Өзін- өзі тану сабағы
Ашық сабақ тақырыбы: Өзімді және өзгелерді тани білу.
Мақсаты: Оқушыларды өзін өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру.Бойларындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін өзі тәрбиелеу жолдарын анықтау.
Сабақ түрі: Зерттеу сабағы.
Көрнекіліктер: Түрлі түсті қағаздар. Табиғи жаңғақтар. А-4 қағаз, қалам. Жүректерге жазылған топқа арналған тапсырмалар
Сабақ барысы: Салеметсіздер ме балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаңғақ» атты жаттығудан бастап, содан бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай екенін анықтаймыз.
Менің қолымдағы қаптың ішінен қолдарыңа тиген жаңғақты таңдап алыңдар,енді жаңғақты анықтап қарап әркім өз жаңғағын қапқа салады, мен қапты араластырып ыдысқа саламын,ал сендер сол ыдыстан өз жаңғақтарыңды тауып алуларың керек. Тапсырма ұғынықты болса жаттығуды бастаймыз.
Сұрақ: а/ Жаңғақты тауып алғанда неге сүйендің?
ә/ Қандай стратегия қолдандың?
б\ Әлде бәрі алып болсын қалғаны менікі дедің бе?
Міне балалар бір қарағанда жаңғақтың бәрі бір біріне ұқсайтын сияқты,бірақ жақсылап қарасақ,олардың әр біреуінің бір ерекшелігі бар екенін анық білуге болады. Сол сияқты адамдар да өте әр түрлі,әр адамның жеке сызықтары,қисық жерлері,өзінше әдемілігі,тартымдылығы болады. Тек оны көре және сезіне білу қажет.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.
Данышпан философ фалес айтқан екен,
Дүниеде ең үлкен нәрсе КЕҢІСТІК
Бәрінен жүйрік ОЙ
Бәрінін дана УАҚЫТ
Бәрінен жеңіл БАСҚАҒА АҚЫЛ АЙТУ
Бәрінен қиын ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ТАНУ
II. « Тұлғаның үш түрі» әр түрлі қағазға Жасыл Сары Көк
Жасыл қағазға барлығы сияқты бір қасиеттеріңді жазасыз.
Көк қағазға кейбір адамдарға ұқсайтын қасиетіңізді
Сары қағазға өзіне ғана тән қасиетіңізді жазасыз.
Әр кім өз жазғанын оқып сыныппен талдау. Бұл жаттығу өзін және өзгелерді ерекше жағынан көруге, өзіне қолдау көрсетуді және өзінің жеке тұлғалық қасиетін көруге көмектеседі.
III. Негізгі бөлім: Өзіміздің ерекшеліктерімізді анықтадық. Енді топпен жұмыс жасап өзгені тануға көшеміз.
Тапсырма: Сыныптан екі оқушы сыртқа шығады. Қалған оқушыларға тапсырма; сіздің сыныпта оқитын қыз бала өз кварталындағы не подьезіндегі ұл балалармен темекі шегіп тұрғанын сырттағы екі оқушы көреді ; Сіздердің ойларыңыз сырттағы екі оқушы қандай әрекет жасар еді,- деп ойлайсыздар?
Нәтижесінде осы екі оқушының өз жауаптары олар туралы достарының жауаптарымен салыстырылып, «өзгені тани алу» қабілеттіліктері айқындалады.
Өзгені тани алдық па?
IV. Топен жұмыс. Әр түсті жүрекшелер тандап алуларына байланысты топқа бөліп алу. Жүрекшелердің артында тапсырма жазылып тұрады.
а/ сыныптас бір оқушыға жаман және жақсы қасиетін жазып мінездеме жазамыз, басқа жұп кім екенін табады.
ә\ Арман; аяқталмаған сөйлем «Егер мен осы алдымда тұрған мұғалім болсам …. »
б\ Шығармашылық жұмыс сурет немесе өлеңмен өз қабілеттерін ортаға салу тақырыбы «Міне мен немесе біз қандаймыз….»
в\ Менің түсінігім бойынша «өзін өзі тану деген …. »
V. Аңыз «Танымның қиын жолы» Өзіңді танудың қиын жолы
Үлкен күміс түсті балық өзенде жүзіп жүріп, домалақ аңқиған көзімен ойнап жүрген бала-шағаға қарады да аң-таң болып …. Осылар суға несіне қызығады екен,- деп ойлады. Олардың жерлерінде құм, шөп, тас ,жер тағы мен білмейтін талай дүниелер бар. Оларға не жетіспейді? Су оларға не керек екен? Мұнда ешқандай қызық жоқ қой, деп әдеттегідей жан жағына шоршып шомылып, жасыл қалын су, ақ құм, балдыр шөп, ұсақ ойнақтаған балықтар,болды фууу іш пысады… деп, күрсінді.
Бала- шаға суға сүңгіп асыр салып ойнап жатты. Балық ойлады «Мүмкін бұлар бір ортаны, басқа ортаға ауыстырғаннан рахат алатын шығар?» Ендеше мен де сөйтіп көрейінші деп, шортып секіріп аспанға көтеріліп қайта суға шолп етті де, «Иә» өте тамаша екен ауа жұтым тамаша, дегенше болған жоқ көңіл күйі қайта түсті.
«Мен дұрыс ойлаппын, ауа ол өте тамаша екен.» Ал сонда жер мен от қандай екен? Егерде құмға секіріп шықсам қалай болар екен деген ой келіп құмға секіріп шығады.
Сол ақ екен балық соққыға түсіп құм үстінде бұралаңдап жатқанда бір жаны ашыған бала оны қайта суға итеріп жібереді. Балық өз- өзіне әрең дегенде келіп тірі қалды.
Есін жинаған соң «Иә» деп ойлады балық , мен де осыны күтіп едім. Адамдарға жүзуді үйрену сияқты, маған да әлі өте ұзақ жүруге үйрену қажет екен,- деп жағаға қарай қайта жол тартты… Балықтың іс әрекетін қалай қарастыруға болады?
Қазіргі заман адамы туралы бір аңыз әңгіме айтып берейін.
Өзіне өте сенімді бір жас азамат мына заманға көңілі толмай оны өзгерткісі келеді. Ол үшін мектептегі оқуын алтын белгіге аяқтап, халықаралық қатынастар факультетіне түсіп оны қызыл дипломға бітіреді. Ол дипломат атағын алып әлемді өзгертуге бар күш жігерін, білімін салып жан тәнімен еңбек етеді. Он бес жыл өте келе, әлем өзгермегенін байқайды, қой өз қалам әлемнен кішігірім сол қаламды барып өзгертейін,- деген ой келеді. Қаласына келіп ғимараттар салып, адамдардың қаржы жағдайларын жақсартам деп жүріп оншақты жыл жұмыс жасайды, байқап қараса, қала да, адамдар да, өзгермегенін байқайды. Содан ол өз отбасын өзгертіп көрейін деп, бес жыл әрекет жасайды, бірақ еш өзгерісті байқамайды. Енді ол атқарған іс- әрекеттеріне талдау жасап, қой өзімді өзгертіп көрейін,- деген ойға келеді. Біраз уақыт өткенен соң, ол айналаның бәрі өзгергенін байқайды.
Неліктен? Не себеп болды? Өзгені өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгерт деген сөзді қалай ұғасыздар?
Адам баласы әр кезде өзін жақсы, дұрыс жаққа бағыттап өзінің жіберген қатесін мойындап отырса, өзімен өзі үйлесімде болады. Өзіңді танысаң, бүкіл әлемді танисың.
VI. Сабаққа талдау. Бүгінгі сабақты талдап көрейік әркім қоятын бағасын бір қолдың саусағымен, санақ бойынша бір мезгілде көрсету керек. Не ұнады? Қандай қиындықтар болды? Кімді бағалаған қиын,өзіңді ме — өзгені ме?
Өзін- өзі тану сабағының мұғалімі: Бейсембаева Алия Қабасқызы
Алдымен адам один тани алу кажет седан кейн өзгелерди де тани алады.Адамнын сыртына карап емес ішкі жан дүниесине карасу керек