Назар аударыңыз! Термин сөздерді оңай әрі тез табу үшін төменде көрсетілген әріптерді пайдалансаңыз болады.
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ш Э Я
- — А —
- АББЕРАЦИЯ
- АБЛЕФАРИЯ
- АБОРТ
- АБСЦЕСС
- АГЕНЕЗИЯ
- АГИРИЯ
- АГЛОССИЯ
- АГНАТИЯ
- АГОНИЯ
- АГРАНУЛОЦИТ
- АВИТАМИНОЗ
- АДАМАНТИНОМА
- АДАПТАЦИЯ
- АДГЕЗИВНЫЙ
- АДГЕЗИЯ
- АДЕКВАТНЫЙ
- АДЕНИТ
- АДЕНОИДНЫЙ
- АДЕНОКАРЦИНОМА
- АДЕНОМА
- АДЕНОМИОЗ
- АДИНАМИЯ
- АДНЕКСИТ
- АЗОТЕМИЯ
- АКАНТОЗ
- АКАНТОЛИЗ
- АКРОМЕГАЛИЯ
- АЛГИД
- АЛЕЙКИЯ
- АЛИМЕНТАРНЫЙ
- АЛЛЕРГИЯ
- АЛЬБИНИЗМ
- АЛЬВЕОКОККОЗ
- АЛЬВЕОЛИТ
- АМЕЛИЯ
- АМЕНОРЕЯ
- АМИГДАЛИТ
- АМИЛОИД
- АМИЛОИДОЗ
- АМИТОЗ
- АМНИОН
- АМНИОНИТ
- АМНИОЦЕНТЕЗ
- АНАБИОЗ
- АНАПЛАЗИЯ
- АНАСАРКА
- АНАСТОМОЗ
- АНАСТОМОЗИТ
- АНГИНА
- АНГИОМА
- АНГИОСАРКОМА
- АНГИОСПАЗМ
- АНЕВРИЗМА
- АНЕМИЯ
- АНЕРГИЯ
- АНКИЛОЗ
- АНОМАЛИЯ
- АНОРХИЯ
- АНОФТАЛЬМ
- АНТАГОНИЗМ
- АНТЕНАТАЛЬНЫЙ ПЕРИОД
- АНТИГЕНЫ
- АНТИТЕЛА
- АНТРАКОЗ
- АНУРИЯ
- АНЭНЦЕФАЛИЯ
- АПЛАЗИЯ
- АПОПЛЕКСИЯ
- АПОСТЕМА
- АРАХНОДАКТИЛИЯ
- АППОЗИЦИОННЫЙ РОСТ
- АРАХНОИДИТ
- АРГИРОФИЛИЯ
- АРРОЗИЯ
- АРТЕФАКТ
- АРТРОЗ
- АСЕПТИЧЕСКИЙ
- АСТМА
- АСПЛЕНИЯ
- АСФИКСИЯ
- АСЦИТ
- АСЦИТ-ПЕРИТОНИТ
- АТЕЛЕКТАЗ
- АТЕРОСКЛЕРОЗ
- АТИПИЧЕСКИЙ
- АТРЕЗИЯ
- АТРИХОЗ
- АТРОФИЯ
- АУТОАНТИГЕНЫ
- АУТОАНТИТЕЛА
- АУТОИНФЕКЦИЯ
- АУТОЛИЗ
- АУТОПСИЯ
- АУТОФАГОСОМА
- АФТЫ
- АХЕЙЛИЯ
- АХОЛИЯ
- АХРОМАМИЛОИД
- АЦИДОФИЛИЯ
- АЭРОГЕННЫЙ
— А —
АББЕРАЦИЯ
(aberratio; aberrans ауытқу) АУЫТҚУ тканьдердің, ағзалардын, өзінің қалыпты қүрылысынан ауыткуы, өзгеруі. Мыс.: хромосомалар абберацийсы- хромосомалар құрылысындағы қалыптан тыс ауытқулар — олардың кейбір бөліктерінің үзіліп түсіи қайта жалғануы немесе қосарланып калуы және т. б.
АБЛЕФАРИЯ
(ablepharia; a — жоқ; blерһаron — қабақ) -ҚАБАҚСЫЗДЫҚ (қабақтың және көз саңылауынық болмауы).
АБОРТ
(abortus — түсік түсу)-ТҮСІК, жүктіліктің 28-апта- сына дейінгі аралықта іштегі баланың түсіп қалуы немесе арнайы алынуы. Мыс: өз-өзінен немесе медициналық, криминалдық жолмен түсік түсіру.
АБСЦЕСС
(abscessus; abscessia- бөліну, қопарылып түсу)- ІРІҢДІК, шекараланған іріңді кабыну. Созылмалы іріңдікте ірінді қабык дәнекер тканьді кабықпен алмасады. Мыс: өкпенің созылмалы іріңдігі.
АГЕНЕЗИЯ
(agenesia; a — жоқ; genesis- шығу тегі)- БОЛМАУ, бүтін ағзаның немесе оның бір бөлігінің тума жоқтығы.
АГИРИЯ
(agyria; a — жок., gyri cerebri — ми қатпарлары) — ми қыртыстарының тума болмауы.
АГЛОССИЯ
(aglossia; a — жок, glossa — тіл)-ТІЛСІЗДІҚ (тілсіз туылу), әдетте ол бет аймағындағы басқа да тума кемістіктермен бірге кездеседі.
АГНАТИЯ
(agnatia; a — жоқ, gnathos — жақ)-ЖАҚСЫЗДЫҚ, төменгі немесе жоғарғы жақтың болмауы, тума кемістік.
АГОНИЯ
(agonia — күрес) — ЖАНТАЛАС, организмнің өлім алдындағы халі ол бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін.
АГРАНУЛОЦИТ
(agranulocytus; a — жоқ, gronulum — түйіршік; cytos — клетка)-цитоплазмасында лейкоциттерге тән түйіршіктері жоқ лейкоциттер (лимфоциттер мен моноциттер).
АВИТАМИНОЗ
(avitaminosis; a — жоқ, vita — өмір, amin — бе- лок; osis — сырқат) — организмде витаминдердің жетіспеушілігі не- месе мүлдем болмауы нәтижесінде дамитын сырқаттар.
АДАМАНТИНОМА
(adamantinoma; грекше: adamantinos — өте қатты, болаттай берік; оma-ісік;)-тіс бастамаларынан (эмальды ағза қалдықтарынан) өсетін қатерсіз эпителийлі ісік.
АДАПТАЦИЯ
(adaptatio — бейімделу) — БЕЙІМДЕЛУ, организмнің сыртқы және ішкі орта әсерлеріне бейімделуі. Физиологиялық А. нәтижесінде организмнің әр түрлі әсерлерге (мыс.: оттегінің жетіспеуіне) қарсылығы күшейеді. Егер ұзақ әсер еткенде ауруға соқтырады.
АДГЕЗИВНЫЙ
(adhaesivus)- ЖАБЫСҚАҚ, жабысып қалушы. Мыс.: адгезивті (жабысқақ) плеврит плевра қабықтарынын бір-біріне жабысып қалуымен сипатталады.
АДГЕЗИЯ
(adhaesio — жабысып қалу)-ЖАБЫСУ. Мыс.: қан ұюы кезіндегі қан элементтерінің бір-біріне жабысуы.
АДЕКВАТНЫЙ
(adaequatus) — сәйкес, лайықты, барабар, тепе-тең. Мыс.: сыртқы әсерге сәйкес әрекет.
АДЕНИТ
(adenitis; aden — без; itis — қабыну) — лимфа бездерінің қабынуы, дұрысы лимфаденит. Мыс.: туберкулездік лимфаденит.
АДЕНОИДНЫЙ
(adenoides; aden — без; eidos — ұқсас) — құрылысы немесе қаттылығы бойынша безге ұқсас ткань.
АДЕНОКАРЦИНОМА
(adenocarcinoma; aden — без; carcinoma — қатерлі ісік) — безді эпителийден өсетін қатерлі ісік.
АДЕНОМА
(adenoma; aden — без; oma — ісік)-безі эггителийден өсетін қатерсіз ісік.
АДЕНОМИОЗ
(agenomyosis; aden-без; myos — ет)- эндометриоздың (төменді қараңыз) бір түрі, эндометрий тканінің жатырдың ет қабатында дамуы.
АДИНАМИЯ
(adynamia; a — жоқ, dynamis -күш)-ӘЛСІЗДІК- Мыс.: бүйрекүсті безінің сырқатына байланысты А. (Адиссон ауруы).
АДНЕКСИТ
(adnexitis; adnexa uteri — жатыр қосалқылары) жатыр қосалқыларының (аналық без және жатыр түтіктерінің) қабынуы. Син.: сальпингоофарит.
АЗОТЕМИЯ
(azotaemia; азот+haima — қан) қанда белок алмасуының бұзылуына байланысты құрамында азот бар заттардың (креатиннің индиканның, несеп қышқылының және т. б.) шектен тыс көбейіп кетуі. Әдетте бұл бүйрек ауруларының белгісі болып саналады.
АКАНТОЗ
(acanthosis; akantha тікен, osis — дерт, сырқат) — эпидермистің немесе шырышты қабықтар эпителийінің негізгі немесе түкті клеткаларының көбеюі нәтижесінде қалыңдап астындағы тканьдерге қарап созыла өсуі.
АКАНТОЛИЗ
(acantolisis;+ lysis — еру)-эпидермистің түкті қабатының дистрофиялық өзгеруі. Оның нәтижесінде клетка арасындағы көпіршелер жойылып, олардың бір-бірімен байланысы үзіледі.
АКРОМЕГАЛИЯ
(acromegalia; akros — шеткі, megalos — ірі) — қол, аяқ, беттің кейбір ішкі ағзалардың шамадан тыс ұлғайып кетуі. Бұл ересек кісілер ұшырайтын сырқат болып, гипофиздің өсу гармонын бөліп шығаратын эозинофилді аденомасына байланысты дамиды.
АЛГИД
(algid; algidus — салқын)-организмнің сусыздануы нәтижесінде (көбінесе холераға байланысты) дене қызуының төмендеуімен сипатталатын симптомокомплекс.
АЛЕЙКИЯ
(aleikia a — жоқ, leukos — ақ) — қанда лейкоциттердің өте аз болуымен немесе бүтіндей жоғалып кетуімен сипатталатын қан жасау жүйесінің сырқаты. Мыс.: алиментарлы-токсиндік А.
АЛИМЕНТАРНЫЙ
(лат. alimentarius — тамақтық)-тамақпен байланысты. Мыс.: бауырдың алиментарлы циррозы.
АЛЛЕРГИЯ
(allergia; alios — басқа; ergon — әсер)-организмнің кейбір аллергендерге сезімталдығының ерекше асып кетуі. Ол аллергиялық реакциялар (аллергиялық, шок, дәрілік аллергия және т. б.) түрінде көрінеді. Аллергендер әсерінде аллергиялық аурулар деген бір топ сырқаттар дамиды.
АЛЬБИНИЗМ
(albinisme; albus — ақ,)- меланин мөлшерінің өте аздығына байланысты терініқ, шаштың ағарып (бозарып) қалуымен сипатталатын тума патология.
АЛЬВЕОКОККОЗ
(alveococcosis)-синонимі: көп камералы эхинококкоз — хайуандардан адамға жұғатын паразиттер қоздыратын ауру. Көбінесе бауыр альвеококкозы дамиды.
АЛЬВЕОЛИТ
(alveolitis; лат. alveolus — шұңқырша, ұя) — екпенің тек альвеолаларының (көпіршіктерінің) қабынуымен сипатталатын бір топ ауру. Мыс.: өкпенің фиброзданушы альвеолиты.
АМЕЛИЯ
(amelia; a — жоқ, melos — дененің бір бөлігі, қол- аяк) қол-аяктың жоқтығымен сипатталатын тума кемістік.
АМЕНОРЕЯ
(amenorrhoea; a — жоқ, men — ай, rhoia — ағу) етеккірдің 6 айдан және одан көбірек болмауы.
АМИГДАЛИТ
— тонзилитті караңыз.
АМИЛОИД
(amyloidum; amylum — крахмал)-крахмалға ұқсас зат. Бұл ұғымды ғылымға алғаш рет К.Рокитанский кіргізген (1844). Оның амилоид деп аталуынын, себебі иод және күкірт қышқылы әсерінде осы зат крахмал тәрізді көк түске боялады (Р. Вирхов 1853).
АМИЛОИДОЗ
(amyloidosis; amylum — крахмал, eides — ұқсас, os — дерт, сырқат) — аралық тканьда күрделі белокты зат — амилоид — түзілуімен сипатталатын дәнекер тканьді қантамырлы дистрофия.
АМИТОЗ
(amitosis; a — жоқ; rnitos — бөліну) — клеткалардың бөлінбестен көбею жолы. Көбею ядролардың бөлінуімен жүреді, нәтижеде көпядролы клеткалар пайда болады.
АМНИОН
(amnion-ұрық қабығы)-қағанақ, ұрық айналасында пайда болатын қорғаушы қабык.
АМНИОНИТ
— ұрык қабығының қабынуы.
АМНИОЦЕНТЕЗ
(амнион+kentesis — тесу) — іштегі бала сырқатын анықтау үшін немесе жүктілікті тоқтату үшін қағанакты тесу (жару).
АНАБИОЗ
(грек. ana — кайта, кері; biosis — өмір) өмірдің ешбір сыртқы белгілері байқалмайтын, бірақ қайта тірілтуге болатын жағдайы.
АНАПЛАЗИЯ
(anaplasia; ana — кайта, кері plasia — жасалу, Құрылу)-КЕРІ ДАМУ жетілмеген, жас клеткалардың пайда бо- луы. Мыс.: анаплазиялық рак — өте жас клеткалардан түзілген, жетілмеген рак. Олардық морфологиясының өзгеруімен бір қатарда биологиялық, биохимиялық қасиеттері де өзгереді.
АНАСАРКА
(anasarca; ana — үстінде, үстінен, sarcos — ет) — ТЕРІ ШЕМЕНІ, ісіктік сұйықтыктың теріасты шеліне жиналып қалуы. Мыс.: жүректің созылмалы жетіспеушілігіндегі А.
АНАСТОМОЗ
(anastomosis)-ЖАЛҒАМА, екі қуысты ағзаны бір-біріне жалғау.
АНАСТОМОЗИТ
— осы бір-біріне жалғанған жердің қабынуы. Мыс.: ішек пен асқазан арасындағы жалғаманың қабынуы.
АНГИНА
(angina; angere — тұншықтыру)-БАСПА, жұтқыншақтағы лимфа бездерінің негізінен бадамша бездің қабынуы.
АНГИОМА
(angioma, angeion-тамыр; oma — ісік) — қан тамырларынан (гемангиома) немесе лимфа тамырларының (лимфан- гиома) өсетін қатерсіз ісік.
АНГИОСАРКОМА
(angiosarcoma; angion — тамыр+sarcoma — мезенхиманың қатерлі ісігі)-қан және лимфа тамырларынан өсетін қатерлі ісіктердің жалпы аты.
АНГИОСПАЗМ
(angiospasmus; angeion — тамыр, spasmos — қалшылдау, тарылу) — қан тамырларының тарылып қалуы. Ол ишемияға немесе инфарктқа соқтырады.
АНЕВРИЗМА
(aneurysma; aneuryno — кеңу)— БҰЛТИМА, қан тамырларының немесе жүрек қабырғасының кеңіп, бұлтиып туруы. Мьіс.: қолқа аневризмасы.
АНЕМИЯ
(anaemia; an — жоқ, haema — қан)- ҚАНАЗДЫК қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің азаюы. Мыс.: гемолиздік, токсиндік, гипохромды, қансыраудан болатын және т. б. А.
АНЕРГИЯ
(anergia; an — жоқ; ergon — әсер) организмнің әр түрлі әсерлерге сезімталдығының бүтіндей жойылуы, реактивтіктің жоқтығы.
АНКИЛОЗ
(ankylosis; ank-ylos — қисық, иілген)-буындардың қабынуы, дистрофиялық өзгерістер, жарақат нәтижесінде қимылдамай (бүгілмей) қалуы.
АНОМАЛИЯ
(anomalia — қалыптан ауытқу, бұрыс даму) — АУЫТҚУ. Мыс.: ұрық дамуындағы аномалиялар (ауытқулар) олар негізінен гендегі өзгерістерге хромосомалар мутациясына тәуелді болады.
АНОРХИЯ
(anorchia; an — жоқ; orchis — ен)-еннің екіжақты болмауы.
АНОФТАЛЬМ
(anophthalmus; an — жоқ, ophthalmos-көз) — бір немесе екі көз алмасының бірдей жоқ болуымен сипатталатын тума кемістік.
АНТАГОНИЗМ
(грек. antagonisma — күрес, бәсекелесу) — қарама-қарсылык, қайшылық. Мыс.: витаминдердің, дәрі-дәрмектердің бір-біріне қайшылығы, бірге колдануға болмайтындығы.
АНТЕНАТАЛЬНЫЙ ПЕРИОД
(ante-; алдында, одан бұрын; natus — туылу)-ұрықтың пайда болуынан бастап баланың туылуына дейінгі кезең.
АНТИГЕНЫ
(antigen; anti — қарсы; genes — тудырушы)-антигендер, иммундық жүйені қоздырып оларда иммундық жауап пайда болуына себеп болатын жоғары молекулалы заттар.
АНТИТЕЛА
(anti — қарсы)-АНТИДЕНЕЛЕР организмге антигендер түскенде иммунды жүйеде пайда болатын белокты заттар (иммунды глобулиндер).
АНТРАКОЗ
(anthracosis; anthrax — көмір, os — сырқат, дерт) — таскөмір шаңын жұтканда пайда болатын пневмокониоз; таскөмір шаңдарының ағзалар мен тканьдарға шөгіп қалуы.
АНУРИЯ
(anuria; an — жоқ,uron — несеп) — несептің бөлініп шықпауы. Ол бүйрек ауруларында, шок халінде және т. б. жағдайларда кездеседі.
АНЭНЦЕФАЛИЯ
(anencephalia; an — жоқ, encephalon — ми) — үлкен мидың немесе оның бір бөлігінің жоқтығымен сипатталатын тума кемістік.
АПЛАЗИЯ
(aplasia; a — жоқ; plaseo — түземін, жасаймын) — ДАМЫМАУ, кейбір ағзалардың іштей дамымай қалуы немесе олардың тек ұрықтық кезеңге тән қалдықтарының сақталып қалуы.
АПОПЛЕКСИЯ
(ароріехіа; грек.- соққыға жығу) -тез пайда болған қан құйылу салдарынан ағза қызметінің кенеттен бұзылуы. Мыс.: ми апоплексиясы, аналық без апоплексиясы.
АПОСТЕМА
(apostema),- іріңді. Мыс.: апостематозды (іріңді) нефрит. Көбінесе бұл бүйректің сепсиске тән өзгерісі. Іріңді ошақтарда бактерия себінділері табылады.
АРАХНОДАКТИЛИЯ
(arachnodactylia) — бармақтардың өрмекші аяқтарына ұқсап ұзын болуымен сипатталатын тума кемістік.
АППОЗИЦИОННЫЙ РОСТ
(appositio — қабаттасу) — аппозициялық өсу. Мыс.: ісіктік аппозициялық яғни айналасындағы тканьдар есебінен өсуі.
АРАХНОИДИТ
(arachnoiditis; arachne — өрмекші, eides — ұқcac; itis — қабыну) — мидың жұмсақ торлы (арахноидты) кабығының қабынуы. Мыс.: жарақаттан кейін дамыған А.
АРГИРОФИЛИЯ
(argyrophilia; argyros — күміс; philia — сүйіспеншілік) — клетканың тканьның кейбір құрылымдарының күмістің азотқышқылды тұздарынан күміс металын ажырата (түзе) алу қабілеті, оның шөгіп қалған жері микроскопта қара реңде көрінеді. Мыс.: нейрофибрилдерде.
АРРОЗИЯ
(arrosia; arrosus — ойылып кету) — ОЙЫЛУ, ЖЕЛІНУ. Мыс.: қатерлі ісіктің өсуіне байланысты немесе асқазан жарасының түбіндегі қан тамырлары қабырғасының ойылып, желініп кетуі, соның нәтижесінде қан ағу
АРТЕФАКТ
(artefactum; art — искусство, facere — істеу) — ЖАСАНДЫ ӨЗГЕРІС. Мыс.: ткань кесінділерін бояғанда оның құрамында пайда болатын және микроскопта көрінетін жасанды заттар. Олар зерттеу ісіндегі қателіктерге соқтыруы ықтимал.
АРТРОЗ
(arthrosis; arthon-буын; os — дерт, сырқат)-негізінде буындык шеміршектің дистрофиялық өзгерістері жататын, оның жұқарып ыдырауымен және астындағы сүйектердің жалаңаштанып (ашылып) қалуымен сипатталатын буын ауруы.
АСЕПТИЧЕСКИЙ
(a- жоқ, septicos — шірітуші)-ЗАРАРСЫЗДАНҒАН, асептика талабына сай.
АСТМА
(asthma)- бронх саңылауының жедел тарылып қалуына немесе жүректің (әсіресе сол қарыншаның жетіспеушілігіне байланысты дамитын демікпе (булығу, тұншығу). Біріншісі бронх демікпесі, екіншісі жүрек демікпесі.
АСПЛЕНИЯ
(asplenia; a — жоқ, splen — талақ)- КӨКБАУЫРДЫҢ тума жоқтығы.
АСФИКСИЯ
(asphixia; a — жоқ; sphygmos — пульс) — ТҰНШЫҒУ; тыныс алу қиындағанда оттегінің өкпеге түспеуі.
АСЦИТ
(ascites; askites — жел үрлеген местей) — ІШ ШЕМЕНІ, сұйықтықтың құрсақ қуына жиналып қалуы.
АСЦИТ-ПЕРИТОНИТ
(ascites — peritonitis) — асцитке байланысты дамитын перитонит. Мыс.: құрсақ қабырғасын тескенде оған инфекцияның түсуі нәтижесінде.
АТЕЛЕКТАЗ
(atelectas; atele — орындалмаған; ectasia — созылу)-өкпенің солып қалуы. Өкпе көпіршіктеріне, ауаның өтпеуі немесе өкпенің сырттан басылуы нәтижесінде оның солып қалып, көкірек қуысын толтыра алмауы. Ателектаз толық немесе жартылай (дистелектаз) болуы мүмкін.
АТЕРОСКЛЕРОЗ
(atherosclerosis; athere — ботқа тәрізді зат; sclerosis — қатаю) — организмде май, белок алмасуының бұзылуымен, осыған байланысты ірі қан тамырларының ішкі қабатына, май заттарының шөгіп қалуымен, дәнекер тканьнін, өсіп кетуімен және оның әктенуімен сипатталатын сырқат. Мыс.: жүрек қан тамырларының атеросклерозы жүректің ишемиялық ауруының негізі болады.
АТИПИЧЕСКИЙ
(atypicus; а — жок, typikos — үлгілі, өнегелі)-атипиялық, қалыптан тыс. Мыс.: атипиялық клеткалар ісіктерге тән.
АТРЕЗИЯ
(atresia; a — жоқ, tresis — саңылау)-САҢЫЛАУСЫЗДЫҚ (атрезия)-табиғи саңылаулардың тума кемістіктерге байланысты болмауы немесе бітіп кетуі. Мыс.: өңеш артезиясы.
АТРИХОЗ
(atrixos; a — жоқ, trix — шаш, жүн)-ЖҮНСІЗДІК. Мыс.: теріде түктердің болмауы.
АТРОФИЯ
(atrophia; a — жоқ, tropha — қорек)-СЕМУ. Атрофия клеткалардың, тканьдардың және ағзалардың кішірейуімен және олардың қызметінің төмендеуімен сипатталады. Сему өмір жастық (физиологиялық) және әр түрлі дертке байланысты (патологиялық) болып екі топка бөлінеді. Ол жергілікті немесе жалпы болуы да мүмкін.
АУТОАНТИГЕНЫ
— аутоантигендер, -организмнің өзінің меншікті антигендері, әр түрлі биологиялық, физикалық және химиялық әсерлер нәтижесінде қалыпты тканьдардан пайда болатын антигендер.
АУТОАНТИТЕЛА
— АУТОАНТИДЕНЕЛЕР, аутоантигендерге қарсы пайда болатын антиденелер.
АУТОИНФЕКЦИЯ
— организмнің өзіндегі шартты патогенді микроорганизмдер қоздыратын аурулар.
АУТОЛИЗ
(autolysis; autos — өзі, lysis — еру, еріту) — клеткалар мен тканьдардың гидролиздеуші ферменттер әсерінде ыдырауы.
АУТОПСИЯ
(autopsia; autos -өзі; opsis — көру, яғни өз көзімен көру) — мүрдені жарып көру. Ауру өлімінің себептерін, пайда болған өзгерістер сипатын және жүргізілген ем-домның дұрыстығын анықтау үшін қолданылатын әдіс. .
АУТОФАГОСОМА
(autophagosama; autos- өзі, phagein — обу, soma — тән) — құрамында әр түрлі дәрежеде ыдыраған клетка органеллалары бар лизосомалар.
АФТЫ
(aphthae — ауыз қуысының жаралануы, күлбіреуі)- КҮЛБІРЕУІКТЕР, ауыз шырышты қабығында беткей некроз нәтижесінде пайда болатын сары сұр түстегі домалақ жалақтар немесе айналасы қып-қызыл кішкентай жаралар. Мыс.: мерездегі күлбіреуіктер, ол мерездің екіншілік кезеңінде дамиды.
АХЕЙЛИЯ
(acheilia; a — жоқ, cheilos — ерін) — ЕРІНСІЗДІК, бір немесе екі еріннің де жоқтығымен сипатталатын тума кемістік.
АХОЛИЯ
(acholia; a — жоқ, сһоlе — өт)-өттің ішекке түспеуі. Бұл жағдай өттасы сырқатында, өт жолдарының ісіктерінде кездеседі.
АХРОМАМИЛОИД
(achromamyloidum; a — жоқ, chroma — бояу+амилоид)-РЕҢСІЗ АМИЛОИД, амилоидтық оны анықтаушы арнайы бояулармен (мыс.: қызыл конгомен) боялмайтын түрі.
АЦИДОФИЛИЯ
(acidus — қышқыл, рһіlіа — сүйіспеншілік, бейімділік) — син, оксифилия, тканьдардың қышқыл бояулармен (эозин, қышқыл фуксин) қызыл реңге боялуы.
АЭРОГЕННЫЙ
(aerogenesus; aer-ауа, genesis -шығу тегі)- ауа арқылы берілетін, тыныс жолдары арқылы дамитын. Мыс.: аэрогенді (ауа арқылы берілетін) инфекциялар.
САЙТТАРЫНЫЗ ТҰНЫП ТҰРҒАН БАЙЛЫҚҚОЙ КӨП РАХМЕТ КЕЗЕГІМЕН КАРАП ОКЫП ШЫГЫП ЖАТЫРМЫН