Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

12-сәуір ғарышкерлер күні


Сабақтың тақырыбы: 12-сәуір ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.
Ой -өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

ғарышкерлер, ғарышкерлер туралы, ғарышкерлер күні,Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд. Сабақтың эпиграфы:
Туған жерді сүю -парыз,
Сүю үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
(Мұзафар Әлімбаев)

2-слайд. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы,ғарыш алыс па?

3-слайд. “Ғарыш деген ғажайып” (Аспан әлемі туралы түсінік)
Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған.Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ.Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбекткнді.Соның нәтижесінде 1957 жылы 4-қазан-да тұңғыш рет ғарышқа Жер серіктері ұшырылды. Содан бері ғарышқа көптеген Жер серіктері ұшырылды.Әрбір Жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар.Мысалы,олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылайды. Солардан алған хабар бойынша мамандар ауа райын дәл болжай алады.Ал енді біреулері алып мұхиттарда жүрген үлкен-үлкен кемелерді қадағалайды.Кемелер апатқа ұшырай қалса солардан шыққан белгіні қабылдап,оны жерге хабарлайды.

1971жылы шығарылған орбиталық станция «Салют» деп аталған.1986 жылы оның орнын «Мир» станциясы басты. 2000 жылы «Мир»-ды жаңа және өте үлкен Халықаралық ғарыш станциясы алмастырды.Әр елден ұшып келген ғарышкерлер қоныстанып, ұзақ уақыт бойы зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.

4-слайд.
Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа :
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
(Ұстаз шығармашылығынан)

5-слайд. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
(Ұстаз шығармашылығынан)

6-слайд. “Білсем деп өс жас ұлан”
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облы-сы,Қарқаралы ауданы «1- Май“ совхозында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиация училищесінде(1969ж.), Ұшқыш-сынақшылар мектебінде(1976ж.), Мәскеудің авиация институтында(1979ж.) ғарышкерлер даярлайтын орталықта(1991ж.) білім алған.
Ұшқыш-инженер, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымының докторы (1998ж.)Көкшетау Университетінің профессоры (1997 г.) Авиация генерал-майоры(1992 ж.наурыз) деген атақтардың иегері.

7-слайд.
Еңбек жолын Теміртау заводында темір жонушы болып баста-ған (1962-65ж.) Училищедегі оқуын аяқтағаннан кейін ұшқыш болып,звено меңгерушісі, авиация командирі қызметтерін атқарды.

8-слайд.
Совет Одағының Батыры(жаңа авияция техникасын сынау жолындағы ерлігі үшін)(1988ж.) Халыкқ қаһарманы (1995 ж.), СССР-дің еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы,СССР-дің ұшқыш-ғарышкері(1991ж.) және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері(1994ж.) Ленин орденінің, «Знак Почета», «Золотой крест» (1993 ж. Австрия), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері,Көкшетау қаласының құрметті азаматы атақтарына ие болған.

9-слайд. “Ғарыш және жарты ғасыр”
1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шық-қан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 51 жыл өткен екен екен.Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді.Солардың Ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар.Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған.Биыл ғарышкер Тоқтар ағала-рыңның ұшқанына 21 жыл толып отыр.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
Ал Талғат Мұсабаев ағаларың ғарышта 341 тәулік болып,оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес,ғарышқа үш рет ұшып барып,аман-есен туған жерге оралды.

10-слайд. “Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Өлең жазды ақындар,
Екеуіне арнап”

11-слайд. Қорытындылау:
1)Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961жылы 12-сәуірде «Восток » кемесімен Жер шарын неше рет айналып шықты?
2)Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ең алғашқы мамандығы қандай болған?
3)Ғарышқа ұшу аймағы қалай аталады?
4)Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?
5)Т.Әубәкіров қай қаланың құрметті азаматы?
12-слайд. Мақтанамын ерлігіңмен ағаларым! (Оқушылар өлең тақпақтарын арнайды)
13-слайд. “Сіздерден бізге бір тілек…” ( Келген қонақтар өз тілектерін айтады)

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Сабақ Менің отбасым
  • Сөйлеу техникасына арналған тілдік жаттығулар
  • Жас ұрпақ тәрбиесі-адамзаттың мәңгілік тақырыбы
  • Жаздың қызық күндері ай
  • Мен қазіргі заман педагогімін (эссе)

комментария 13 Пікір қосу

  • Аманкелді Жайлыханұлы 18.02.2020 в 09:37

    алдағы өткізілетін іс-шараға дайын материал.маған ұнады әрі осы дүниені өзімнің өткізетін іс-шарамда қолданамын)

    Ответить
  • Бахтыгуль Тогжанова 03.07.2019 в 16:11

    Эпиграфтағы Мұзафар Əлімбаевтың өлеңі мен жаңылтпашы, Ғарыш əлемін слайдпен көрсеткен кезде оқушыларға өте ұнады. Рақмет.

    Ответить
  • Асель 04.04.2019 в 15:27

    Сабақтың эпиграфы өте қатты ұнады. оқушыларыма міндетті түрде жаттатқызамын. «Аспан әлемі» туралы мәліметі де оқушыларға түсікті етіп жазылған екен.

    Ответить
  • Сисалиева Жадыра 09.04.2016 в 18:34

    Жарайсыз Мақпал апа!

    Ответить
  • адам 16.04.2014 в 10:00

    отинемин маган гарышкерлер кунине сурет тауып бериниздерши

    Ответить
  • Сағыныш 15.04.2014 в 20:18

    өтінем Ғарышкер боламын әнінің сөздерін тауып беріңіздерші

    Ответить
  • Дархан Сейтназаров 11.04.2014 в 11:32

    керемет екен

    Ответить
  • Ерсултан Дастанұлы 11.04.2014 в 09:57

    өте жақсы.. мен практикада жур ем.. ертен тарбие сағатын өтем. тақпақтарын алсам болама??

    Ответить
  • Сейдахмет Ираида 11.04.2014 в 09:57

    Керемет,маған ұнады

    Ответить
  • Ардак Биримжанова 08.04.2014 в 08:28

    1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
    1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
    1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
    1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
    1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
    1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
    1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
    1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
    2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
    2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
    2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
    2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
    2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
    Бұ Талғат Мұсабаевтың жетістігі

    Ответить
  • Самал 06.04.2014 в 19:46

    Өте керемет сабақ болған! Келешек ұрпаққа тәлім тәрбие бере алатындай мағына баршылық.

    Ответить
  • самиға 04.04.2014 в 12:01

    өте қатты ұнады

    Ответить
  • опппа 31.03.2014 в 17:22

    Ғарыш деген алыс екен,оған жеткенше ғасыр екен.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.