Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ашық сабақ «Орманға саяхат»


Балалар  шаттық  шеңбер  жасап  амандасады

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шыту не керек?

Көңілді боп жүрейік – деп бір біріне тілек айту.

Тәрбиеші:Балалар менің қолымдағы ненің суреті?

Балалар: Жүрек

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане жүрегімізден шығатын жылы сөздер айтайықшы.

ашық сабақ, балабақшадаБалалар: Аспанымыз ашық болсын

Күніміз жарқын болсын

Еліміз тыныш болсын

Нанымыз көп болсын

Ата- анамыз аман болсын

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане осы айтқан жылы сөздерді апайларға сыйлайықшы.

Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, достықты, мейірімділікті

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Қыстың қандай айы?

Балалар: Ақпан айы

Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Қар жауады, боран болады, аяз соғады, күн мұздай болады, күн суытады, қыста аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, шанамен балабақшаға келеміз.

Ғажайып сәт

Есік қағылып ішке торғай келеді, аузына открытка қыстырып алған.

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді?

Балалар: Торғай

Тәрбиеші: Балалар торғайдың аузындағы открытканы алып қарайықшы, бұл открытка жәй открытка емес екен балалар, торғай бізді өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті.

Балалар торғаймен бірге серуендеуге барамыз ба?

Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп өтейік.Балалар мына жердің бәрі қалың қар екен  осы қарға құлап қалмай мына көпірден ақырындап өтейік.

Балалар мына қараңдаршы ақ тиіндар жаңғақтарды шашып кетіпті, осы жаңғақтарды мына корзинаға салып, жинап кетейік.

Енді балалар кішкене көңілімізді көтеріп сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Тәрбиеші: Балалар міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы

( мұрынмен демалу жаттығуларын жасату) Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Қоян

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоянның аузында хаты бар екен, алып оқимыз ба?Қоянға көмек керек шығар , мұңайып отырған сияқты.

Балалар: иә

Тәрбиеші: Балалар қоян, қасқыр туралы кім тақпақ біледі?

Ақ қоян- ау, ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян,

Қаша берсең орманға,

«Қорқағым» – деп ат қоям.   Мерей

 

Ұзын құлақ , сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы- қырлы жерлермен

Ытқып- ытқып жүгірді.         Мырза

 

Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.             Нұрсұлтан

 

Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар балалар. Өте тамаша. Балалар мына жерде міне біздің іздеген қасқырымыздың өзі де тұр екен.

Балалар: Қасқыр, қасқыр сен неге қоянның көжегін ұрлап кеттің? Көжекті жеп қойған жоқсың ба?

Қасқыр: жоқ жеген жоқпын. Балалар мыны конверттің ішінде менің сендерге дайындаған тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мен көжекті анасына қайтарып беремін.

Тәрбиеші: Балалар біздер қоян мен көжегіне көмектесеміз бе?

Балалар: иә

Олай болса қасқыр тапсырмаларыңды айт

1 -тапсырма: Жануарлардың үйлерінің түстерін, пішіндерін атаңдар  және  жыртық жерлерін жамаңдар

2- тапсырма: Жұмбақ жасырамын, жұмбақты шешіңдер

Сыбдыр шықса қашады

Сайдан бір- ақ асады      (Қоян)

 

Сұр түсті, ақсиған көп түсті  (Қасқыр)

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады     (Қар)

 

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ сурет салады көп    (Аяз)

 

Суда қалқиды

Жылыда балқиды    (Мұз)

 

3 -тапсырма: Балалар маған ойнайтын аққала жасап беріңдер

(Пенопластан жасаған аққаланы тақтаға жапсыру, балалар кім аққала туралы тақпақ айтады )

   Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала,

   Мұрны сәбіз үп-үшкір

                   Көзі көмір қап –қара.     Асылай

 4 -тапсырмасы: Дидактикалық ойын:

«Кім жылдам , дұрыс құрастырады?»

(Геометриялық пішіндерден шырша, үй, күн құрастыру)

Тәрбиеші: Балалар біз қасқырдың барлық тапсырмаларын орындаған сияқтымыз. Бізге қасқыр көжегімізді қайтаратын шығар.

Қасқыр: Жарайсыңдар балалар . Сендер менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Менде енді сөзімде тұрып , көжекті сендерге қайтарайын.

Көжек: Балалар сендерге көп- көп рахмет.Мен енді анамның қасынан шықпаймын. Сендер мені қасқырдан құтқару үшін түрлі тапсырмалар орындадыңдар. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының ақылды, тапқыр балаларының барына қуанып тұрмын.

Тәрбиеші: Міне,балалар сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Көжекке көп көмек көрсеттіңдер.Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды , енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау: Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық?

Орманнан не көрдіңдер?

Кімге көмектестіңдер?

Сендерге серуен ұнады ма?

Міне балалар «Қысқы ормандағы » саяхатымыз аяқталды. Келесі серуенге жаз шыққасын , жаздың табиғатын тамашалауға шығамыз.

Сау болыңыздар!

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • «Көңілді қыс» (балабақшада)
  • Мұрат- капитан. Б. Калистратов.
  • Тіл дамыту «Мысық және марғау.»
  • Орманға саяхат
  • Сөйлеу техникасына арналған тілдік жаттығулар

Пікірлер 10 Пікір қосу

  • Асел 27.04.2020 күні 15:11 уақытында

    «Орманға саяхат» атты сабақтың құрамы жақсы құрылған. Тәжірибе жасау арқылы балалардың да оқу қызметтеріне деген қызығушылықтары арта түсетіні сөзсіз. Көмек ретінде қолдануға болатын мақала.

    Жауап беру
  • Жаныл 23.01.2020 күні 18:55 уақытында

    «Орманға саяхат» ашық сабақ өте керемет жазылыпты. Сабақтарыма пайдаланатын болдым. Жақсы идеялар қосты.

    Жауап беру
  • Анель 26.11.2019 күні 20:13 уақытында

    Керемет дайын ашық сабақ! Тапсырмалары қандай керемет, балаларды адамгершілікке, ойлау қабілетін жақсы дамытады! Рахмет!!!

    Жауап беру
  • Газиза 28.10.2019 күні 15:53 уақытында

    Сабақтың құрылымы жақсы екен.тапсырмалармен балалардың қызығушылығын оята білген.Рахмет

    Жауап беру
  • Аиша 30.11.2018 күні 23:26 уақытында

    Сәлеметсіздер ме?Еркетай сайтында жарияланған «Орманға саяхат» атты сабағы тамаша жазылған. Балаларға айналып келіп ауызша сұрақ қоя бергеннен осындай орманға саяхат, ғарышқа саяхат жасау немесе табиғат құбылыстарына тәжірибе жасау арқылы балалардың да кез келген оқу қызметтеріне деген қызығушылықтары арта түсетіні сөзсіз. Соған қарай әр педагог оқу қызметтерін түсінікті әрі қызыты етіп ұйымдастыра білсе нұр үстіне нұр болады деп сенемін. Көмек ретінде қолдануға болатын мақала екен. Рахмет.

    Жауап беру
  • Бибіжан 26.04.2014 күні 19:02 уақытында

    керемет!тек алға!

    Жауап беру
  • Раушан 18.03.2014 күні 12:33 уақытында

    тамаша!

    Жауап беру
  • Раушан 18.03.2014 күні 12:32 уақытында

    сабақ ұнады!

    Жауап беру
  • Эльмира 08.03.2014 күні 17:02 уақытында

    Оте жаксы сабак.

    Жауап беру
  • Жұлдыз 08.03.2014 күні 13:33 уақытында

    сайттарыңыз жақсы екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.