Ата-аналармен шебер класс

Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және ата-аналардың балабақшадағы театрға деген қызығушылықтарын оятып, театрдың бала тәрбиесіндегі рөлін ұғындыру, балаларға қуаныш сыйлау.
Қатысушылар: «Жұлдызай» тобының ата – аналары.
Көрермендер: балалар, ата – аналар, педагог қызметкерлер.
Ұйымдастырушы: «Жұлдызай» тобының ІІ санатты тәрбиешісі Ж.М.Тасмуханова
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Ата-аналарды жинап, балабақшадағы театр туралы түсінік беру. Геометриялық пішіндерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Шебер класстың өтілу барысы қысқаша түсіндіріледі. Әр топтың жасырылған карточка суыру арқылы «Ертегілер елінде» мен «Көңілді шеберхана» бөліміне жұмыс түрі анықталады. Ата-аналарға дайындыққа бір апта уақыт беріледі.
Өтілу сценариі:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер! Бүгінгі «Театр қызықтары»
атты шебер классқа қош келдіңіздер!
Сөз балабақша меңгерушісі Калиева Мариям Казиқызына беріледі.
Жүргізуші: Шеберлік классты бастамас бұрын көңілімізді көтеріп, серігіп алайық.Ата-аналар ортаға шығып, көрермендер орнымыздан тұрып музыка әуенімен менің артымнан қимылдарды қайталаңыз. (Шетелдік Арам-зам-зам әніне қимылдайды, музыка тездеткен сайын қимыл да тездетеді. Барлығы орындарына жайғасады)
Жүргізуші: Мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

Ата-аналармен шебер класс
Балабақшада театр мен ертегі тығыз байланыста болады, олар бір-бірін толықтырады, мақсаты нәтижелі болады. Бүгінгі ата-аналармен жұмысымызда театрдің кейбір элементтерін тамашалайсыздар.
Ақылды ғып Әй-керімнің талайын,
Сөзін айтар ұлы ақын – Абайдың.
Жүрегіне іздеп жүрсең ғажайып,
Театрға кел, Ағайың! – дей,
«Театр қызықтары» атты шебер классты бастаймыз.
1. «Топ визиткасы»
Топтың аты, ұраны, топ мүшелерін таныстыру. (қатысушылар өз еркімен ұйымдастырады).
Бірінші топ: «Бірлік»
Екінші топ: «Қиял»
Үшінші топ: «Арман»
Жүргізуші: Ерте, ерте ертеде ешкі жүні бөртеде, «Балдырған» балабақшасында «Жұлдызай» тобы болыпты. Бұл топтағы балалар сондай сүйкімді, әдепті, ақылды екен. Ал олардың ата-аналары мейірімді, белсенді, білімді болғандарымен қатар бәрі ақын мен жазушы екен. Ендеше келесі бөлімде осы ақын жазушылардың шығарған ертегі кітапшаларын тамашалайық.
2. «Менің қиялымдағы ертегі»
Әр топ өздерінің қиялынан бір ертегі ойлап, кітапша (буклет, альбом т.б.) етіп шығарып қорғау керек. (қатысушылар еркімен)
Бірінші топ: «Бірлік»
Екінші топ: «Қиял»
Үшінші топ: «Арман»
Жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»-деп Абай атамыз айтқандай, ортаға «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Кударова Ақботаны «Ертегілер» әнімен шақырамыз.
(Топтар қойылым қоюға дайындалады)
3. «Ертегілер елінде»
Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген ертегіні сахналайды («Алтын жұмыртқа», «Үйшік», «Бауырсақ» ертегілері суырылды. Осы ертегілер желісімен қойылым қояды).
Бірінші топ: «Бірлік»
Екінші топ: «Қиял»
Үшінші топ: «Арман»
Жүргізуші: Балабақша театрында тек қойлым, көрініс қойып қана қоймайды, сонымен қатар әр қойылымға дайындалады, театр түріне байланысты ертегі кейіпкерлерін дайындайды. Бүгінгі шебер класстың соңғы бөлімінде біздің ата-аналарымыздың шеберліктерін тамашалаймыз.
4. «Көңілді шеберхана»
Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген заттардан ертегі кейіпкерлерін жасау керек. (Қатты түрлі түсті қағаздан, пласмас қасықтардан, шұлықтардан ертегі кейіпкерлерін жасау суырылды. Керекті заттарды ата – аналар өздерімен алып келеді, ертегі кейіпкерлерін жасап, ортаға шығып жасалу жолын түсіндіреді).
Бірінші топ: «Бірлік»
Екінші топ: «Қиял»
Үшінші топ: «Арман»
Жүргізуші: Шеберлік классымыздың соңғы бөлімі тәмамдалды. Қатысушыларға алғысымды Естеу Нүсіпбековтің «Аналарға арнау» өленінен үзінді оқып білдірсем деп едім. (Жүргізуші үзінді оқып тұрғанда, артына топтың балалары ән айтуға тұрады)
ана туралы өлең сөзі.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар , өздеріңізге бүлдіршіндеріңіз «Ақмамам» әнін орындап береді.Қабыл алыңыз. («Жұлдызай» тобы)
Сөз балабақша меңгерушісі Мариям Қазиқызына және әдіскер Тамара Даирқызына беріледі.
(Ата – аналарға алғыс хаттар ұсынады)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер! «Театр қызықтары» атта шеберлік класымызға ат салысып қатысқаңдарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Бекпенбетов Жаркынбек

    Шебер сыныпты жоспарлаудан бастап, бірізділік көрініс тапқан. Ата-аналармен жүргізілген әрбір жұмыс түрлерін өз тәжірибеме қолдансам да тиімді.

  2. Жадыра

    Шебер сынып бірізді әрі мазмұнды құрылған. Өз тәжірибемде қолданатын боламын

  3. Асель

    Тасмуханова ханымның ата анамен жүргізген мастер классын оқып қатысқым келіп кетті. Жаңа терминдер, жаңа мағлұматтар көп екен. Рахмет.

  4. Бальнур

    Мақала ұнады. Ата аналармен жұмыс жиі болып тұру керек. Ол кісілер мектеп өмірімен танысып, білулері керек

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ