Сабақтың тақырыбы:XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы, басқару жүйесі,әлеуметтік құрылымы және саяси бағыттары туралы әңгімелеу, алған білімдерін жүйелеу, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздену, зерттеу және сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту. Ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбелік: Егеменді Қазақстан жастарының бойында жауынгерлік рухты көтеруге, ұлтымыздың тарихына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттырып ұлттық сана-сезімін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:
1) карта, нақыл сөздер;
2) интерактивті тақта;
3) электронды оқулық;
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.
Сабақтың барысы:
- Бәйге.
- Ой шақыру.
- “Тапқыр достар”
- Хронологиялық жұмыс.
- Топбасшылар сайысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің сөзі:
Ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен жерімізді қорғаған хандар мен батырлардың ұрпағымыз. Сондықтан да екі топтың батырын күш сынауға шақырамыз.
I. Қысқа нұсқа, тез ойлан, тап.
Бәйге
I-топ “Алаш” тобы:
- Қазақ хандығының құрылуы. (1470-1471 ж.ж.)
- Түрік қағанатының Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып бөлінуі. (603 ж.)
- Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жорығы. (1509-1510 ж.ж.)
- Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңдар жинағын шығаруы. (XVII ғ. соңы)
- Мустьер дәуірінің адамы. Алғашқы қалдықтары. Франция жерінде табылған адам. (неандерталь)
- Қазақтың үш жүзінің біріккен әскер күштерін басқарған қолбасшы. (Әбілхайыр хан)
- Ол – энциклопедист ғалым, грек тілін меңгеріп Аристотельден кейінгі – екінші ғұлама атанған IX-X. (Әбу Насыр Әл-Фараби)
- Сақ тайпалары қай тәсілге жатады? (Еуропалық)
- Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген? (Ежелгі палеолит)
- Қазақ хандығында ата-аймақты кім басқарған? (Ақсақал)
- Кіші жүз қазақтың қай баласынан тарайды? (Жанарыс)
- Қаңлыларда ел басқару ісін кім атқарған? (Уәзір)
- Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы кім саналады? (Алаш)
- Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталады? (Інжу)
- 1812 жылы соғыста қазақ мергендерін француздар кімдер деп атаған? (Азиялық Амурлар)
II-топ “Жас қыран” тобы:
- Жоңғар шапқыншылығына қарсы Қазақ халқының Отан соғысы. (Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, 1723-1730 ж.ж.)
- Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің салынуы. (1397-1398 ж.ж.)
- Қазақстан мен Орталық Азияны монғолдардың жаулап алуы. (1219-1224 ж.ж.)
- Ашель дәуірінде өмір сүрген адам. Алғашқы қалдықтары Қытай жерінде табылған. (Синантроп)
- “Ата, менің аманатымды бермейсіз бе, сіз іздеген бала мен боламын” – деп кім айтқан? (А.Йассауи)
- Қазақстанның тұңғыш астанасы. (Орынбор)
- VI-VIII ғасырларда түрік тайпаларының қолданған көне жазба мұрасы. (Орхон-Енисей жазуы)
- Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының қабылдануы. (1997 ж. 10 қазан)
- Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты? (неандертальдық)
- Андроновтықтар кейінгі қола дәуірінде неге табынған? (Ай және жұлдызға)
- XIII-XV ғасырларда хан жарлықтары қай тілде жазылды? (түркі тілде)
- Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар. (Үйсін, қыпшақ, найман)
- “Халық қаһарманы” атағын алған желтоқсан құрбаны кім? (Қ.Рысқұлбеков)
- Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі? (Жәнібек)
- Қаланың қолөнершілер мен егіншілер тұратын бөлігі қалай аталады? (Шахристан)
- II. Ой шақыру
Ұсынылған тақырыптардың біреуіне әңгіме
- “Жеті Жарғының” қандай құқықтық нормалары болды?
- Қазақ хандығының басқару жүйесі “Хан кеңесі” қандай қызмет атқарды?
III. Тапқыр достар
Ұяшықты таңдап дұрыс жауап бер. Ұяшықтағы сандар жоғарылаған сайын сұрақтар қиындай түседі. Әркім өзінің бағын сынасын. Тарихи тұлғаларды, ескерткіштерді суреттерге қарай әңгімелеу.
- Сайрам мен Түркістан қалаларынан шыққан қандай даналар белгілі?
- Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері қай кезден айқындала бастады?
- Есік обасынан табылған “Алтын адамды” сипатта.
- Атақты ғұлама Қожа Ахмет Йассауи туралы мәлімет бер.
- Ұлы Жібек жолының пайда болуы және оның тармақтарын картадан көрсетіңіз?
- Белгілі қайраткер Абылай хан Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыруда қандай еңбек сіңірді?
- IV. Хронологиялық жұмыс
Шарты: Сағаттар арасындағы сандарды қатыстыра отырып, тарихи деректерді еске түсіреміз.
“Алаш” тобы:
- Әбілқайыр хандығы қай жылы құрылды?
Жауап: XV ғасырдың 2-ширегінде Ақ Орданың орнына Әбілқайыр хандығы құрылды. Шайбани ұрпағы Жұмандық хан 1428 жылы Маңғыт әмірлерімен және Жошы ұрпағы қажы – Мұхаммедпен болған шайқаста қаза тапқаннан кейін Әбілқайыр хан сайланды.
- Тәуекел хан қай жылы Орта Азияға жорық бастады?
Жауап: Өзбек хан Абдаллах қайтыс болғаннан кейін Мәуеренахрдағы билік үшін басталған тартысты пайдаланған Тәуекел хан 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық бастап, Бұхар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте 1598 жылы қайтыс болды.
- Қарақытайлар селжұқтар мен қарахан әскерлерін қай жылы жеңді?
Жауап: Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста селжұқтар мен қарахан әскерлерін 1141 жылы ойсырата жеңді.
- “Қазақстан Республикасындағы тілдер жөніндегі” заң қай жылы қабылданды.
Жауап: “Қазақстан Республикасындағы тілдер жөніндегі” заң 1997 жылы 11-шілдеде қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – қазақ тілі бекітілді.
- Қыпшақ мемлекеті қай жылы құлады?
Жауап: Монғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап 1219 жылы оның жері монғол ұлыстарының құрамына енді.
“Жас қыран” тобы:
- Тоғылық Темір Мәуеренахрды қай жылы басып алды?
Жауап: Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етіп және 1361 жылы Мәуеренахрды түгел басып алып, Ілияс қожаны билеуші етіп қойды.
- Есім хан қалмақтарға қай жылы соғыс бастады?
Жауап: Жоңғарлардың қазақ жеріне жиі-жиі жорық жасап, елдің мазасын алып талан-таражға түсіруіне байланысты Есім хан жорық туын көтеріп, қалың қол жиып 1627 жылы қалмақтарға қарсы соғыс бастады.
- Темужін қай жылы хан болып сайланды?
Жауап: Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген Темужінді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайында тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ туды желбіретіп, 1206 жылы Темужінді хан сайлайды.
- Тәуке хан қай жылы I Петрмен сауда байланысын күшейтті?
Жауап: Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы 1694 жылы келісті.
- Тоқтамыс хан Ресейге жорық жасаған жылды айтыңыз?
Жауап: Тоқтамыс Алтын Ордаға хан болып, билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап, Мәскеуді өртеді.
- V. Топ басшылар сайысы. “Тарихи дуэль”
Шарты: Екі топ басшыларына тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.
“Алаш” тобы:
- Қазақ хандығының басқару жүйесі қандай қызмет атқарады?
“Жас қыран” тобы:
- XIV-XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда қандай мемлекеттер құрылды және әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет беріңіз.
Қорытынды:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын.
Әр топтың тапсырмаларды орындау барысындағы жинаған ұпайларын есептеп, қорытындысын шығару үшін сөзді әділ қазылар алқасына берсек.
Бағалау.
“XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы” тақырыбы бойынша сол кезеңдегі:
- Саяси өмірдің ерекшеліктері.
- Қазақ хандығының басқару жүйесі.
- Ұлыстық басқару қалай жүргізілді?
- Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы.
- “Жеті Жарғының” қандай құқықтық нормалары болған?
- Салық пен меншіктің қандай түрлері бар.
Үй тапсырмасы: Тарихи мағлұматтармен танысып, әр тарихи кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктерін таразылау
Тарихи мағлұматтармен керемет екен