Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып

Қысқа мерзімді жоспар   Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып (12-жылдық білім беруге негізделген эксперимент сыныбы)

(шеберлік сыныбы)

Сабақ тақырыбы: Екінші туынды және оның физикалық мағынасы

Сабақ мақсаты: Оқушылар функцияның екінші туындысы ұғымымен және оның белгілеуімен, физикалық мағынасымен танысады; екінші туындыны табу және оны физикалық есептерде қолдану біліктілігін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: Оқушылар екінші туындыны және оның физикалық мағынасын қолданып есептер шығарады, сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстарды орындайды, сабақ барысында өздерін бағалайды.

Сілтеме: Мемлекеттік білім стандарты, 11-сынып алгебра және анализ бастамалары оқулығы, дидактикалық материалдар

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Бірлескен оқу, диалогтық оқу, АКТ ны қолдану, сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқыту мен оқуды бағалау

Сабақ барысы:

Эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру, әр оқушының сабаққа деген өзіндік қатынасын анықтау

Оқушыларды сабаққа бейімдеу үшін, психологиялық тұрғыдан  дайындау үшін парақты төбелеріне қойып көршілерінің суретін салады да, өз тілегін жазып тапсырады.Критериальды бағалауға арналған дескрипторлар берілген кестелер таратылады. (5 минут)

Блумм таксономиясы бойынша:

Білу

Балалар! Бүгінгі сабағымызды «Мен кіммін!» ойынымен бастаймыз. Мен қазір сендерге әртүрлі есептер мен формулалар жазылған қағаздарды беремін. Келесі оқушыға барып мен кіммін деп сұрайсыңдар, ол оқушы осы формуланы толықтырып айтып береді немесе есептерді шығарады.

1. y=cosx  y″-?    2. y= 2x2+4x-2     y′-?    3. y=3x(x-1)   y″-?  4. y=   y′-?

5. y=f(x) функциясының екінші туындысы дегеніміз…….

6.Екінші туындының физикалық мағынасын түсіндіріп бер

7.  y″-?     8.y=(2x+1)5     y′-?    (5 минут)

 

 

Түсіну

 

Жұптық жұмыс . Деңгейлік есептерді шығару

А деңгей

 

1. f(x)=4xx3+-5       f ′(x)-?   f  ″(x)-?

2. f(x)=x2-2e2x-1                                      f ′(x)-?   f  ″(x)-?

 

B деңгей

Нүкте түзу бойымен  s(t) заңымен қозғалады (мұндағы t секундпен, x(t) метрмен өлшенеді). Нүкте қозғалысының  to  мезетіндегі жылдамдығы мен үдеуін табыңдар:

1. s(t)=t3-2t2-t   to=2c      2. s(t)=      to=7c

 

С деңгей

y=f(x) функциясының екінші ретті туындысын табыңдар және y=f ″(x) функциясының графигін салыңдар

f(x)=(x2+2)(x-1)+x4     ( 7минут  )

Сергіту сәті

Логикалық есептер шығару

1. Серуенде жүрген екі адам өзен жағасына келді.Жағада бір адам ғана сыярлықтай қайық бар. Бірақ екеуі де қайықпен өзеннен өтті де, ары қарай серуендеп кетті.Өзеннен қалай өтті?

2.Самат пен Марат қараңғы, лас шатырда ойнады.Екеуі төменге түскенде Саматтың беті қап қара кір, ал Мараттың беті тап таза болды.Сонда да болса Самат емес Марат бетін жууға кетті.Неге?

(3минут)

 

Талдау

Топтық жұмыс

 

«Екінші туындының өмірмен байланысы» оқушылар постер жасап, қорғайды (7минут)

 

Рефлексия

Бағалау

Дескрипторлар арқылы оқушылар өздерін бағалайды, сабақтан алған әсерлері жайлы өз ойларын білдіреді (3минут)

 

 

Үй жұмысы:  №380,  №381 есептер

   
Пікірлер9
  1. Бақыт

    Сабақ жоспары жүйелі құрылған ,ұнады

  2. СҚО, Тайынша ауданы, Чкалов Қалдыбек

    ҚМ сабақ жоспарыңыз жақсы жазылған.

  3. Қарашаш

    Жалпы алгебра, геометриядан ҚМЖ (9,10,11 сыныптар) керек еді. Бар болса хабарласыңызшы. Өтініш.

  4. Қарашаш

    Cабақ жоспарыңызды қалай алуға болады. Ұнады.

  5. Riskul

    Гүлмира, рахмет сабағыңыз өте жақсы жазылған

  6. Гульмира

    Мақалаңыз ұнады , жақсы екен Гульмира Шал ақын Сергеевка

  7. Гульмира

    Мукатаева, Шал ақын ауданы Сергеевка
    Мақалаңыз ұнады , орынды екен!

  8. balsulu

    жоспарыңыз ұнады

  9. Султанов Бахтияр

    ҚМЖ түзілген материалдаыңызды қалай алса болады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ