«Ата-ана – Бала тәрбиесінің айнасы» тренинг

Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, отбасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, оң көңіл-күй тудыру, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: әсем әуен, ағаш, құм, тастар, ыдыс, құрастырғыштар

Өту барысы:
Ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе — ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз? тамыры ма әлде діңі ме әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлініп отырады.
Ал енді тамырды таңдаған ата-аналар бір бөлек, жапырақты таңдаған ата-аналар бір бөлек, дінді таңдаған ата-аналар бір бөлек әр үстелге жайғасып отырыңыздар.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар?
Сіздер не үшін жапырақты таңдадыңыздар?
Сіздер не үшін діңді таңдадыңыздар?
Соны тобыңызбен келісе отырып, бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғаңыздар (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Ата-аналарға арналған тренингСіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
Енді ата-аналар мына құрастырғышты пайдалана отырып, «тамыр тобы» — тамырды, «діңгек тобы» — діңгекті, «жапырақ тобы» — жапырақты құрастырып саламыз. (Музыкалық сүйемелдеу, құрастырғыш) Кейін 3 ата-ана бірігіп, бір ағаштың келбетін келтіреді.

«Иықтан жүк түсті» жаттығуы
Мақсаты: иық және арқа маңындағы психобұлшық еттік қысымды алып тастау. Омыртқаны тіктеуді бақылау мен сенімділік сезімі маңызды. 3 секунд қажет.
Жаттығуды тұрып не болмаса отырып орындауға болады. Барынша жоғары иықты көтеріп, терең тыныс алып, оларды артқа қарай бағыттап, төмен түсіру керек. Көңіл-күйіңіз қалай? Иықтан жүк түскендей болды ма? Сіздің келбетіңіз әрқашан осындай болсын.

«Өмір мәні» демонстрация
Сіздер үшін өмір мәні не? (ата-аналардың жауабы)
Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл – «Өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады).

Әке мен балаБала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтармен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады).

Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсендендіреді. Осы үлкен мақсаттарға жету үшін балаға кішкентай шағын көп мақсаттар көмектеседі, оларды жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізіледі (ыдысқа кішкентай тастар тасталынады).

Мысалы: белгілі маман иесі болу үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы қамқорлыққа алу үшін көңілдеріне қаяу түсірмей, құрметтеу, т.б. Осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себеленеді). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б.

Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе, үлкен, кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін.

— Сіздер үшін үлкен тастар не? Кішкентай тастар не? Ал құм не? Ойланып, осыларды жазып кетсеңіздер.
Адам «Өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос, сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Сондықтан да адамда айқын нақты мақсаттар болуы қажет, мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, мақсаттар соншылықты маңызды болып көрінбейді.
отбасындағы бала тәрбиесі.
«Бәріміз бірге» жаттығуы
Екі-үш ата-ана уақытша бөлмеден шыға тұрсын. Ал енді біз кез келген қазақтың белгілі мақалын еске түсірейік. Мысалы: «Оқу – инемен құдық қазғандай». Бұл мақалдың әрбір сөзін екі-үш ата-анадан бөліп алайық. Бәріміз бірге айтып көрейікші. Жақсы. Қазір сырттан ата-аналар кіргенде бәріміз бірге осылай бірлесе айтайық.
Сырттан кірген ата-аналарға мынандай нұсқау беріледі: «Біз қазақтың белгілі мақалын жасырдық. Сіздер әр адамның айтқан сөздерін тыңдап, естіген сөздерден мақал құрастыруларыңыз керек (бөлме ішіндегі ата-аналар бірдей уақытта өз сөздерін айтады, сырттан кірген ата-аналар жасырылған мақалды тауып алулары керек).
Бұл жаттығудан біздің күнделікті бала тәрбиелеуімізге қатысты қандай қорытынды шығаруға болады? (ата-аналар пікірі) Баланы күнде әңгімеге тартыңыз. Егер балаңыз басқа бір іс-әрекетпен айналысып жатқанда Сіз онымен сөйлессеңіз, балаңыз сізге толығымен көңіл бөлмей, жарты сөзіңізді тыңдамайды, сондықтан да сіздің сөздеріңіз елеусіз қалады. Көзбен контакт жасаңыз. Баланы кез келген уақытта тыңдауға дайын болыңыз.

«Біз бір ұжымбыз» жаттығуы
Ата-аналарға матадағы лабиринтпен дөңгелекті қозғалту тапсырмасы беріледі. Шарттары: тез финишке жету, сөйлеспеу.

Талдау:
Не қиын болды?
Бұл жаттығуда не маңызды?
Бұл жаттығу неге бағытталған?

«Ата-ананың психологиялық денсаулығы» семинар-тренинг >>

   
Пікірлер5
  1. Маржан

    мына тренингтен көп нарсе ұғындым рахмет

  2. Жанар

    Дұрыс, ата-аналарға тренинг бұл жауапкершілікті сезіндірудің тамаша тәсілі.

  3. Жансия

    Өте жақсы. Ата — аналармен жақсы жұмыс жүргізілген екен. Ата — аналармен өте қызықты жаттығулар өткізілген екен.

  4. Асель

    Өте керемет сайт маған қатты ұнады ата-аналармен жұмыстануға көптеген керек материалдар бар

  5. Аксана

    өте керемет тәрбиешілерге балаларға қолдануға тиімді дүние рахмет сіздерге

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ