Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Әжемнің ауылындағы наурыз


Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
Төрт түлік малды танып,күтуге тәрбиелеу.
Мерекелік ән, би арқылы көңіл күй ынтасын дамыту.
Кейіпкерлер: әже, жайылымда жүрген төрт түлік пен төлдері,
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Көктем келіп жер көгеріп,
Дала ғажап түрге енеді,
Ауламызда, бақшамызда,
Құлпырады,гүлденеді.

наурыз мерекесі туралыЖүргізуші: Балалар, құрметті қонақтар бүгінгі көктемнің мерекесі, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі Құтты болсын!
Наурыз күні тілеген тілектер қабыл болады екен, Сондықтан балалардың Наурыз лебіздерін тамашалайық!

1- Бала : Ақ мол болсын!
2-бала: Ұлыс Бақты болсын!
3-Бала:Төрт түлік ақты болсын!
4-бала: Қайда барсаң, жол болсын!

Жүргізуші: Наурызда біздің көңілді наурыз әнін шырқайық!

Наурыз әнін шырқап берейік!

Жүргізуші: Балалар, наурыз айы қазақтың жаңа жылы, жаңа күн деген ұғымды білдіреді.
Қараңдаршы, балалар тіпті қорадағы төлдер де өріске шығыпты.
Қане, атап берейікші, мынау ненің төлі? Қойдың төлін қалай атайды?

Балалар: Қошақан
Жүргізуші: Сиырдың төлін қалай атайды?
Балалар: Бұзау
Жүргізуші: -Тамаша, балалар, ал мынау тентек ешкінің төлін қалай атаймыз?
Балалар: -Лақ

Жүргізуші: – өте жақсы, төлдерді дұрыс атап бердіңдер!
Музыка әуенімен әже кіреді.
Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар!Келе жатқан наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже,Мерекеге хош келдіңіз, тө рлетіңіз!
Әже: Ұлыстың ұлы күні туралы балапандарым не біледі екенін байқап көрейін деп едім. Балапандарым айтыңдаршы,Мерекеде дастарханда қандай тағамдар қойылады?
Наурызда түрлі ұлттық ойындар ойналады
Балалар: Бауырсақ, құрт, кәмпит, талқан
Әже:Ой,балапандарым,дұрыс айтасыңдар!Тамаша!
Жүргізуші: Наурыздың гүлдері сияқты біздің қыздар наурыз шашу биін билегісі келеді.Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Би: Наурыз шашу
Жүргізуші: Әже, біз балалармен сіге Бауырсақ әнін орындап береміз.
Ән: Бауырсақ

Жүргізуші: Наурызда түрлі ұлттық ойындар ойналады, Кәне , балалар «Теңге алу » ойынын ойнайық!
Әже: Ойындарың тамаша екен!Ал мен енді сендерге қазақтың
«Бесікке бөлеу »салтын көрсеткім келеді.

Салт дәстүр Бесікке бөлеу

Әже: Өнерлерің тамаша,мен сүйсініп отырмын! Наурыз батамды сендерге арнаймын, Тілеген тілектерің орындалсын!

наурызға бата тілек.

Наурыздың қасиетті тағамы Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
( музыка әуенімен наурыз көже ұсынылады)

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тасбақаны бақылау
  • Әуе шарларының саяхаты
  • Бағдарламаны меңгеру деңгейін анықтау тапсырмалары
  • Қосу және азайту
  • Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Тогаева Гулжайна Қайратқызы 21.11.2020 күні 20:25 уақытында

    Шіркін Наурыз мерекесіне не жетсін. Әлемді жаулаған індет тезірек аяқталып, қалыпты қалпығымызға түссек, таяп келе жатқан, Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізер едік әттең. Бірақ әр істің қайыры бар дейді ғой. Алла қаласа мүмкін бәрі болар. Тақырыпқа келсек әжемнің ауылындағы марқа сарқа болып жүретін кездерді сағынамын. Тақырыпты оқыған сәтте,әжеммен бірге өткізген Наурыз мейрамдары есіме түсіп, көзіме жас келді. Әжем қазір бар. Бірақ алыста. Мен қазір оған бара алмаймын.

    Жауап беру
  • Куралай 10.05.2020 күні 18:53 уақытында

    Балаларға қазақтың ұлттық мейрамдарын қалай өткізетіне туралы, Наурыз туралы түсінікті бере алғанды қуантады. Өте жақсы. Таппақ айтқандары, ән айтқандары ұнады.

    Жауап беру
  • Айман 06.12.2019 күні 17:52 уақытында

    Балабақшада ең жақсы көретін ертеңгілігім- наурыз мерекесін тойлау. » Әжемнің ауылындағы наурыз» ертеңгілігіде солардың біреуі, бұл жерде салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар ойналады. Өте жақсы. Осындай ертеңгіліктер көп болғай. Авторға сәттілік, сайтқа рахмет

    Жауап беру
  • Булбул 05.04.2017 күні 11:22 уақытында

    наурыз мерекесін ұлықтау,,балабақшадан басталғаны құба-құп.Мектеп жасына дейінгі балалар наурыз мерекесі арқылы ұлттық бай мұрамен сусындайды.сәбилер тобындағы бұндай мерекелердің көптігі педагогтардың жұмыс жасауына септігін тигізеді.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.