Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Маммология

 

Емшек ұшындағы жара


Мастит ауруы бірден пайда болмайды. Алдымен емшек бездерінде бірсыпыра патологиялық өзгерістер болады, атап айтқанда, емшек ұшында жарық, жара және жарақат болуы мүмкін. Бұлар әр уақытта мастит ауруына соқтыра бермейді, дұрыс емдеген жағдайда жазылып кетеді.

Емшек ұшының терісі өте жұқа, әрі нәзік. Сондықтан емшек емізген уақытта оның ұшының терісі жырылып, сыдырылып кетуі мүмкін, жараға айналып немесе ұшы түбінен жарылып кетеді. Орта есеппен бүкіл босанған әйелдердің 50%-ның емшек ұшының терісі жарақаттанып ауырады. Әсіресе мұндай жағдайлар бірінші босанған, жастары 30-ға дейінгі әйелдердің арасында көп кездеседі.

Емшек емізген уақытта гигиеналық шараларды сақтамағандықтан, емшек бездерімен емшек ұшының дұрыс күтілмегендігінен, емшекті қолмен сауу салдарынан түрлі жарақаттар пайда болады.

Бірінші рет емізгеннен кейін-ақ, емшек ұшының терісінде көзге көрінбейтін жара, жарақат, жарық пайда болады. Олар емізген сайын үлкейе береді, оларға баланың аузынан не ананың қолынан, киген киімдерінен микробтар түсіп, жараларды ұлғайтып жібереді.Ал бала бірнеше күн емгенсін олар жай көзбен көруге болатындай халге жетеді.

Алғашқы кезде, бала еме бастағанда жара шымырлап йод тиген тәрізді болып ауырта бастайды. Кейін ауру ұлғая келе, тіпті емізуге болмайтын жағдайға ұшыратады. Жара қанап, емшек ұшына қан араласқан сүт қатып, жабысып қалады. Ал бұларды түсіремін деп қолмен шұқылағанда теріні онан сайын сыдырып, жарықты жараға айналдырады. Ондай жараның айналасы ісіп, ортасы ойсырайды да, бетін кілегей қабық жауып, қызарып, ауыра бастайды.

Емшек ұшы ішіне қарай батыңқы немесе болар-болмас шығып тұрған жағдайда емшек ұшы жиі жарылады. Жарығы бар емшекті балаға емізу ана үшін үлкен қасірет, өйткені бала сорған кезде өнбойын шымырлатып, өте қатты ауыртады. Баланы екінші қайтара емізу—ана үшін үлкен азап.

Мұндай жағдайда баланы емізбей, тек сауып алған сүтпен асыраған жақсы. Міне, бұдан кейін ананың емшек сүті азайып, сапасы да төмендейді. Сүттің сапасы бұзылып, азайғандықтан, баланы қосымша тамақтармен немесе донор сүтімен емізуге тура келеді. Бұл жағдай баланы ішек-қарынның ауруларына апарып соқтырады.

Сүт бездерінен бөлініп шыққан сүт, тиісті сүт жолдарымен ақпай тоқтап қалғанда ашып, үйи бастайды. Ақпаған шалшық судың көгергені сияқты, ағып шығуға жол таппаған сүт бұзылады да, оған әр түрлі зиянды микробтар түсіп, емшекте ірің пайда болады. Емшек сүтінің жолда тоқталып қалуы микробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай болып табылады.

Адам терісінің арасында көптеген микробтар әрқашанда да өмір сүре береді. Ал олар қолайлы жағдай туысымен алуан түрлі ауруларды қоздырып, тіпті кейде теріден көк етке дейін іріңдетіп жібереді. Дені сау адамның терісі ешқандай микробтарды өткізбейді. Олардың өтуі үшін терінің бетінде жарық, жара, жарақат болуы қажет.

Емшек ұшының терісі жарақаттанғанда микробтар емшек бездеріне өтіп, іріңді ауруларының бірі — маститке ұшыратады. Кейде сүт жолдары арқылы да микробтар еніп, емшектің безін шошытып, іріңдетеді, әрине, бұл көбінесе санитариялық-гигиеналық шараларды сақтамағандықтан болады.

Емшек бездерінің іріңдеп, маститке айналуына босанғаннан кейінгі 10—14 күнге дейін жатырдан бөлініп шығатын қанды су да себеп болуы мүмкін. Ал мұндай қанды су микробы бар іріңнің пайда болуына негіз болады. Ана өзінің жеке басының тазалығын сақтамай, қолын жумай, баланы емізгеннен де қанды су жұғып, ол арқылы микроб түсуі мүмкін.

Емшектің мастит ауруына шалдығуына емшекті бір нәрсеге қатты соққанда, қасығанда түскен жарақат, шиқан-сыздауық сияқтылар себеп болады.

Кейде емшек ұшында жарақат болса да микробтар тусіп, іріңді ауру қоздырмайды. Ал басқа бір жағдайда сол микробтар денені іріңдетеді, ауыртады, тіпті шірітіп жібереді. Мұндай жағдай әйел организмінің әр түрлі факторларының өзгешеліктеріне және түрлі ауруларға қарсы тұратын қасиеттерге байланысты.

Сондықтан да бала емізіп жүрген ананы түрлі аурудан, салқын тиюден сақтандырған жөн. Аурудан алдын ала сақтанудың басты шарты денешынықтыру және спортпен шұғылдану. Дене шынықтыру ісі адамның денсаулығын күшейтіп, әр түрлі инфекцияға қарсы тұруға үлкен жәрдем етеді. Бізде әйелдер мен қыздардың спортпен айналысуына қажетті жағдайдың бәрі жасалған, тек пайдалана білу керек.

Ауырған емшекпен баланы емізуге болады ма?

Емшек жарақатын емдеп жазу жолдары.

Босанғаннан кейін емшекке дақ түсірмеу шаралары.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мастит емшектің қабынуы
  • Маститтің пайда болуы
  • Емшек жарақатын емдеу
  • Емшек күтімі
  • Маститті емдеу

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Лаура 08.12.2021 күні 00:14 уақытында

    дал қазір мендегі жағдай еді. рахмет себебі мен профилактика үшін көп мәлімет алдым

    Жауап беру
  • Майра 19.02.2021 күні 22:20 уақытында

    Менің көкірегім босанғанда жазылған жерінде инфекция түсіп содан емізбе деген еді содан емізбедім но уже 1 жасқа толды балам емізбегеніме 8 ай болды ұшы жарылып тұрады ауыру сезінемін кейде шаншып тұрады

    Жауап беру
  • Айнагүл 09.02.2021 күні 12:42 уақытында

    өте дұрыс айтылған, менікі де солай жара шығып, қабыршықтанып кете беруші еді. мастит ауруы бар екенін, осылай басталатынын да білмеппн

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.