Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Алғашқы менің сүйікті «Ұстазым»


Ұстаздық қызмет, үлкен міндет.«Ұстаз»-Құдіретті де, мәртебелі сөз.» Ұстаз» болу үшін- қайырымдылық пен батылдық іскерлік қажет. «Ұстаз» деген осы бір бес әріптің әрқайсысында өзіндік бір мағына бар. Ұлағатты,сабырлы,тәрбиелі,адамгершілікті,заңды білетін адам.Мектеп табалдырығын аттап, жәутеңдеп келген жас бүлдіршіндер алтын ұя мектептен білім аламыз деп асығып келеді. Сол сәттен бастап Ұстаз балалардың жарқын болашағына нұрлы қадам жасап, барлық жауапкершілікті өз мойына алады. Балаға саналы тәрбие мен сапалы білім беру Ұстаздың міндеті деп санаймын. Сол сияқты менің алғашқы ардақты

Ұстазым Кожахметова Сұлушаш Шұғайқызы өзінің қажырлы да сапалы еңбегімен Ұлағатты ұстаз атанып,құрметті зейнетке шықты. Мен алғаш рет мектепке келгенде, қолымнан жетектеп сыныпқа әкеліп партаға отырғызып,біздің білім алатын ордамыз- мектеп екенін түсіндіріп, мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатып, таныстырып көрсетті.Енді оқушы болдыңдар деген сәттен бастап мен өзімді жаңаша бір өмір бастағандай сезіндім.

Сұлушаш Шұғайқызының маған берген білімі өте ұғымды болды.Қай пән болмасын жақсы нақты түсіндірді.Өзі жан -жақты ізденіс жолында жүретін.Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаттарын мәртебелі өткізіп, райондық олимпиадаларға қатыстырып, әрқашанда жүлделі орында болатынмын. Менің кішкентай кезімдегі бар арманым- осы Сұлушаш Шұғайқызы сияқты мұғалім болу еді. Сол арманыма жетіп, осы ұстаздың бар қасиеті өз бойыма сіңіп, қазір мен де мектеп қабығасында19 жыл Ақмырза мектебінде мұғалім болып қызмет атқарып келемін.Мұғалім болу оңай емес екенін өз көзіммен көріп жүрмін.Әр мамандықтың өзі оңай емес. Бірақ сол қиындықты жеңіп, алдыма келген жас бүлдіршіндерге сапалы білім , саналы тәрбие беру менің міндетім деп сезінемін.

Мен 2″А» сыныбына сабақ беремін. Сыныбымда 11 оқушы бар. Балалар тәрбиелі,жан жақты ізденіс жолында жүретін оқушылар.Үздіктер мен екпінділер саны 9. Сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысып, өз өнерлерін аямай көрсете біледі. Конкрус, олимпиадаларға қатысып белсендлік танытады. Мен өз сыныбымды мақтаныш етіп, берген білімімнің айқын жеткеніне қуаныштымын. Ал өзімді үйреткен өзі сияқы тәрбиелеп, сапалы білім беріп, менің жарқын болашағыма нұр сепкен Сұлушаш Шұғайқызына мың да бір рахмет айтып, ол ұстазға зор денсаулық, қажымас қайрат,ұзақ ғұмыр, отбасына бірлік ынтымақ тілеймін!

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мамандықтың бәрі жақсы
  • Балабақшада баланың тілін дамыту
  • Ата-анамен балабақша бірлестігі (топ жиналысы)
  • Ата заңым айбыным
  • Сылдырлайды мөлдір су

комментария 7 Пікір қосу

  • Сейсен 27.09.2021 в 00:31

    Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы. Мақтаныш тұтар шәкіртеріміз көп болғай!

    Ответить
  • Айнур 20.04.2021 в 18:27

    Ұстаз мәңгі жүрегінде мейірлене сақталатын жанын бірі. Сондықтан мақаладағы тамаша ойларға қосыла, ұстаз келбетті жан болуы оқушының ойында ғана емес жүрегінде қалатын сыйлы тұлға болғаны абзал

    Ответить
  • Бибигул 06.02.2021 в 00:20

    Ұстаз деген ұлы ұғым

    Ответить
  • Тогаева Гулжайна Қайратқызы 21.11.2020 в 20:31

    Тақырып керемет. Тақырыпты оқыған сәтте ақ ұстазым есіме түсіп кетті ғой шіркін. Кіп-кішкентай бүлдіршін шағымызда бізді қолымыздан жетектеп, әліппе оқытып, білімге құштар қылған осы алғашқы ұстазымыз ғой. 1 сыныпта ештеңе білмеген сәттер өте қызық еді шіркін.

    Ответить
  • Молдир 06.11.2019 в 15:44

    Ұстазды сыйлап, еңбегін бағалайтын осындай шәкіртер көп болса шіркін.Жарайсың!

    Ответить
  • Әсем 01.11.2019 в 21:11

    Бұл арқылы балалар ұстазды құрметтеуге және ұмытпауға тырысады!

    Ответить
  • Бахтыгуль 03.07.2019 в 16:59

    Керемет жазылған.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.