Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Өзін-өзі тану

 

Критериалды бағалау туралы ата-ананы ақпараттандыру


Қазақстанның білім беру жүйесіне жүргізілген ЭЫДҰ шолуының негізінде оқушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және орта мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу ұсынылды.Оқушылардың мектепте білім алуы олардың жан-жақты дамуына бағытталған.

Оқушының қаншалықты дамығаны,қандай қиындықтарға тап болғаны туралы ақпарат алу ата-анаға аса маңызды.Осыған орай оқушының дамуына ,оқуға қызығушылығының артуына бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілуде.Бұл үшін әр оқушы мен оның ата-анасына түсінікті тілде ,айқын,нақты бағалау критерийлері бекітіледі.

Нақты критерийлердің көмегімен ата –ана баласының:

-білім алудың қай сатысында екендігі;
-неге талпынатыны;
-көмектесу үшін не істеу қажет екендігін біле алады.

критериалды бағалау жүйесі.
Ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екендігін білген жөн.Ата-ана мектепте бағалаудың критериалды негізде жүргізілетінін білгені маңызды.Бағалау критерийі арқылы баласының нені білуі және не істеуі керек екендігі анық көрсетіледі. Оқушының пән бойынша бағалануы екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау .

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үдерісінің ажырамас бөлігі,мұғалім мен оқушының арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде балаңызға балл немесе баға қойылмайды,оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.Мұғалім қалыптастырушы бағалау кезінде балаңыздың дәптеріне не күнделігіне кері байланыс жазып отырады.

Сіз мұғалімнің кері байланысына ыждағаттылықпен қарап ,балаңыздың оқу нәтижелеріне көңіл бөліп,қолдау көрсетуіңіз аса маңызды.бұл балаңыздың оқуда жіберетін олқылықтарының алдың алуға және жиынтық бағалауға дайындалуына әсерін тигізеді.Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының әр бөлімін және белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда балаңыздың үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Балаңыздың оқу пәндерінде бөлім бойынша жиынтық бағалау 2 реттен ,тек математика пәнінде 3 рет өткізіледі.Сонымен қатар өзін-өзі тану,дене шынықтыру,музыка пәндеріне жиынтық бағалау жүргізілмейді «сынақ» қойылады.Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында жүргізіледі,өткізілетін күн ата –ана мен оқушыға алдын ала хабардар болады,1 күнге 2 оқу пәнінен артық жүргізуге болмайды.

Осыдан барып балаңыздың оқу нәтижелері шығады:

Бөлім бойынша жиынтық бағалау+тоқсан бойынша жиынтық бағалау=тоқсандық баға.Әр бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау жұмысына балл қойылады да тоқсандық баға шығу үшін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың 50% және тоқсандық жиынтық бағалаудың 50 % жиналады,осыдан тоқсандық баға шығады.Жиынтық бағалау бойынша балаңыздың барлық жұмыстары портфолиосында жинақталады және Сіз танысуға құқылысыз.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Адами қарым-қатынас ізгіліктері
  • Өзімді және өзгелерді тани білу.
  • Адамның құқығы балалық шақтан басталады
  • Презентация өзін-өзі-тану
  • Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес

комментария 6 Пікір қосу

  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 18:22

    Кретиалды бағалау жүйесі ата-аналарға көмегі тиеді , соңымен қатар баланың дамуына зор ықпал жасайды.

    Ответить
  • Бекпенбетов Жаркынбек 06.02.2021 в 13:21

    Баланың оқу жетістігін ата-аналарда бақылап отырғаны абзал. Сондықтан да бұл мәселе жайлы концепция мазмұнды келтірілген.

    Ответить
  • Бибигул 06.02.2021 в 00:13

    Кретиалды бағалау өте тиімді.

    Ответить
  • Акнур 02.05.2020 в 17:05

    Казирги кезде ата ана ушин Баласынын окуы Биринши сатыда турган максат. Критериалды багалау жуйесин накидывает, толыкканды тусиндирип жазганыныз ушин рахмет

    Ответить
  • гаухар 31.10.2019 в 02:09

    Қазақстанның білім беру жүйесіне енгізіліп, сабақта пайдаланып жатқан жаңалықтармен ата-аналарды ақпараттандырып отыру өте қажет деп санаймын. Оқушының қаншалықты дамығаны,қандай қиындықтарға тап болғаны туралы ақпарат алу ата-анаға аса маңызды. Осыған орай оқушының дамуына ,оқуға қызығушылығының артуына бағытталған критериалды бағалау жүйесін әр оқушының ата-анасына түсінікті тілде ,айқын,нақты бағалау критерийлерімен танысып, білсе баласының білім алысының қай сатыда екенін анықтауға қажет болады.Баласының барлық жұмыс түрін оның портфолиосынан көре алады. Ата-ана, оқушы,ұстаз бірі- бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Жастардың болашағы мектеп қабырғасынан басталады.

    Ответить
  • Фарида 31.10.2019 в 01:59

    Дұрыс айтасыз. Көпшілік ата-аналар түсінбей, дау-дамай туындатады. Сол ушин ата-ананы ақпараттандыған тиімді

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.