру
  • дана 10.02.2015 күні 22:01 уақытында

    скачать болама отте жаксы курылган

    Жауап беру
  • айсулу 20.09.2014 күні 16:09 уақытында

    Маган бұл сайт өте керек, жəне өте ұнады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.