Әдемі моншақ

Күні: 27.04.2018 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі : «Құрастыру»

Тақырыбы: «Моншақтарды тіземіз»

Мақсаты:

Білімділік:

Моншақ туралы білімдерін кеңейту. Моншақты сәндік бұйым ретінде пайдаланатын әшекей екенін түсіндіру. Шаршы, дөңгелек пішіндегі текшелерден моншақ құрастыру жолдарын үйрету.

Түзету – дамытушылық:

Түрлі пішіндегі текшелерді бауларға тізу арқылы, балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік:

Көркемдік талғампаздыққа, әсемдікке бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап , көрсету, түсіндіру, құрастыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: моншақ туралы саусақ ойынын жаттату.

Көрнекілігі: Моншақ суреттері, түрлі моншақтар, слайд, доп.

моншақ құрастыру

Сөздік жұмыс: Моншақ.

Билингвальді компонент: Моншақ – бусы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсің бе! Алтын күн.

Сәлеметсің бе! Жер – Ана.

Сәлеметсің бе! Құстар.

Сәлеметсің бе! Достар.

Сәлеметсің бе! Қонақтар.

Артикуляциялық жаттығулар:

«Ат шауып келеді»

Аузымызды кең ашып тілімізді таңдайға жабыстырып, таңдайымызды тақылдатамыз.

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз,ауызды ашамыз, жоғарғы ернімізді, сосын төменгі ернімізді, сосын айналдыра жалаймыз. 4 – 5рет қайталаймыз. «Сағат»

Жаттығуды сипаттау: жымиямыз, ауызымызды ашамыз. Жіңішке тілді кезекпен оң және сол езуге жеткізе қозғалтамыз.

Тіл өзін сәндеп болған соң, үйге қайтатын уақыт болды ма екен, сағатқа қарады.Кане біздің сағаттарымыз қалай жұмыс істеп тұр екен.

«Тәтті тосап»

Анам екеуміз құймақты қаймақпен және тәтті тосаппен жедік, тосап еріндерімізге жұғып қалды, кәне, ерніміздегі тосапты тілімізбен жалайық.

Сұрақ – жауап:

— Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?

— Көктем.

— Көктем айларын кім атап береді?

— Наурыз, сәуір, мамыр.

— Балалар, менің қолымдағы допты сендерге лақтырамын ал, сендер көктемде қандай өзгерістер болатынын айтасыңдар.

Балалар олай болса, біз сергіп алайық.

Сергіту сәті: (Бейнебаян)

«Аяқпенен топ – топ»

Балалар, бүгін біз тақырыбымыз не туралы болмақ екен, оны мына сыйқырлы қорапшаны ашып көрейік. Сыйқырлы қорапшадан әдемі моншақтар шығады. Бүгін біз әдемі моншақтарды тізіп үйренеміз.

Суретпен жұмыс:

— Балалар, қалай ойлайсыңдар моншақ бізге не үшін керек?

— Әсемдік үшін.

— Ал, моншақтарды кімдер тағады?

— Аналарымыз, әжелеріміз, қыздар тағады.

— Балалар, моншақты аналарымыз, әжелеріміз, қыздарымыз әсемдік үшін тағады. Моншақтар түрлі – түстісі, үлкен – кішісі, қолға тағатындары да болады.

* Ал, балалар моншақ сөзін буынға бөлейікші.

* Мон – шақ.

* Неше буыннан тұрады?

* Екі.

* Моншақ сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

* «М» дыбысы.

* «М» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба.

* Дауыссыз.

* «М» дыбысынан басталатын сөздерді атайықшы?

* Моншақ, мысық, машина.

* Ғажайып сәт:

(Әжей мен немересі келеді)

Әжей:

— Сәлеметсіңдер ме балақайлар!

Тәрбиеші:

— Сәлеметсіз бе әжей! Біздің тобымызға қош келдіңіз.

— Әжей қай жақтан келесіз?

Әжей:

* Немеремді алып жайлаудан келемін. Жолда немерем моншағын үзіп алды. Моншақтарды тағайын десем көзім көрмейді.

* Балалар, біз әжейдің немересіне моншағын тізіп береміз бе?

* Балалар: Ия.

* Олай болса, әжей сіз отырып демалыңыз. Біздің балалар моншақтарды тізіп береді.

Құрастыру әдіс – тәсілдері:

* Балалар, алдымыздағы түрлі – түсті пішіндегі текшелерден моншақтарды тіземіз. Моншақтарды тізу үшін бауларды пайдаланамыз. Ал, біз моншақ жасау үшін шаршы, дөңгелек пішіндегі текшелерді бауларға тіземіз.

* Жіпті екі саусақпен ұстап шаршы мен дөңгелекті кезек – кезек жіптерге тіземіз.

Балалар моншақтарды тізеді.

Саусақ ойыны:

«Моншақ»

Қызыл, сары, көк моншақ.

Әжем тізді көп моншақ.

Әжей:

Балапандарым, сендерге көптен көп рахмет! Менің немеремнің моншағын қайта тізіп бердіңдер. Өркендерің өссін!

Менің тағы да дорбам бар, ол жай дорба емес ғажайып дорба оның ішінде түрлі заттар бар дорбада не бар екенін тауып көріңдер.

Д/О: «Ғажайып дорба»

Мақсаты: Сипап сезу арқылы, балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Дорбаға әртүрлі материалдан жасалған заттарды салады, көзін жұмып дорбадан бір затты алып, не екенін сипаттап береді.

Әжей:

Ал, балаларым сендер алғыр, шапшаң екенсіңдер. Немеремнің моншағында тізіп бердіңдер. Біз енді аулымызға оралайық. Қош сау болыңдар!

Қорыту:

— Балалар, бізге қонаққа кімдер келді?

— Әжей мен немересі.

— Біз бүгін не құрастырып үйрендік?

— Моншақ.

— Моншақтарды қандай пішіндерден жасадық?

— Шаршы, дөңгелек.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Гульмира

    Көркем еңбек сабағында колдануга болатын ,мазмунды,жаксы курастырылган сабак.Керемет

  2. Ирода Ганишева

    Өте керемет дүние.
    сауатты түрде жазылған

  3. Сауле

    Моншақ сәндік бұйым екенін игереді. Көркемдік талғампаздыққа, әсемдікке бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге үйренеді.

  4. Лаура

    Бұл сабақтан көп әдіс- тәсілдерді үйренуге болады екен. Үлкен рахмет!

  5. Жанерке Ертайқызы

    Сабақ жоспары жақсы жасалынған екен.

  6. Лиза

    Бұл сценарий балабақшаға арналған ба?! Қай топқа? Біздің балалар жуан жіңішкені әлі білмейді

  7. Жанат Булекова

    Баланы еңбекке баулу мақсатында, бірінші түсінік қалыптастыру. Осы жұмысыңыз арқылы жүені қалыптастырғаныңыз үшін рақмет

  8. Куралай

    Сабақтың барысы, сергіту сәті өте жақсы таңдалған. Моншақ туралы түсінікті қалыптастырады.

  9. Нұржайна

    Мектепке дейінгі оқытуда балабақшаға таптырмас сабақтың бір түрі! Балаларды метеп даярлық топты осылай жоспарда көрсетілгендей тәрбиешілер оқытар болса, балапандардың болашағы жарқын болмақ

  10. Арнагүл

    Сабақ құрылымы жақсы кұрастырылдған екен. Бұл сайтқа бірінші рет кіруім, жақсы материалдар алуға болады екен. Ұстаздардың еңбегі жана берсін. Осындай мәнді сабақтар көбейе берсін.

  11. Гүлдана

    Моншақ бұл атам заманнан қалған ерекше бұйымғой қашанда ?

  12. Мустафина Шаттық Балтабайқызы

    Балаларда моншақ туралы білімдерін кеңейеді. Моншақ сәндік бұйым екенін игереді. Көркемдік талғампаздыққа, әсемдікке бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге үйренеді

  13. Женис

    Керемет

  14. Акерке

    Өте қажетті сабақ жоспары деп ойлаймын

  15. Асель

    Мектепалды даярлық тобына өте қажетті сабақ деп ойлаймын. Балаларды ойын арқылы түстерді,пішіндерді қайталау өте орынды деп есептеймін. Моншақты жіпке өткізу арқылы бала шыдамддылыққа, ептілікке үйренеді. Қарапайым өздері мерекелерге немесе туған күнге сыйлық жасауды үйренді. Сабақ өз деңгейінде жоспарланған деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ