Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Терминдер

 

Паталогиялық анатомия сөздігі «Б»


Б-дан басталатын паталогиялар

Назар аударыңыз! Термин сөздерді оңай әрі тез табу үшін төменде көрсетілген әріптерді пайдалансаңыз болады.

А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ш Э Я

– Б –

БАГАССОЗ

(bagassosis; bagasse – қант қамысының сыққаннан кейінгі қалдығы, күнжара) – аллергиялық альвеолиттер қатарына жататын, қант қамысы қалдықтарының шаңын (оның ішіндегі саңырауқұлақтар спораларын) жұтқанда пайда болатын сырқат.

БАЗАЛЬНЫЙ

(basalis; basis – тірек, негіз) – ТІРЕКТІК.

БАЗАЛЬНАЯ МЕМБРАНА

(membrana basalis) – ТІРЕКТІК МЕМБРАНА; Мыс.: эпителийдік тіректік (яғни эпителийді астынан тіреп тұратын) мембранасы.

БАЗОФИЛИЯ

(basophilia; basis – негізгі, philia – сүйіспеншілік, бейімділік) – клеткалардың, оның әр түрлі компоненттерінің негізгі бояулармен (азур, гемотоксилин) көк, реңге боялуы.

БАКТЕРИЕМИЯ

(bacteriaemia; бактерия+haima қан) – бактериялардың қанға өтуі. Көптеген жұқпалы аурулар үшін тән. Сепсистің бір белгісі.

БАЛАНИТ

(balanitis; balanos – еркек жыныс ағзасының басы, itis – қабыну) – еркек жыныс ағзасы басының қабынуы.

БАЛАНОПОСТИТ

(balanoposthitis; balanos+posthe – үрпі+itis – қабыну) – еркек жыныс ағзасы басынын, және үрпінің қабынуы.

БЕЗОАР

(bezoard) – тамақ құрамындағы қорытылмайтын заттардан түзілген асқазандағы жат дене. Олар көбінесе шаштан (три- хобезоар) немесе өсімдік талшыктарынан (фитобезоар) тұрады.

БЕРИЛЛИОЗ

(berylliosis; бериллий+os – дерт)-бериллий өнімдерінің ұлы және аллергиялық әсері нәтижесінде дамитын кәсіби сырқат. Ол өкпеде арнайы гранулемалардың пайда болуымен және пневмосклероз дамуымен сипатталады.

БИЛИАРНЬІЙ

(biliaris – өтке тиісті)-биллиарлы, мыс.: бауырдың биллиарлы (өтке тиісті) циррозы.

БИОГЕОХИМИЧЕСКАЯ ПРОВИНЦИЯ

– БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙМАҚ бір немесе бірнеше химиялық элементтердің топыракта, суда, өсімдіктер және жан-жануарлар организмінде көбейіп немесе азайып кетуімен сипатталатын территория. Адамдарда бұл патология эндемиялық аурулар түрінде көрінеді. Мыс.: эндемиялық жемсау, флюороз.

БИОПСИЯ

(biopsia; bios – өмір, тірі; opsis – көру) -ауру диагнозын аныктау үшін оның тканьдарын кесіп, (қырып) алып зерттеу. Осы кесіп алынған тканьді биоптат деп атайды. Операция кезінде алынған биоптатты операциялық биопсия деп атайды. Биопсияны аспирация жолымен (мыс.: асқазаннан) немесе пункция жолымен (мыс,: бауырдан) де алуға болады.

БИФУРКАЦИЯ

(bifurcatio; bis – екі рет, furca – айыр) – АЙЫРЫҚ; іші қуыс ағзалардың тең екі тармаққа бөлінуі. Мыс.: қолқа айырығы.

БЛАСТНЫЕ ФОРМЫ КЛЕТОК

(клеткалардың жас түрі; blas- tos – өскін)-Мыс.: лимфоциттердің жас (белсенді) түрлері; олар майда лимфоциттерден пайда болады, өте ірі цитоплазмасында еркін рибосомалар көп және бірнеше рет бөлініп көбейе алады; антиген әсерінде біртекті клеткалар әулетін (клонын) түзеді. Лимфондты тканьдар ісіктері негізінен осы клеткалардан тұрады.

БЛАСТОГЕНЕЗ

(blacstogenesis; blastos – өскінше, genesis – даму) – ұрықтың ұрықтанғаннан бастап 15 күнге дейінгі даму кезеңі, осы кезде жұмыртқа бөлшектеніп бластулалар түзіледі.

БЛАСТОМА

(blastoma; blastos+oma -ісік) – өте жас, жетілмеген (ұрыктық клеткалардан түзілген) қатерлі ісіктердің жалпы аты. Мыс.: гепатобластома, нейробластома.

БЛАСТОПАТИЯ

(blastopatia; blastos – ұрық; pathos – дерт, сырқат)- бластогенез құбылысының бұзылуы нәтижесінде дамитын сырқаттар. Бластопатиялар көбінесе ұрықтың жойылып кетуімен немесе қосарлы кемістіктердің дамуымен сипатталады.

БЛЕННОРЕЯ

(blennorrhoea; blerinos – шырышты зат, гһоіа – ағу) – көз шырышты қабығының іріңді қабынуы. Син.: коньюнктивит.

БЛЕФАРИТ

(blepharitis) – қабықтың қабынуы.

БОЛЕЗНЬ

(morbur) – ауру, сырқат, кесел.

БРАХИЦЕФАЛИЯ

(brachycephalia; brachys – қыска, кішкентай; kephale – бас) – кішкентай, қысқа бас. Бастық көлденеңіне қарағанда ұзынасынан үлкенірек болуы. Б. тума токсоплазмозда немесе туылу кезіндегі жарақатқа байланысты дамиды.

БРОНХИТ

(bronchitis) – бронхтардың қабынуы.

БРОНХОАДЕНИТ

(bronchoadenitis; бронх+agen- без),- қабыну)-бронх айналасындағы лимфа бездерінің қабынуы. Мыс.: туберкулездік бронхоаденит.

БРОНХИОЛИТ

(bronchiolitis)-бронхиолалардың қабынуы.

БРОНХОЛИТИАЗ

(broncholitiasis; бронхиола + lithos – тас) – бронхиолаларда қабыну экссудаттарынан, кальций шөгінділерінен түзілген қатты зат (тас).

БРОНХОСТЕНОЗ

(bronchostenosis;) бронх+stenos – тарылу)-бронх саңылауының тарылуы. Бұл жағдай қабынуға байланысты немесе бронх ішінде ісік өскенде, оған жат заттар түскенде байқалады.

БРОНХОЦЕЛЕ

(bronchocele бронх+kele – ісік, бұлтыю, жарық) – бронх ішіне секрет толып кетуіне байланысты оның қабырғасының бұлтиып шығып тұруы. Бұл құбылыс көбінесе бронх қабырғасының тума кемістігімен байланысты.

БРОНХОЭКТАЗЫ

(bronchoectasis; бронх+ectasia кеңею) – бронхтың цилиндр немесе қалта тәрізді кеңеюі. Бронхоэктаздар тума немесе жүре пайда болған түрлерге бөлінеді. Бронхоэктазиялардың екінші түрі созылмалы бронхиттермен байланысты. Бірте-бірте бронхоэкзтазиялық ауру дамиды.

БУБОН

(bubon – шат) – шат лимфа түйіндерінің қабыну нәтижесінде ісінуі (шошынуы). Мыс.: оба бубоны, туляремия бубоны.

БУККАЛЬНЫЙ

(buccalis; bucca -ұрт) – ҰРТТЫҚ, ұртқа тиісті.

БУКЦИТ

(bucsitis; bucca – ұрта; itis – қабыну) – ұрттың шырышты қабатының қабынуы.

БУРСИТ

(bursitis; bursa – қап; itis – қабыну) – буын қабының қабынуы.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Паталогиялық анатомия сөздігі «С, Т, У, Ф, Х, Ц, Ш, Э, Я»
  • Паталогиялық анатомия сөздігі «А»
  • Паталогиялық анатомия сөздігі «Е, Ж, З, И, К»
  • Паталогиялық анатомия сөздігі «В, Г, Д»
  • Паталогиялық анатомия сөздігі «Л, М, Н, О, П, Р»

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.