Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Маммология

 

Маститтің пайда болуы


Бірінші рет босанған жас әйелдердің арасынан емшегі ісіп ауыратындары жиі кездеседі. Емшегі ауырып, қолмен сипағанда білеуленіп тұрған қатты ісік байқалады. Бала емшекті дұрыс сора алмай, қиналады. Кейбір кезде әлгі ісік қайтып, емшек қайтадан алғашқы қалпына келеді.

Екінші бір жағдайда емшек қайтадан ісіп, білеуленгені кетпей тұрып алады. Мұндай жағдайда емшек пәлендей жанға батып ауырмағанымен, оның тастай болып, ауырғанын өзі сезеді. Не емшекте, не ананың денесінде ешқандай дене қызуы байқалмай, бірақ емшектің сүті азайып кетеді.

Бала қанша емгенмен емшек босап, орта түспейді, ал ана емшек емізгеннен кейінгі алатын жан рахатын сезбей, тынышы кете бастайды. Бұл жағдай көптеген аналардың емшек емізудің тәртібі мен түрлі әдістерін, санитарлық-гигиеналық шараларын, сүт саууды дұрыс орындамағандықтарынан немесе нәрестенің дұрыс еме алмауынан болуы мүмкін.

Егер, мұндай кезде ана дұрыс емделіп, бала емшекті мезгілімен еме бастаса, күрделі ем қолданбай-ақ өзінен-өзі кетіп қалуы мүмкін. Осылайша сүт жолдарында сүттің тоқтап, ашып, ұйып қалуынан босанғаннан кейін түрлі себептермен баласы өлі туып, емізбеген аналардың арасынан емшектің білеуленіп, ісуі көп кездеседі.

Сүттің емшекте тұрып ұйып қалуы — әлі мастит ауруы емес, оған микробтар түсіп, инфекция қоза бастағанда ғана маститке айналуы мүмкін. Мастит ауруын болдырмас үшін нәрестені мезгілімен емізіп, емгеннен қалған сүтті сауып тастау керек, сонда емшекті сүт кернемейді. Осындай кезде емшек салбырап кетпес үшін ақ шүберектен тігілген емшек тартқышпен көтеріп қою керек.

Емшек ісінген жағдайда сүт тоқтап қалады да, бала алғашқы сорғанда сүт шықпай қалады немесе өте аз шығады. Сондықтан бала екінші рет емшекті сормай қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда қолды жуып, емшекті сауу керек. Қалай сауу керек екенін алдыңғы мақаламызда жазған болатынбыз. Емшекті сауып босатқаннан кейін нәрестені емізсе, ол онан әрі еміп кетеді.

Егер емшек білеуленіп ісіп, дене қызуы қатты көтерілген жағдайда емшек шаншып ауыра бастайды. Ал бұған қосымша емшектің жарығы болса, мастит ауруының басталғаны деп есептеуге болады. Мастит ауруының пайда болуына емшек құрылысының көп жағдайлары себеп болады. Мысалы, толып жатқан сүт жолдары мен майлы клеткалар, лимфалық тамырлар өте көп болады. Аурудың осындай кезінде микроб қозатын болса, организмде оған қарсы тұратын ешбір күш болмайды.

Дененің қызуы өте жоғарылап 38—39°, тіпті 40°-қа дейін баруы мүмкін. Денені бір қыздырып, бір тоңдырып, қалшылдатады. Емшектің шаншуы күшейіп, ауруы өрши бастайды. Емшек ісіп, өзінің көлемін ұлғайтып, қызаруы мүмкін. Бұдан кейін емшектің тастай болып білеуленіп іскен жері қолмен ұстағанда, басқанда босаңқырап, іркілдеп тұрса, бұл іріңнің пайда болған белгісі.

Аурудың ұйқысы бұзылып, тәбеті қашып, жалпы денесі құрыстап, әлі кетіп, жағдайы нашарлай бастайды. Нәресте ауру емшекті сормай қояды, ал ауру емшекті емізуге ана да қашатын болады. Міне, осылардың салдарынан барып аурудың жағдайы ауырлай түседі.

Емшектің ісіп, ауырғанынан қолтықтың астындағы, тағы да басқа жақын жердегі лимфалық бездер шошып, ауыра бастайды. Бұларды сипағанда үлкендігі асбұршақтай, фасольдай болып тұрады. Адам ауырмай тұрған кезде оларды сипағанда білінбейді білінсе де, көлемі өте кішкентай болады. Міне маститтің серозалық (сірі қабықтың қабынуы) түрінің басталуы осындай.

Егер ауру әйел, ауруы басталысымен дәрігерге барып тиісті емін алса, ауру тоқтап, емшектің ісігі қайтып, денесінің ыстығы басылып, тамақты жақсы іше бастағанда балада бір қалыпты еме бастайды, сөйтіп аурудың іріңдеу сатысына жетпей-ақ жазылғаны деп есептеуге болады.

Егер ауруға мән бермей, уақытымен дәрігерге бармай жүре берсе, жоғарыда айтылған аурудың белгілері басталып, одан әрі ұлғайып, күш алып, сүт бездерінде ірің пайда болуы мүмкін.

Мастит ауруы жедел және созылмалы болып екі түрге бөлінеді. Жедел түрінде аурудың халі тез нашарлап, әлсізденіп, дене қызуы 38—38°, тіпті 40°-қа дейін жетуі ғажап емес. Адамның ауызы құрғап, тіл үстінде ақ таңдақтар пайда болады. Емшектің ісігі үлкейіп, қатая келіп, бүкіл емшекпен тұтасып кетеді.

Емшек қол тигізбей ауырады. Бара-бара емшектің ортасында немесе шетінде бос жерлер кездесіп, сипағанда жұмсақ көрінеді. Бұл — іріңнің белгісі. Емшектің ішінде мұндай іріңдердің бір мезгілде бір-біріне қатысы жоқ бірнешеуі пайда болуы мүмкін. Кейде бұлар бір-бірімен қосылып жатуы мүмкін.

Олар терінің үстіңгі қабатында, тіпті тереңде де болады. Іріңдерді емшек бездерінен бөліп тұрған қалыңдығы қағаздай қауырсын (капсула) деп аталатын мықты тканьдермен қоршалып тұрады.

Егер мастит созылмалы түрінде болса, жоғарыдағы айтылған белгілердің барлығы баяу жүріп, қызуы бірден білінбей, емшектің ісігі де байқалмайды. Ісік бола қалған күнде де, онша ауырта қоймайды, теріде де өзгеріс болмайды. Сондықтан ана емшекті емізе береді де, дәрігерге барып көрінбейді. Емшек бездерінің іріңдеуі де ұзаққа созылып, ауру да үздік-создық жүре береді.

Маститтің жоғарыда айтылған серозалық түрінен басқа да флегмоналық (шелдің қабынуы), гангреналық (шіру) түрлері де кездеседі. Ауру асқынған жағдайда іріңді шіру — некроздық формасы да кездесуі мүмкін. «Некроз» өлі ет деген сөз. Сонда емшек бездерінің іріңдеп, асқынған түрінің өлі еттеніп кетуі мүмкін. Көп жағдайларда іріңді маститті ауруханаларға, емханаларға жатқызып, хирургиялық жолдармен емдеуге тура келеді.

Ауырған емшекпен баланы емізуге болады ма?

Емшек ұшында жарықтардың пайда болу себептері.

Маститті қалай емдеуге болады?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Маститті емдеу
  • Екі қабат әйелдің гигиена шаралары
  • Мастит емшектің қабынуы
  • Емшек бездерінің құрылысы
  • Емшек ұшындағы жара

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Анара 17.02.2022 күні 10:52 уақытында

    Мен іздеген ақпарат екен. Омыраудан шығарғанда түйін қалып қоймады ма деп қорқып қалған едім. Мақаланы оқыған соң көңілім орнына түсті.

    Жауап беру
  • Ақбаян 25.10.2021 күні 18:17 уақытында

    ой мастит деген жаман дүние уақытында емдемесе соңы жақсы болмайды

    Жауап беру
  • Айгул 08.03.2020 күні 13:44 уақытында

    Мастит болмау үшін баланы емізген сайын көкіректі сауып тұру қажет.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.