Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Маммология

 

Емшек күтімі


Қазіргі таңда әйелдер үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Екі қабат әйелдердің денсаулығын сақтауға қамқорлық жасалып, олар босанғанға дейін де, босанғаннан кейін де бақылауға алынып отырады.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің алдын ала жүргізіп жатқан шаралары нәтижесінде әйелдер арасында ауру-сырқау анағұрлым кеміді.Жаңа туған балаларды емізуге байланысты жас босанған әйелдерде көп кездесетін мастит (емшектің қабынуы) деп аталатын ауру да азая бастады.

Мастит бала емізбейтін әйелдер арасында өте сирек кездеседі де, ал тұңғыш бала емізіп жүрген жас аналарда көбірек ұшырайды— бұлардың жалпы санының 0,5 тен 4,5% ға дейіні маститпен ауырады. Бұл ауру бала мен ананың денсаулығы үшін өте зиянды, өйткені ана емшегі ауырғандықтан баланы уақытылы емізе алмайды, бала ашығады, нәзік болып өседі, ауруға көп шалдығады.

Ана сүті — бала үшін ең жақсы тамақ, оның өсіп есеюіне көмектеседі. Өйткені онда қажетті заттардың бәрі де — белок, май, углевод, тұз бар.Нәрестеге өз анасының сүті жеткіліксіз болған жағдайда, олардың жақсы өсіп, есеюі үшін қосымша тағамдармен тамақтандыруға тура келеді.

Нәресте өмірінің алғашқы айларында ішек-қарын жүйесі ана сүтінен өзге тамақты қорыта алмайды. Сондықтан қосымша берілген тамақ (сиырдың, ешкінің сүтіне жартылай су қосып пісірілген бөкпен, ботқа, т. б.) қорытылмай, неше түрлі ішек-қарын ауруларына ұшыратады. Мұндай аурулар нәрестені жүдетіп, оның өсуіне үлкен кедергі келтіреді.

Сондықтан да әйелдер емшек бездері ауыра бастасы мен ақ дәрігерге қаралып, тиісті жәрдем алса маститтің тез жазылып кетуі мүмкін. Ал, ауру асқынған жағдайда емшек бездері ісініп, қатаяды, одан кейін ісік босап, іріңдейді, қызарады, дене қызуы көтеріліп емханаға жатып, операция жасаттыратын жағдайға соқтыруы мүмкін.

Кейбір әйелдер, әсіресе бірінші рет босанған жас аналар өздерінің емшек бездерінің ауырғанына мән бермей, медициналық жәрдем орындарына кешігіп барады. Мұндай жағдайда емшек бездерін маститтен сақтап қалу былай тұрсын, тіпті ол ауруды асқындырмаудың өзі қиынға түседі.

Әсіресе ауылда, тұратын жас әйелдер дәрігерлерге барудың орнына медицинадан хабары жоқ адамдардың кеңесін тыңдап, ауруды асқындырып алады. Бұл дұрыс емес. Мысалға, өзімнің дәрігерлік тәжірибемнен бір оқиғаны айта кетейін. Жас әйел бірінші баласын туғансын бір айдан соң сол жақ емшегі ауыра бастаған.

Ол аудан орталығындағы емханаға бармай, әркімнің айтқанын тыңдап, әр түрлі шөптерді қайнатып, ыстықтай емшегіне баса берген. Содан емшегі күп болып ісіп, бірнеше жерден тесілген, ірің аққан.Сонда ғана дәрігерге барған, 5 – 6 күн ішінде емдеп, жазуға болатын ауруы бір жарым айға созылған, бірнеше рет операция жасаттырған.

Бұл аурудың пайда болуы жас ананың емшекті дұрыс күте білмеуінен, санитарлық-гигиеналық шаралармен таныстығының аздығынан, нәрестені емізу тәртібін дұрыс сақтамағандығынан болуы мүмкін. Сондықтан жас аналар әрдайым өз бастарының гигиеналық тазалықтарын дұрыс сақтап, емшектерін бала емізуге дайындай білулері қажет.

Сайтымыздың бұл бөлімінде жас аналарға емшек бездерінің ауруларынан қалай сақтанып, емшекті күте білу әдістері туралы кеңестер береміз.

Емшек ұшында жарықтардың пайда болу себептері.

Ауырған емшекпен баланы емізуге болады ма?

Емшек бездерінің құрылысы және атқаратын қызметі.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Маститті емдеу
  • Емшек бездерінің құрылысы
  • Екі қабат әйелдің гигиена шаралары
  • Мастит емшектің қабынуы
  • Емшекке дақ түсірмеу шаралары

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Индира 21.09.2021 күні 14:59 уақытында

    Өте керек ақпарат екен. Дами беріңіздер.

    Жауап беру
  • Құндызай 13.09.2021 күні 07:49 уақытында

    Өте пайдалы ақпарат екен.Керекті мағынасы зор мәліметтер көп екен

    Жауап беру
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 күні 18:59 уақытында

    Пайдалы ақпарат алдым, өзім жақын күндері баламды омыраудан шығарып едiм.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.