Паталогиялық анатомия сөздігі «Е, Ж, З, И, К»

денсаулық тақырыбындағы термин сөздер

Назар аударыңыз! Термин сөздерді оңай әрі тез табу үшін төменде көрсетілген әріптерді пайдалансаңыз болады.

А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ш Э Я

Мазмұны
  1. — Е —
  2. ЕВНУХОИДИЗМ
  3. ЕВСТАХИИТ
  4. ЕЮНОСТОМА
  5. — Ж —
  6. ЖЕЛТУХА
  7. ЖЕЛЧНОКАМЕННАЯ БОЛЕЗНЬ
  8. ЖЕЛЧНЫЕ КАМНИ
  9. ЖИРОВОСК
  10. ЖИРОВЫЕ НЕКРОЗЫ
  11. — З —
  12. ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ
  13. ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ
  14. ЗАРОДЫШ
  15. ЗЕРНИСТЫЕ ШАРЫ
  16. ЗИГОТА
  17. ЗОБ, СТРУМА
  18. ЗОБ ЯИЧНИКОВЫЙ
  19. — И —
  20. ИДИОПАТИЧЕСКИЙ
  21. ИДИОСИНКРАЗИЯ
  22. ИЗОМОРФНЫЙ
  23. ИЛЕИТ
  24. ИЛЕОСТОМА
  25. ИЛЕОТИФ
  26. ИЛЕУС
  27. ИЛЕУС МЕКОНИАЛЬНЫЙ
  28. ИМБИБИЦИЯ
  29. ИММУНИТЕТ
  30. ИММУНОГИСТОХИМИЧЕСКИЙ МЕТОД
  31. ИММУНОДЕФИЦИТНОЕ СОСТОЯНИЕ
  32. ИММУНОКОМПОТЕНТНАЯ ТКАНЬ
  33. ИММУНОМОРФОЛОГИЯ
  34. ИММУНОПАТОЛОГИЯ
  35. ИММУНОФЛЮРЕСЦЕНЦИЯ
  36. ИМПЕТИГО
  37. ИМПЛАНТАЦИЯ
  38. ИМПРЕГНАЦИЯ
  39. ИНАНИЦИЯ
  40. ИНВАГИНАЦИЯ
  41. ИНВАЗИЯ
  42. ИНВАЗИВНЫЙ РОСТ ОПУХОЛИ
  43. ИНВОЛЮЦИЯ
  44. ИНДУРАЦИЯ
  45. ИНКАПСУЛЯЦИЯ
  46. ИНКРУСТАЦИЯ
  47. ИІІОКУЛЯЦИЯ
  48. ИНСУЛОМА
  49. ИНСУЛЬТ
  50. ИНСИФФЛЯЦИЯ
  51. ИНТЕРВИЛЛЮЗИТ
  52. ИНТЕРЛОБИТ
  53. ИНТЕРСЕКСУАЛИЗМ
  54. ИНТЕРСТИЦИАЛЫНЫЙ
  55. ИНТЕСТИНАЛЬНЫЙ
  56. ИНТОКСИКАЦИЯ
  57. ИНТРАМУРАЛЬНЫЙ
  58. ИНТРАНАТАЛЬНЫЙ
  59. ИНФАНТИЛИЗМ
  60. ИНФАНТИЛЬНЫЙ
  61. ИНФАРКТ
  62. ИНФАРКТ МОЧЕКИСЛЫЙ
  63. ИНФЕКЦИОННАЯ БОЛЕЗНЬ
  64. ИНФЕКЦИОННЫЙ ПРОЦЕСС
  65. ИНФИЛЬТРАТ
  66. ИНФИЛЬТРАЦИЯ
  67. ИНЦИЗИЯ
  68. ИНЬЕКЦИЯ
  69. ИРИДОХОРИОИДИТ
  70. ИРИДОЦИКЛИТ
  71. ИРИТ
  72. ИХОРОЗНОЕ ВОСПАЛЕНИЕ
  73. — К —
  74. КАВЕРНА
  75. КАЗЕОЗНЫЙ НЕКРОЗ
  76. КАЛЛЕЗНАЯ ЯЗВА
  77. КАЛЬЦЕРГИЯ
  78. КАЛЬЦИФИКАЦИЯ
  79. КАНАЛИЗАЦИЯ ТРОМБА
  80. КАНДИДОЗ
  81. КАНЦЕРОГЕНЕЗ
  82. КЕРАТОКОНЬЮНКТИВИТ
  83. КЕРАТОГИАЛИН
  84. КЕРАТОМАЛЯЦИЯ
  85. КЕФАЛОГЕМАТОМА
  86. КИМАТОГЕНЕЗ
  87. КИМАТОПАТИЯ
  88. КИСТА
  89. КИСТОМА ЯИЧНИКА
  90. КИФОЗ
  91. КОАГУЛЯЦИЯ
  92. КОАРКТАЦИЯ АОРТЫ
  93. КОКСИТ
  94. КОЛЛАПС
  95. КОЛИТ
  96. КОЛЛИКВАЦИЯ
  97. КОЛЬПИТ
  98. КОМПЕНСАЦИЯ
  99. КАНДИЛОМА
  100. KOHKPEMEHT
  101. КОПРОСТАЗ
  102. КОРОНАРИТ
  103. КОРРОЗИВНЫЙ
  104. КОРТИКОСТЕРОМА
  105. КОСТНАЯ МОЗОЛЬ
  106. КРАНИОПАГУС
  107. КРАНИОРАХИСХИЗ
  108. КРАНИОТАБЕС
  109. КРАУРОЗ
  110. КРИПТ-АБСЦЕССЫ
  111. КРИПТОГЕННЫЙ
  112. КРИПТОРХИЗМ
  113. КРОВОПОДТЕКИ
  114. КРОВОХАРКАНЬЕ
  115. КРУП
  116. КРУПОЗНОЕ ВОСПАЛЕНИЕ
  117. КСАНТОМАТОЗ
  118. КСАНТОМНЫЕ КЛЕТКИ
  119. КСЕРОДЕРМА
  120. КСЕРОФТАЛЬМИЯ

— Е —

ЕВНУХОИДИЗМ

(eunochoidismus; eunochos — жататын орын, echo — күзету; eides — сияқты;      евнух — әтек)—ӘТЕКТІК, еркек жыныс бездерінің гипофункциясымен және еркектік жыныс белгілерінің толық жетілмеуімен сипатталатын клиникалық синдром. Ертеректе хан сарайындағы бикештерді әтектер (яғни піштірілген еркектер) қорғаған, евнух деген атау осыған байланысты пайда болған.

ЕВСТАХИИТ

(eustachiitis; tuba Eustachi — Евстахий түтігі, itis — қабыну) — евстахий түтігінің қабынуы, қазіргі кезде оны ТУБООТИТ деп атайды.

ЕЮНОСТОМА

(jejunostoma; jejumum — аш ішек, stoma — ауыз, саңылау)— аш ішектегі саңылау. Операция жолымен аш ішекті басқа бір ағзамен жалғастыруды да осы атпен атайды. Мыс.: гастроеюностома.

— Ж —

ЖЕЛТУХА

(icterus)— САРҒАЮ, шырышты қабықтардың, терінің, көз ағының өт пигменттерімен сары түске боялуы. Сарғаюдың бауырүсті, бауырасты және паренхималық түрлері бар.

ЖЕЛЧНОКАМЕННАЯ БОЛЕЗНЬ

(cholelithiasis; chole —өт; lytos — тас; itis — қабыну) — ӨТТАСЫ АУРУЫ. Өт жолдарында тастардың пайда болуымен өт бөлініп шығуының, бауыр қызметінің бұзылуымен, сарғаюымен сипатталатын ауру.

ЖЕЛЧНЫЕ КАМНИ

(calculi biliosi; calculus тас; bibiosus — өттік) — ӨТ ТАСТАРЫ. Өт жолдарында, өт қалтасында пайда болатын қатты заттар. Олар химиялық құрамына қарап холестериндік, өттік, әктік және күрделі болып бөлінеді. Холестериндік тастар ақшыл, өттік тастар жасыл реңде болады.

ЖИРОВОСК

— ӨЛІК ШІРІГІ, ӨЛІК БАЛАУЫЗЫ. Өліктің табиғи сақталуының бір түрі. Өлік сулы және ауа кіре алмайтын жерде (мыс.: су астында) жатқанда организмдегі май қышқылдарының негізгі металл тұздарымен қосылысы нәтижесінде пайда болатын ерекше өзгеріс.

ЖИРОВЫЕ НЕКРОЗЫ

— май тканінің некрозы. Ұйқы безі ферменттерінің әсерінде пайда болатын некроз (мыс.: жіті панкреатитте) «балауыз дақтарын» елестетеді.

— З —

ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ

—НАУҚАСТЫК, СЫРҚАТТЫЛЫҚ. 1. Аурулардың адамдар арасында таралуы, 2. Белгілі бір уақыт ішінде (мыс.: бір жылда) бірінші рет анықталған аурулардың 100 000 адамға шаққандағы жалпы саны. Мыс.: жылына туберкулезбен (100 000 адамға шаққанда) 95 адам бірінші рет ауырады.

ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ

КӘСІБИ АУРУЛАР ТАРАЛУЫ дегенде 10000 істсушіге шаққандағы кәсіби аурулар санын түсінеміз.

ЗАРОДЫШ

(embryo; син. эмбрион) — ҰРЫҚ, жатыр ішінде дамудың алғашқы 8-ші аптасына пайда болатын организм.

ЗЕРНИСТЫЕ ШАРЫ

ТҮЙІРШІКТІ ШАРЛАР, некрозданған нерв ткань өзіне обып алатын МИ МАКРОФАГТАРЬІ (микроглия). Олар домалақ, цитоплазмасында әр түрлі қоспалар болғаны үшін түйіршікті болып көрінеді. Ми инфарктарының айналасына жиналады

ЗИГОТА

(zygota — жұптасып қосылған) — екі гаметаның (тұқымдық клеткалардың) қосылуы нәтижесінде пайда болған хромосомалар саны екі еселенген (диплоидты) клетка. Мыс.: ұрықтанған аналық без клеткасы.

ЗОБ, СТРУМА

(struma; stuere — құру) — ЖЕМСАУ, БҰҒАҚ- қалқанша бездің түйінделе үлкеюі. Жайғасу орны бойынша: қосымша (абберантты), көкірек қуысында жайғасқан жемсауды; шығу себептеріне қарай: эндемиялық, тума жемсауды; морфологиясы бойынша: коллоидты, паренхиматозды, макро және микрофолликулалы, лимфоматозды және т. б. түрлерін ажыратады.

ЗОБ ЯИЧНИКОВЫЙ

(struma ovarii) — АНАЛЫҚ БЕЗ ЖЕМСАУЫ, құрамында қалқанша без ткані бар аналық без тератомасы.

— И —

ИДИОПАТИЧЕСКИЙ

(idiopathicus; idios—өзінікі, өзіндік; pathos — дерт) — идиопатиялық, өз-өзінен туындаушы, белгілі бір себепсіз пайда болған, «өзіндік». Мыс.: идиопатиялық миокардит, исфрит және т. б.

ИДИОСИНКРАЗИЯ

(idiosynkrasia; idios — өзіндік,+sinkrasis араласу) — организмнің кейбір тағамдарға немесе дәрі-дәрмектерге тума жоғары сезімділігіне байланысты дамитын ерекше аллергияға ұқсас реакциясы.

ИЗОМОРФНЫЙ

(isomorphus; isos — бірдей, біркелкі: morphe — сыртқы түрі, көрінісі) — изоморфты, сыртқы түрі, морфологиясы бойынша бір нәрсеге ұқсас, сонымен бірдей. Мыс.: И. антигендер.

ИЛЕИТ

(ileitis; ileum — мықын ішек, itis — қабыну) — мықын ішектің қабынуы. Мыс.: терминальды илеит, мықын ішектің ең соңғы бөлігінің қабынуымен сипатталатын Крон сырқатының бір түрі.

ИЛЕОСТОМА

(ileostoma; ileum—мықын, ішек; stoma саңылау, тесік)—мықын ішектің жасанды саңылауы.

ИЛЕОТИФ

(ileotyphus; ileum — мықын, ішек, тұман, көз қарауытуы) — іш сүзегіндегі жергілікті өзгерістердің негізінен мықын ішекте болуы. Іш сүзегіне байланысты тоқ ішектегі өзгерістерді колотиф деп атайды.

ИЛЕУС

(ileus — ішек түйілуі) — ІШЕК ТҮЙІЛУІ.

ИЛЕУС МЕКОНИАЛЬНЫЙ

(ileus — ішек түйілуі, mekonium — тоңғақ) — тоңғақты ішек түйілуі, жаңа туылған баланың тоңғағы түспей ішінің қатып қалуы. Бұл көбінесе муковисцидоз сырқатымен байланысты құбылыс.

ИМБИБИЦИЯ

(imbibitio; im — bebere — сорып алу, сіңіру) — СІҢІРУ. Тканьдардың сұйықтықты өзіне сіңіруі. Мыс.: өлгеннен соң плазманың қан тамырларынан шығып айналасындағы тканьдарға сіңіп қалуы өлік дақтарының пайда болуы негізінде жатады.

ИММУНИТЕТ

(immunitet; immunitas — бір нәрседен босану, ада болу) — организмнің антигендік қасиеттерге ие болған, инфекциялық және инфекциясыз агенттерді өзіне дарытпау мүмкіншілігі. И. гуморальды, клеткалы болып бөлінеді. Ол вирустарға, бактерияларға және т. б. антигендерге қарсы бағытталған болуы мүмкін.

ИММУНОГИСТОХИМИЧЕСКИЙ МЕТОД

(immuno —иммунды, histos — ткань, сһетіа — химия) — ИММУНОГИСТОХИМИЯЛЫҚ ӘДІС. Бұл әдіс ткань кесіндісіндегі іздеген антигенді, белгіленген антиденелерді пайдалана отырып анықтау үшін қолданылады. Ал антиген — антидена реакциясының орны гистохимиялық реакциямен анықталады.

ИММУНОДЕФИЦИТНОЕ СОСТОЯНИЕ

ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ ХАЛІ. Бұл иммундық, жүйенің жеткілікті дамымауына байланысты пайда болатын синдромдар қатарына жатады. Иммунды тапшылықтың құрама (комбинацияланған) және иммунды жүйенің бір бөлігіне тиісті түрлері болады. Иммунды тапшылықтың құрама түрлерінде әрі клеткалы, әрі гуморальды иммунитет толық дамымаған болады. Иммунды тапшылықтың кейінгі түрлеріне клеткалы иммунитеттің (мыс.: Дай-Джордж синдромы), не гуморальды иммунитеттің (мыс.: Брутон синдромы) тапшылығымен сипатталады.

ИММУНОКОМПОТЕНТНАЯ ТКАНЬ

(competens — сай келетін) — сөзбе-сөз аударғанда «иммунитетке сай келетін ткань», ал шын мағынасында, организмдегі барлық лимфоидты ағзалар мен тканьдардың жиынтығы. Сүйек майындағы қан жасаушы тканьдар да осы жүйеге кіреді.

ИММУНОМОРФОЛОГИЯ

(irnmuno — иммунитет; morphos— пішін)—иммундық реакциялардың морфологиялық көріністерін зерттейтін ғылым саласы.

ИММУНОПАТОЛОГИЯ

(immunopathologia; ummuno — иммунитет, pathos — дерт, logos — ғылым)—иммунды жауаптың бұзылуымен байланысты дамитын патологиялық құбылыстардың әр түрлі аурулар патогенезіндегі ролін зерттейтін ғылымның жаңа саласы.

ИММУНОФЛЮРЕСЦЕНЦИЯ

флюрохромдармен белгіленген антиденелерді пайдалана отырып микроскопта белгілі бір антигендерді табу әдісі. Жұқпалы ауруларды, әсіресе вирусты инфекцияларды анықтау және бір-бірінен ажырату үшін кеңінен қолданылады.

ИМПЕТИГО

(impetigo; impetus— бөртпе) — стрептококтар (стафилококтар) қоздыратын, теріде іріңді бөртпелер пайда болуымен сипатталатын, өз-өзінен айығып кететін сырқат.

ИМПЛАНТАЦИЯ

(implantatio; im — ішіне; plantatum отырғызу)— бір нәрсенің басқа жерге жабысып қалуы немесе оны жасанды жолмен отырғызу. Мыс.: ісік клеткаларының сау тканьдарға жабыса өсуі немесе ісік тканін тәжірибе жүргізу үшін сау организмге көшіріп отырғызу.

ИМПРЕГНАЦИЯ

(impraegnatum — толтыру) — СІҢІРУ, кейбір тканьдык құрылымдарды анықтау үшін оларға металл тұздарының, ерітінділерін сіңіру әдісі. Металл тұздарынан қайтадан металл пайда болғанда сол жерлер қара түрге боялады. Мыс.: аргирофилді талшықтарды анықтау үшін күміс тұздарын сіңдіру керек, глияны анықтау үшін алтын тұздарын пайдаланады.

ИНАНИЦИЯ

(inanitio; inanis — бос, босатылған) — аштықтың немесе тамақтың жеткілікті қорытылмауы салдарынан арықтау (мальабсорбация синдромдарын қараңыз).

ИНВАГИНАЦИЯ

(invaginatio; in — ішіне; vagina — қынап, қабық)—қуысты ағза қабырғасының бір-бірінің ішіне кіріп қалуы. Мыс.: ішек инвагинациясы — яғни ішектің бір бөлігінің екінші бөлігінің ішіне кіріп қалуы. Нәтижеде ішек түйілуіне тән клиникалық белгілер дамиды.

ИНВАЗИЯ

(invasio; in-vadere — кіру, басып алу) — инфекцияның организмге кіру процесі. Паразиттер қоздыратын ауруларды инвазиялық аурулар деп атау қалыптасқан

ИНВАЗИВНЫЙ РОСТ ОПУХОЛИ

— ісіктердің айналасындағы тканьдарды бұзып, басып кіріп өсуі.

ИНВОЛЮЦИЯ

(involutio; in volvere — жою, орау)—кері даму, ағзалардың, тканьдардың кері дамуы, тіршіліктің сөнуі. Мыс.: айырша бездің жасқа байланысты инволюциясы.

ИНДУРАЦИЯ

(induratio; durus — тығыз, in-durarc — тығыздану, қатаю) — ТЫҒЫЗДАНУ. Дәнекер ткань дамуы салдарынан кейбір ағзалардың тығыздануы. Мыс: созылмалы вена толақандылығы нәтижесінде өкпенің қоңыр тығыздануы — склерозы.

ИНКАПСУЛЯЦИЯ

(incapsulatio; in — ішіне, capsula — қабық)— ҚАПТАЛУ, бір нәрсенің қабықпен оралып, қапталып қалуы. Қабыктың негізін дәнекер ткань құрайды. Мыс.: организмге түскен бөгде заттардың, паразиттердің дәнекер тканьмен қапталып қалуы.

ИНКРУСТАЦИЯ

(uncrustatio — қабықпен жабу) — ТҰЗДАНУ — тұздардың, көбінесе кальцийдің, өлген тканьдарға, паразиттерге шөгіп қалуы. Мыс.: құрсақ қуысында өлген ұрыққа кальций шөгіп қалғанда ол тас ұрыққа (литопедион — төменді қараңыз) айналады.

ИІІОКУЛЯЦИЯ

(inoculatio; inoculare — көшіріп отырғызу, егу)тәжірибе жүргізілетін жануарларға ауру қоздыруши материалдарды жасанды жолмен егу.

ИНСУЛОМА

(insuloma; insula — аралша, oma — ісік) — ұйқы безі аралшаларынан өсетін ісіктердің жалпы аты. Клеткалар құрылысына қарап инсуломаның альфа, бета — түрлерін ажыратады.

ИНСУЛЬТ

(insultare — секектеу, ұстама) — ми қан айналысының жедел ағымды бұзылуы. Қазіргі кезде бұл термин «ми инфаркты сөзімен алмастырылған. Мыс: мидың ишемиялық немесе геморрагиялық инфаркты.

ИНСИФФЛЯЦИЯ

(insufflatio; in — ішінде, sufflare — үрлеу) — емдеу немесе диагнозды анықтау мақсатында қуыстарға газ жіберу (үрлеу).

ИНТЕРВИЛЛЮЗИТ

(intervillusitis; inter — аралық, villus — бүр, itis — қабыну) — бала жолдасы бүрлерінің арасындағы қабыну.

ИНТЕРЛОБИТ

(interlobitis; inter — аралық, lobus — бөлік; itis — қабыну) — бөліктер аралығының қабынуы. Мыс.: өкпеде.

ИНТЕРСЕКСУАЛИЗМ

Гермафродитизм терминін қараңыз.

ИНТЕРСТИЦИАЛЫНЫЙ

(interstitialis; intra — ішінде, stitere—өмір сүру, «бір нәрсенің арасында өмір сүруші»)—аралық тканьға (тінге) қатысты, интерстициальды. Мыс: аралық (интерстициальды) қабыну, яғни ағза тінінде дамитын қабыну.

ИНТЕСТИНАЛЬНЫЙ

(intestinalis; intestinum — ішек) — ішектік, ішекке қатысы бар. Мыс: ботулизмнің ішектік түрі.

ИНТОКСИКАЦИЯ

(intoxicatio; in — ішіне, toxikos — улы) — УЛАНУ. Экзо — және эндогенді улы заттардың денеге жайылуы салдарынан туындайтын дерт.

ИНТРАМУРАЛЬНЫЙ

(intramurlis; intra — ішінде, murus — қабырға)—қабырға ішінде, интрамуральды. Мыс.: жүрек қабырғасы ішіндегі инфаркт.

ИНТРАНАТАЛЬНЫЙ

(intranatalis; intra + natus — туылу) — туылу кезінде болатын, интранатальды. Мыс: туылу кезіндегі (интранатальды) өлім-жітім.

ИНФАНТИЛИЗМ

(infantilismus; infantilis — балаға тән) — адамның жалпы және психикалық дамуының кідіріп қалуымен, балаларға тән мінез-құлықтың, дене-құрылысының сақталып қалуымен сипатталатын құбылыс.

ИНФАНТИЛЬНЫЙ

(infantilis—жетілмеген, шала дамыған) — шала дамыған. Мыс.: толық жетілмеген жатыр.

ИНФАРКТ

(infarctus; infancire — лық толтыру) — қан келмей қалуына байланысты пайда болған некроз ошағы. Мыс: өкпе инфаркты, бүйрек инфаркты.

ИНФАРКТ МОЧЕКИСЛЫЙ

(infarctus acidouricus)— бүйректің жинаушы өзектері мен түтікшелерінде урат кристалдарының шөгіп қалуы. Бүйректі кесіп қарағанда ол бүйректің қыртысты қабатынан сорғыштарына қарай жатқан сарғыш жолақтар түрінде көрінеді. Ересек кісілерде подаграда, созылмалы іріңді қабынуларда, лейкоздарда пайда болады. Жаңа туылған нәрестелерде бұл уақытша көрінетін құбылыс болып алғашқы екі күнде баланың тірі туғандығының белгісі болып есептеледі.

ИНФЕКЦИОННАЯ БОЛЕЗНЬ

(morbus infectiosus — жұқпалы аурулар; inficere — жұқтыру)—жұқпалы ауру —оларды әр түрлі бактериялар, вирустар, паразиттер және т. б. қоздырады.

ИНФЕКЦИОННЫЙ ПРОЦЕСС

— ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС бұл патогенді микроорганизм мен макроорганизм арасындағы өзара қарым-қатынас. Бұл әлі жұкпалы ауру емес, егер макроорганизмнің қорғаушы күштері басым болса, жұқпалы ауру дамымайды, кейде организм мен микроб қатар өмір сүре беруі мүмкін (симбиоз).

ИНФИЛЬТРАТ

(infiltratus; in — ішінде, filtratum — кіру, өту) — СІҢБЕ, клетка элементтерінің сіңіп қалуы нәтижесінде тканьның қатаюы. Мыс: қабынуға байланысты пайда болған жергілікті сіңбе, яғни ісінген, қатайған жер.

ИНФИЛЬТРАЦИЯ

(infiltratio; in — ішінде, filtratum — кіру, өту) — СІҢІП ҚАЛУ, тканьдарға қан элементтерінің немесе басқа заттардың өтуі. Мыс: қабыну кезінде лейкоциттердің тамырдан шығып айналадағы тканьға сіңіп қалуы, лейкоз клеткаларының бүйрекке сіңіп қалуы және т. б.

ИНЦИЗИЯ

(incisio; in-cedere — тілу, кесу) — ТІЛУ, КЕСУ. Мыс: биопсия алу үшін тканьды кесу.

ИНЬЕКЦИЯ

(injectio; in-jecero — ішке ату, тастау)—1. дәрі салу, шаншу: 2. қант тамырларының инъекциясы (қанмен толуы),

ИРИДОХОРИОИДИТ

(iridochorioiditis; iris — көздің шатыраш қабығы; chorioidea — тамырлы қабык, itis — қабыну) — көздің шатырашты және тамырлы қабықтарының қабынуы.

ИРИДОЦИКЛИТ

(iridociclitis; iris+corpus ciliare — кірпікті дене, itis — қабыну) — көздің шатырашты қабығы мен кірпікті денесінің қабынуы.

ИРИТ

(iritis; iris+itis — қабыну) — көздің шатырашты қабығының қабынуы.

ИХОРОЗНОЕ ВОСПАЛЕНИЕ

(inflammatio ichorosa; ichor — қанды су) — шірікті қабыну, тканьдардың шіруімен және иістеніп кетуімен сипатталатын қабыну. Мыс: ихорозды эндометрит.

— К —

КАВЕРНА

(caverna; cavum —қуыс, үңгір) — ауру салдарынан тканьдардың ыдырауы нәтижесінде ағзада пайда болған ҚУЫС. Мыс. өкпеде туберкулезге байланысты пайда болған каверна. Кавернаның ішкі қабаты ірімшік тәрізді іріген, некрозданған тканьнан, орта қабаты туберкулезге тән гранулемадан, сыртқы қабаты — фиброзды тканьнан тұрады.

КАЗЕОЗНЫЙ НЕКРОЗ

(necrosis caseosa; caseum — ірімшік) — ірімшік тәрізді некроз. Туберкулез үшін тән құбылыс.

КАЛЛЕЗНАЯ ЯЗВА

(ulcus callosum; callus — сүйел) — ҚАТТЬІ ЖАРА, шеттері көтерілген, айналасы дәнекер тканьның мол өсуі нәтижесінде қатайған созылмалы ойық жара.

КАЛЬЦЕРГИЯ

(calcium — кальций, ergon — жұмыс, қызмет) — тканьдардың кальций шөгіп қалуына бейімділігі (жоғары сезімталдығы), Син.: кальцифилаксия,

КАЛЬЦИФИКАЦИЯ

(calcificatio; calcium — кальций, facere — істеу) ӘКТЕНУ, тканьға кальцийдің ерімейтін тұздарының шөгіп қалуы. Мыс.: дистрофиялық, метаболизмдік, метастаздық әктену.

КАНАЛИЗАЦИЯ ТРОМБА

(canalisatio thrombi) — ТРОМБТЫҢ ӨЗЕКТЕНУІ, тромб ішінде эндотелиймен астарланған саңылаулардың (өзектердің) пайда болып, қан айналуының қайта жөнделуі.

КАНДИДОЗ

(candidosis) — Candida тобына жататын ашытқы саңырауқұлақтар қоздыратын микоз. Оның теріні, ішкі ағзаларды зақымдайтын және таралған түрлері болады.

КАНЦЕРОГЕНЕЗ

(cancerogenesis; cancer — қатерлі ісік, рак; Олар шар түрінде болып ортасында түлеген эпителиймен толған шұқыршалар көрінеді.

КЕРАТОКОНЬЮНКТИВИТ

(keratoconjunctivitis)—көздің мөлдір қабығы мен шырышты қабығының (коньюнктиваның) қабынуы.

КЕРАТОГИАЛИН

(keratohyalin; keratos — мүйіздік зат; hylas — мөлдір, ақшыл)—түлеуші эпителийге тән белок, кератиннің ізашары.

КЕРАТОМАЛЯЦИЯ

(keratomalatio; keratos — мүйіз, malakia — жұмсару), көздің мөлдір қабығының жұмсаруы (некрозы). Мыс: А витамині жетіспегендегі К.

КЕФАЛОГЕМАТОМА

(kephale — бас, һаеmа — қан, oma — ісік), жаңа туылған баланың бас сүйегі мен сүйекүсті пердесінің арасына қан құйылуы нәтижесінде пайда болған ісік. Бұл жағдай баланың туылу кезінде жарақат алуына байланысты болады.

КИМАТОГЕНЕЗ

(kymatognesis; kyema —ұрық, genesis — даму) — организмнің ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейінгі даму кезеңі.

КИМАТОПАТИЯ

(kymatopathia; kyema — ұрық, pathos — дерт, сырқат) — киматогенездің бұзылуы нәтижесінде туындайтын тума кемістіктер мен сырқаттар.

КИСТА

(cysta; kystis — қуыс, қуық) — кейбір ағзаларда әр түрлі дертке байланысты пайда болған, қабырғасы дәнекер тканьнан тұратын, ішкі қабаты эпителиймен немесе эндотелиймен астарланған қуыс. Мыс.: бронх кистасы, тіс кистасы.

КИСТОМА ЯИЧНИКА

(cystoma ovarii; kystis — қуық, қап, қуыс) — АНАЛЬІҚ БЕЗ КИСТОМАСЫ, қазіргі аты ЦИСТАДЕНОМА. Цистаденоманың серозды және муцинозды түрлерін ажыратады.

КИФОЗ

(kurhosis — омыртқа бағанасының қисаюы)—ҚҰНЫС омыртқа бағанасының сыртқа қарай қисайып дөңестеніп тұруы. Көбінесе бұл жағдай туберкулездік спондилитпен байланысты.

КОАГУЛЯЦИЯ

(coagulatio — ұю, қоюлану) — коллоидты ерітінділердің золь немесе гель халіне өтуі. Мыс.: қанның ұюы, тканьдағы коагуляциялық некроз.

КОАРКТАЦИЯ АОРТЫ

(coarctatio — тарылу)—қолқаның тума тарылуы (коарктациясы).

КОКСИТ

(coxitis; coxa—сан) — сан-жамбас буынының қабынуы. Мыс.: туберкулездік коксит.

КОЛЛАПС

(collapsus; collabor — құлау), 1) коллапс — қанның шеттік қан тамырларға жедел өтіп кетуі нәтижесінде ми қансызданып, адамның есінен танып қалуы, талықсуы; 2) өкпе коллапсы — өкпенің бір бөлігінің немесе бір өкпенің бүтіндей солып қалуы.

КОЛИТ

(colitis; colon — тоқ ішек, itis — қабыну) — тоқ ішектің қабынуы.

КОЛЛИКВАЦИЯ

(collicvatio — бірге, lisis — еріту) — патология салдарынан өзгерген тканьның еріп кетуі, ыдырауы, өлуі. Мыс.: колликвациялық некроз. Бұл құбылыс гидролиздеуші ферменттер әсерінде дамиды.

КОЛЬПИТ

(colpitis; kolpos — қынап) — қынаптық қабынуы.

КОМПЕНСАЦИЯ

(compensatio; compensare — қалпына келтіру) — қалпына келтіру, орнын толтыру, өмір сүрудің жаңа жағдайына бейімделу мақсатында ағза қызметінің уақытша тұрақтануы.

КАНДИЛОМА

(condyloma; kondylos — түйін, бүршік; oma — ісік), көпқабатты эпителийдің және оның астындағы стромасынын бүршіктеніп өсіп кетуі. Сыртқы көрінісі бойынша үшкір және жалпақ деп кондиломаны екіге ажыратады. Бұл өзгерістер көбінесе тері мен шырышты қабық шекарасында дамиды.

KOHKPEMEHT

(concrementum; con-crescere — бірлесу, син.: тас)—TAC, дене қуыстарында немесе тканьдарда тұздардың шөгіп қалуы нәтижесінде пайда болған қатты заттар. Мыс.: әкті тастар, өт тастары, ураттар, оксалаттар және т. б.

КОПРОСТАЗ

(coprostasis; conros — нәжіс; stasis — іркілу) — ІШ ҚАТПА, нәжістің тоқ ішекте қатып қалуы.

КОРОНАРИТ

(coronaritis; corona — тәж) — жүректің тәж (өзіндік) артерияларының қабынуы. Мыс.: ревматизмдік К-, мерездік К.

КОРРОЗИВНЫЙ

(corrosus — ойып жіберу) — шырышты қабықтың химиялық заттардың әсерінде ойылып кетуі, некрозы. Мыс.; коррозиялық гастрит.

КОРТИКОСТЕРОМА

(corticosteroma; cortix — қыртысты қабық; steroida — стероидты гормондар, oma — ісік) — бүйрекүсті безінің қыртысты қабығынан өсіп шығатын кортикостерон гормондарын бөліп шығарушы ісік.

КОСТНАЯ МОЗОЛЬ

(callus; callosus — қалыңдаған) — СҮЙЕК ШОРЫ, сүйек сынықтарының бір-біріне қосылған жерінде регенерация нәтижесінде пайда болған өзгерістер.

КРАНИОПАГУС

(craniopagus; kranion— бас сүйегі, pagere — түйреу, тығу), бас сүйегі аймағында бір-біріне жабысқан егіздер, тума кемістік.

КРАНИОРАХИСХИЗ

(craniorhachischisis; cranim — бас сүйегі, rhachis — омыртқа, schisis — жарылу) — омыртқа бағанасының және бас сүйегінің артқы бөліктерінің бітпеуімен (ашық қалуымен) сипатталатын тума кемістік.

КРАНИОТАБЕС

(craniotabes; kranion — бас сүйегі, tabes — жұмсару) — бас сүйегінің рахитка байланысты жұмсаруы. К. рахиттың алғашқы белгілерінің бірі.

КРАУРОЗ

(craurosis; krauros — құрғақ, жұқа) —қасаға терісінің немесе үрпінің дистрофиялық өзгерістер нәтижесінде атрофияланып, жұқарып, тырысып қалуы.

КРИПТ-АБСЦЕССЫ

(crypt-absesus; crypta — шұңқыр) — КРИПТА АБСЦЕСІ, тоқ ішектің шырышты қабығының крипталарындағы созылмалы колитке байланысты пайда болған, ошақты іріңді қабыну.

КРИПТОГЕННЫЙ

(cryptogenes; kryptos — жасырын, құпия; genesis шығу тегі)— ЖАСЫРЫН, криптогенді, табиғаты белгісіз, шығу тегі құпия. Мыс: криптогенді сепсис, яғни қай жерден басталғаны белгісіз сепсис.

КРИПТОРХИЗМ

(cryptorchismus; krypte — шұңқыр, orchis — ен, ismus — дертті күй— еннің құрсақ қуысында кідіріп қалуы. Бұл біржақты немесе екіжакты болуы мүмкін.

КРОВОПОДТЕКИ

(ecchimosis; ex -дан, -ден chymos — сөл, osis — патологиялық құбылыс)—ҚАНТАЛАУ, қаннын тері, серозды және шырышты қабаттар астында жайыла жиналып қалуы.

КРОВОХАРКАНЬЕ

(haemoptoe; haema —қан, ptyo — түкіру) — ҚАН ТҮКІРУ, өкпеден қан кеткенде немесе басқа себептерге байланысты қан түкіру.

КРУП

(croup — қырылдау)—БУЛЫҒУ, көмейдің фибринді қабынуына байланысты дамитын клиникалық симптом. Ол көмейдің тарылу (стеноз) белгілерімен және «үре», жөтелуімен сипатталады. Егер осы белгілер фибринді қабықтың көшіп түсіп тыныс жолдарырының тығындалып қалуымен байланысты болса, оны нағыз булығу деп, ал көмей шырышты қабатының ісінуі нәтижесінде дамыса жалған булығу деп атайды.

КРУПОЗНОЕ ВОСПАЛЕНИЕ

(шотландша croup — құстардың тіліндегі жұқа қабық) — КРУПОЗДЫ ҚАБЫНУ, фибринозды қабынудың бір түрі. Бұл жерде фибринді перде астындағы серозды немесе шырышты қабықтармен әлсіз байланысқан болып оңай көшіп түседі.

КСАНТОМАТОЗ

(xantomatosis; xanthos — сары, osis — патологиялық күй), холестериннің тканьдарға жиналу құбылысы. Мыс.: атеросклерозда қолқада холестерин жиналып қалған жер сары реңде көрінеді — қолқа ксантоматозы.

КСАНТОМНЫЕ КЛЕТКИ

— (xanthos — сары) — КСАНТОМДЫ КЛЕТКАЛАР, липидтерге бай ағзалар некрозына байланысты пайда болған цитоплазмасы липидтермен толған ірі макрофаг, гистиоцит клеткалары. Мыс.: мидың ишемиялық инфарктында, некроз ошағының айналасында осы клеткалар көптеп көрінеді. Олар некроз ошағын тазалауға тікелей қатынасады. Бұл клеткаларды судан бояуларымен анықтауға болады.

КСЕРОДЕРМА

(xeroderma; xeros — құрғак,— тері) — ҚҰРҒАҚ ТЕРІ (К.) мүйізді дистрофия нәтижесінде дамитын өзгеріс.

КСЕРОФТАЛЬМИЯ

(xerophthalmia; xeros — құрғақ, ophthalmos — көз) — ҚҰРҒАҚ КӨЗ (К.), коньюнктиваның немесе көздің мөлдір қабығының (А витамині жетіспеушілігі және басқа да сырқаттар салдарынан) дистрофиялық өзгерістерге ұшырауы нәтижесінде пайда болатын күңгірт, ақ реңді дақтар.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ