1.3 Бастауыш сынып оқушыларының этностық өзіндік санасының дамуына этностық жаңсақ нанымдар мен «Мен-бейнесінің» әсері
Қазіргі таңда көптеген ғалымдар ұлттық мәселелердің терең әдіснамалық талдауын жасап, этностың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты эксперименттік-эмпирикалық зерттеулер жүргізіп, мәнін жан-жақты ашуда. Бірақ этностылықтың тұлғаның потенциалын арттырудағы рөлі терең зерттелмеген. Ең алдымен, осы өзекті тақырыптың теориялық жағына мән берейік.
Этностық өзіндік сана этностың маңызды анықтаушысы бола тұра, сонымен бірге, ұлттылықты сақтап қалудың бірден-бір көзі болып табылады. Тарихи даму барысында этностың тілі, жалпы территориясы, салт-дәстүрлері жойылуы немесе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Алайда этностық сана бар болғанда, этностық «біз» бейнесі ешқашан жойылмайды және ол сан алуан адамдарды белгілі бір ұлтқа біріктіреді.
Психологияның әр кезеңіндегі даму, қалыптасу тарихында сана мәселелері өзекті орын алып келеді. Оның қоғамдық қатынастағы еңбек барысы да қоғамдық сана ретінде дамуын, сөйтіп адам психикасының ерекше көрінісі болатындығын философиялық тұрғыдан түсіндіріп келеді. Белгілі кеңес психологы П.Я. Гальперин еңбектерінде сана адамның объективті дүниесін бейнелеп ғана қоймай, оны жаратады, жасайды деп тұжырымдайды [55].
Л.С. Выготский мен В. Джемс өз еңбектерінде, адам мәслелерін қарастыруда қай жағынан болмасын (әдіснамалық, заңдылықтық), сананы аттап өтуге болмайтындығын және адам өмірінде, оның адамзаттық болмысында негізгі рөл атқаратындығын айтқан. Себебі, адамның дүниедегі өзге тіршілік иелерінен айырмашылығы осында. Адам өзінің қандай да әрекеттер мен санадан тыс, өзіне аңғарылмайтын, бірақ сананың қызметімен жүзеге асыратын іс-әрекеттері негізінде ерешеленеді. Ендеше, әлі де болса сана қызметінің мүмкіндіктерін зерттеу, оларға ғылыми мән беру ғалымдар алдында негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстандық ғалымдар өзіндік сананың дамуында, әсіресе этностық өзіндік сана қайнар көзі жаңсақ нанымдар деген тұжырымды ұсынады. Сонымен қатар, оның әлеуметтік-психологиялық механизмдерін нақтылы анықтау көптеген нәтижеге жетізуі мүмкін. Себебі, ол «жаңсақ нанымдарды»- «жоққа сену», «ескішілдіктер» сияқты ұғымдар мен көзқарастар теңестіреді.
Психология ғылымында жаңсақ нанымдар нақты таптаурындарды қалыптастыратын және танымдық іс-әрекет пен қатынас барысына байланысты өзгермелі құбылыс. Мәселен, қазақ халқын жалқау, енжар халық деген түсінік бар. Бірақ қазақтың еңбекқорлығы, жасампаздығы нәтижесінің көрсеткіші ретінде тілдік байлығы, ой орамының ұшқырлығы, тіпті өзінің көшпенділік жағдайындағы ұлт ретінде сақталуы жоғарыдағы жаңсақ нанымдарды жоққа шығарып, керісінше көзқарастар туғызады. Жаңсақ нанымдардың өзгермелілігін мына мақалдан да көруге болады: «Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз; жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз». Ендеше, жаңсақ (ілкі) нанымдар- белгілі жағдайлардан туындайтын, танымдық іс-әрекет барысында өзгерістерге ұшырап, мінез-құлық таптаурындарының, бағыттың даму, қалыптасуына негіз болатын адамның оң немесе теріс көзқарастары, қатынасы, яғни өзіндік сана-сезімінің бастапқы көзі.
Бұрынғы кеңестік психологияда жаңсақ нанымдарды қарастырған И.С. Кон (Ескішілдік жаңсақ нанымдар психологиясы). Ол өзінің осы еңбегінде көптеген ғалымдардың (Б.Берельсон, Г.Стейнер, Д.Креч) еңбектерін талдай келіп, олардың жаңсақ нанымдарды белгілі этностық топқа, топ мүшесіне, нақтылы объектіге деген жауапкершілкі немесе ыңғайсыз, жағымсыз бағыты, қатынасының эмоциялық таптаурынданған, тұрақтанған көрінісі және өзгерту ықпалына берілмейтын құбылыс деген анықтамаларын көрсетеді. Сөйтіп, «жаңсақ нанымдар- адамдардың ішкі бағытынан туындайтын таптаурынданған сенімдерімен сипатталады және сол топтың нақтылы қасиетін тексеруге мүмкіндік бермейтін топқп немесе жеке индивидке деген жағымсыз, теріс бағыт деген анықтаманы қолданады..
Этностық жаңсақ нанымдардың пайда болуын И.С. Кон таптаурындар мен бағыт негізінен қарау қажеттігін және ондағы ұлттық мәдени құндылықтардың рөлін баса айтады. Бірақ, құндылықтар арқылы қарастырудың ғылыми зерттеу қиындығын да көрсеткен.
Этнос мәселесінің психологиялық жағын қарастыруда ұлттың өзіндік ерекшелігін, оның болмыс бітімін, жүріс-тұрыс ерекшелігін, тұрмыс санасының қалыптасу процесін көрсету өте қиын. Осыған байланысты этнопсихология басқа ғылымдармен (психология, әлеуметтік психология, этнография, мәдениеттану т.б.) сабақтаса отырып, ұлттық психологияның құрылымы мен ішкі мазмұнын қарастырады.
Этнос өз құндылықтарын динамикалық тұрғыда дамыта отырып, өз бойында белгілі психологиялық бағыт жүйелерін қалыптастырады. Бұл процесс ұлт өкілі- ұлттық тұлғаның этностық әлеуметтену процесінде жүзеге асады. Себебі, кез-келген тұлға өзініңі әлеуметтік ортасында белгілі әдет-дағдыларды, жүріс-тұрыс таптаурындарын арнаулы ережелер негізінде өз санасында қалыптастырады.
Ендеше тұлғаның өзіндік сана құрылымын нақытылы белгілеудің, оның пайда болу генезисін анықтаудың ұлт мәселелерін зерттеуде маңызы өте зор.
Этностық өзіндік сананың құрамына: ұлттық таптаурындар, ұлттық бағыт және этностық жаңсақ нанымдар кіреді.
Біріншіден, этностық жаңсақ нанымдар-әлеуметтік құбылыс. Адамның қоғамдағы орны және іс-әрекеті мәдени-әлеуметтік механизмдер ерекшеліктеріне байланысты.
Екіншіден, адамның жаңсақ нанымдары өзінің ішкі бағытымен тарихи және ұлттық кеңістікте бірдей мәнге ие.
Үшіншіден, әр әлеуметтік, жыныстық және жас ерекшеліктеріне байланысты болатын топ, қоғамдағы ұлт өздеріне тән жүріс-тұрыс ерекшеліктерін қоғамдық әлеуметтене отырып, иемденеді.
Этностық өзіндік сананы сөз етуде орыс тарихшысы, этнограф, географ, өзінің ғылыми зерттеулерінде ұлт мәселесін анықтауда «этнос» ұғымына талдау жасауды жөн көрген Л.Н. Гумелевтің этногенез және биосфера тұжырымдамаларына көңіл бөлу қажет [56]. Л.Н. Гумелев этносқа өзіне дейінгі берілген анықтамаларды талдай келіп, мына мәселелерді бөліп көрсетеді:
1) территориялық тұтастық адам баласына ортақ заңдылықтарға икемдейді;
2) кейбір этнографтар мен тарихшылар адам баласына тән феномендердің бәрін әлеуметтік деп қарастырады (анатомиясы мен физиологиясынан басқа);
3) Анторопогенездік процестерде қоғамдықтың тек табиғи (механикалық, физикалық және биологиялық) материаның қозғалыс механизмдерінде анықталады деп есептеген.
Өзіндік сананың генезисін анықтауда көптеген ғалымдардың пікірлері сәйкесіп отырады. И.С. Конның айтуынша, өзіндік сана-адамның алғашқы тегіне тән даму сатысы [57]. Яғни өзіндік сананың «Мен» бейнесіндегі тұрақтылығы мен сабақтастығын көрсететін фактор- даму деңгейінің күрделілігі.
Міне мұндай жағдайлар тұлғаның өзіндік бағалауы қалыптасуында басты мәселелердің бірі болып табылады. Әрине, автордың пікірімен келісе отырып, дегенмен тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері де белгілі бір дәрежеде рөлі ерекше екендігін атап өткен жөн.
М. Мид тұлғаны әлеуметтік өзара әрекеттестік аясында қарастырды. Ғалымның көзқарасы бойынша Мен-тұжырымдамасы үшін ең негізгі бағдар өзге адамның «Мені» болып табылады. Яғни, индивидтің өзі туралы өзгелердің ой-пікірлері. Жеке «Мен»-нің негізгі қайнары ретінде өзгелерден алатын ақпараттардан туындайтын кері байланыстың субъективті интерпретациясына ерекше ден қойды. Сонымен қатар, «айналы Мен» теориясын ұсынды. Оның пікірінше, өзгелерді бағалауы туралы тұлғаның елестетулері Мен- тұжырымдамасына мәнді ықпал етеді. «Айна-Мен» тұлғаның өзі мүше болып табылатын алғашқы топтармен өзара әрекеттесу негізінде туындайды [52].
Мақаланың басын оқу үшін мына сілтемені басыңыз!
Этнос мәселесінің психологиялық жағын қарастыруда ұлттың өзіндік ерекшелігін, оның болмыс бітімін, жүріс-тұрыс ерекшелігін, тұрмыс санасының қалыптасу процесін түрлі ғалымдар ұжырымдарымен салғастыра алған.. Этнопсихологияның басқа ғылымдармен (психология, әлеуметтік психология, этнография, мәдениеттану т.б.) сабақтаса отырып, ұлттық психологияның құрылымы мен ішкі мазмұнын қарастыратына дәлелдер келтірген.