Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Мақал-мәтелдер

 

Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы


Ел боламын десең бесігіңді түзе.

Бала тілі бал.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Бірлік болмай,тірлік болмайды.

Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

Не ексең соны орасың.

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі

Жаяуға жол алыс.

Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.

Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.

Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.

Жоқшылық  ердің қолын байлар.

Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.

Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы

Есекке алтын ноқта тақсаңда есек болады.

Балықшы балықшыны алыстан таниды.

Өтірік өрге баспайды.

Қанағат қарын тойдырады.

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.

Балалы үйде өтірік жатпайды.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол

Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

Жігітке жеті өнерде аз болады.

Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Көз қорқақ, қол батыр.

Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Есектің жүгі жеңіл болса жатаған келеді.

Денсаулық зор байлық.

Ішің ауырса аузыңды тый,көзің ауырса қолыңды тый.

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.

Әке өліп, бала қалса,
Мұратына жетеді;
Бала өліп,ата қалса,
Арманы іште кетеді.

Әке тұрып, бала сөйлесе шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе еркіндігі.

Атадан бала, мойыннан жаға озбайды.

Атасы басқа аттан түс,
Атасы бір, атқа мін.

Алыссаң атаң болса да жық,
Аясаң көтеріп жібер.

Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді.

Құлынында кісінемеген ат болар,
Атасын көрмеген ұл жат болар.

Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әр үйлі жанға ортақ.

Өзіңді көрген өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Ата даңқымен ұл өтер,
Ана даңқымен қыз өтер.

Атадан ұл қалса, өзі қалғаны,
Қыз қалса, ізі қалғаны.

Құс балапаны үшін торға түседі,
Ата баласы үшін азапқа түседі.

Тай ат болса, ат тынар,
Ұл ер болса, ата тынар.

Әке-бауыр, бала-тас.

Әке-жезде, шеше-күйме.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.
Әкесі достың баласы дос.

Әкеге баланың алалығы жоқ.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Әке өлсе мүлкі мұра,
Аға өлсе жеңге мұра.

Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп.

Әке отырып, ұл сөйлегеннен без,
Ана отырып,қыз сөйлегеннен без.

Өз қолыңда болмаса, әкеңде жат.

Жақсы жезде әкеңдей болар.

Соры қалың әкенің-
Кер бағып ұлы өседі,
Сөз бағып қызы өседі.

Баланың балалығына әкенің даналығы бар.

Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

Аллаға сенген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады.

Жоққа-салауат,
Барға-қанағат.

Кедейшілік есіктен кірсе,
Иман терезеден шыға қашады.

Садақаны сауыңда бер.

Ақ жол-айғақ,
Қара жол-тайғақ.

Адамның басы –
Алланың добы.

Атың жаман болса, қарың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.

Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.

Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.

Сын түзелмей-
Мін түзелмес.

Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.

Иілген басты қылыш кеспес.

Әркім өз кездігімен өлшейді.

Әркім өз бойына қарап-тон пішер.

Көштің байсал тапқаны
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны
Көлденеңге барғаны.

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Сезікті-секірер.

Аузы күйген –үріп ішер.

Керіскеннің кесірі-
Келген бақты кетірер.

Әділ болсаң ақжарма,
Жақсы іске билік қыларсың.

Сараңдықтың соңы-арамдық.

Малым-жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы.

Үмітсіз жаннан без,
Қайырсыз малдан без.

Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.

Сөз-сүйектен өтер,
Таяқ еттен өтер.

Бар барын жейді,
Ұятсыз арын жейді.

Пасық адам белгісі:
Өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.

Ақ пен қараны шындық айырар.

Ар қайда болса,ұят сонда.

Ұрының арты қуыс.

Арыңды жастан сақта.

Қанағат кеткеннен-
Қасиет қашады.

Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.

Алдыңа келсе,
Атаңның құнын кеш.

Малыңа сүйенбе,
Арыңа сүйен.

Ақкөңіл адамға-
Біреудің сырқаты да батады.

Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.

Пейілі жаман бәлеге жолығар.

Өзім білем –өрге апармас.

Ақ көңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да, жамандық шықпас.

Арақ атаңнан қалған ас емес.

Арақты итке құйсаңда ішпейді.

Өзге елдің оты,
Өз еліңнің түтініне татымас.

Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.

Ел аузына елек қойып болмас.

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Адассаң елмен адас.

Елді іс біріктіреді, сөз бұзады.

Елді сөкпе, кенді төкпе.

Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ,

Ел ағыны мен су ағыны тең.

Ел қадірін көрген біледі,
Жол қадірін жүрген біледі.

Ел аузы дуалы.

Ел құлағы елу.

Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.

Есің барда еліңді тап.

Беліңнің мықтысы бір басыңа,
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.

Жер шежіресі-ел шежіресі.

Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.

Жақсы бала-сүйік

Жаман бала-күйік

Бесік баласы бес түлейді

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Нақыл сөздер жинағы
  • Ой ағыны (нақыл сөздер)

комментария 134 Пікір қосу

  • Аяла 18.09.2023 в 20:18

    Өте жақсы маған ұнады өте керемет 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

    Ответить
  • Аяжан 23.08.2023 в 08:12

    тура керек іздегенімді таптым

    Ответить
  • Германова Домна 31.07.2023 в 14:09

    Өте жақсы мақал-мәтелдер, кейде біздің өмірімізге өте қажет өте дана сөздер. Мен осы мақаланы толығымен оқып шыққаныма және өзім үшін көптеген пайдалы ақпаратты алғаныма өте қуаныштымын. Осындай ақылды да маңызды сөздер, мақал-мәтелдер үшін үлкен алғысымды білдіремін.

    Ответить
  • аяна 30.03.2022 в 18:53

    бызге казак тылы апай 50 макал мател жаттасын деп берген патом демалыстын алдында чайпития жасагамбыз сосын гулшат апайды шакыргамбыз гулшат апай казак адебимен казак тылыден беретын апай сосын гулшат апай жеп алган кезде барлыгымыз скитка жасанызшыдеп сурадык сосын апай 25 макал мател жаттандар деды

    Ответить
    • Сека 08.04.2022 в 16:12

      Жарайсыңдар))))))))

      Ответить
    • Айым 12.10.2022 в 08:07

      Бізге неге айтып жатсың? Не керек ол бізге

      Ответить
  • Аягоз 22.03.2022 в 11:15

    Мақал -мәтелдер мен нақыл сөздер өте көп. Рақмет

    Ответить
    • Ң 25.02.2024 в 18:15

      Ң

      Ответить
  • Аягоз 22.03.2022 в 11:14

    Мақал -мәтелдер өте көп. Рақмет

    Ответить
    • Дарина 15.05.2022 в 10:13

      Я өте көп. Рахмеееет!!! Жарайсыздар!!! ?

      Ответить
      • Дарина 15.05.2022 в 10:14

        Маған мақал-мәтелдер ұнайды

        Ответить
  • Гульнар 17.03.2022 в 19:50

    Қазақтың мақал-мәтелдері қай кезенде де өте қажет

    Ответить
  • Бибинур 14.03.2022 в 01:03

    Сәлеметсіздерме бұл сайтқа кіріп көптеген жаңа мақал мәтелдер мен таныстым мағыналы

    Ответить
  • Гүлсім 15.02.2022 в 23:19

    1Есің барда еліңді тап- ес бар да адаспа
    2 Ел ауызы дуалы-ел қалып айтпайды
    3Ел құлағы елу- ел қалып айтпайды
    4
    Аұ пен қараны шындық айырар-айырады ақұа құдай жақ
    5 ұрының арты қуыс- ұрының арты бир тұтам
    6Арыңды жастан сақтан- сақтасаң бақыт сонда
    7қанағат кеткеннен қасиет қашады-қанағатсыздық түбіне жетер
    8адамдықтың нұры бол.адалдықтың ұлы бол- адами қасиет өте бағалы қасиет.адами қасиет қымбат
    9малыңа сүйенбе арыңа сүйен- акша емес адалдық.шындық жеңеді
    10өзі бола алмайды.болғанды көре алмайды- іш тарлық арамылық деген осы
    11ерден асұан бар.елден аспақ жоқ- елден асқан көбеймес
    12жақсы бала сүйік.жаман бала күйік- жаксы бала басыңды төрге сүйрейді.жаман бала басыңды көрге сүйрейді
    13бесік баласы бес түлейді- бесік бала сағаттап өседі екен.
    14ел жасымен көрікті.тау тасымен көрікті.ая асымен көрікті- әр нәрсе өзімен жаратылыспен әдемі.жасандысыз
    15жер шежіресі.ел шежіресі- жер қуанышы ел қуанышы.жер қайғысы ел қайғысы

    Ответить
  • Гүлсім 15.02.2022 в 22:31

    Ата -бабаларымыз қандай ақылды сөздер калдырған десеңізші. Мен тәнтімін осындай бабаларымызға

    Ответить
  • Майра 06.02.2022 в 19:16

    Осы мақал мәтелдің бір жерге жиналғанын тапқаныма қуаныштымын. Мақал мәтел жарыстырып ойнағанға өте керек сайт!

    Ответить
  • Тамара 15.12.2021 в 15:32

    Мақал-мәтелдердің өзі өмірден алынады емес пе.Ұрпағымыздың мақал жаттап,оны өмірде қолданып жүргендері керемет емес пе.

    Ответить
  • Ақбаян 25.10.2021 в 18:23

    қазақта небір керемет нақыл сөздер мен мақал мәтелдер бар я шіркні

    Ответить
    • Женыс 07.02.2022 в 15:32

      Сен мен таныдынба

      Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 18:58

    Сәлеметсіздер ме! Сайтта өте-көп мақал мәтелдер жинағы бар екен, рақмет. Өте ұнады

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 18:53

    Сәлеметсіздер ме! Сайтта өте-көп мақал мәтелдер жинағы бар екен, рақмет.

    Ответить
  • Замзагуль 18.08.2021 в 14:28

    балалрға ерте кезден мақал мәтел айтып жаттатып отырған дұрыс. Біздің ата бабаларымыз ерте кезден алдын болжап осындай нақыл сөздер айтып кеткен.

    Ответить
  • Гулмира 08.07.2021 в 08:59

    Сайтқа жариялаған мақал мәтелдеріңіз өте керемет?қазіргі кезде ұмыт болып бара жатқан осы мақал мәтелдерімізді дәріптеп ,жинақтап көпшіліктің назарына ұсынғандарыңыз үшін мың алғыс???

    Ответить
  • Баян 04.04.2021 в 16:48

    магыналы манди такырыптарга арналган оте жаксы

    Ответить
    • Султан 01.12.2021 в 12:08

      Салем рахмет

      Ответить
  • Толғанай 28.02.2021 в 15:07

    Өте жақсы мағыналы мақалдар. Үйдегі кішкентай қацынсіңілем мен қайынінім жаттап алды. Әдемі

    Ответить
  • каракат 24.02.2021 в 12:28

    керемет мақал жиыны пайдалануға тұрарлық

    Ответить
  • Бекпенбетов Жаркынбек 06.02.2021 в 13:24

    Мақал- мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Ол шешен де, көсем сөйлеуге үйретеді.

    Ответить
  • Данил 01.02.2021 в 10:04

    Иа

    Ответить
  • Алия 29.01.2021 в 16:54

    Мақал адам өмірінің барлық саласын қамтыған. Алайда заман талабына сай өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, еңбек туралы айтылған мақалдардан халықтың оған деген көзқарасын білуге болады.

    Ответить
  • Муслима 19.01.2021 в 11:20

    Сабаққа өте керек.

    Ответить
  • САМАЛ 15.01.2021 в 15:42

    Қазақтың мақал-мәтелдері тұнып тұрған тәрбие

    Ответить
  • Мен 11.01.2021 в 16:43

    Керемет Ата бабам

    Ответить
  • Майра 19.12.2020 в 11:48

    Осы бабаларымыздан қалған мақал мәтел, нақыл сөздердің расымен де жаны бар, мән мағынасы бар. Не деген дана болған десеңші бабаларымыз.

    Ответить
  • Гүлдана 05.12.2020 в 16:49

    Әке тұрып, бала сөйлесе шіркіндігі, Аға тұрып, іні сөйлесе еркіндігі.

    Ответить
  • Дана 01.12.2020 в 14:35

    Керемет магыналы макалалар. Рахмет сиздерге .

    Ответить
  • Гүлфариза 22.11.2020 в 17:48

    Саламетсіз. Өте жақсы маған ұнады. Көбие берсін рахмет. Алла разы болсын

    Ответить
  • казакпын 15.11.2020 в 13:58

    барын жатап жатырмын куши екен кунде осы еркетайга кырып турам
    ъ

    Ответить
  • мейирлан 14.11.2020 в 15:28

    мааааа мен осы сайттан коп нарсе уйрендым класс еркетай сайты кушты

    Ответить
  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 в 00:14

    Қандай керемет құрылған ,тәрбиелігі мол, 90 сөздің орнына бір мақал иә мәтелді айтсаңда жетіп жатады.

    Ответить
  • Бахытгул 28.10.2020 в 08:07

    Мақалдарыңыз өте мағыналы жазылған екен. Көп рақмет.

    Ответить
  • Шынар 25.10.2020 в 15:15

    Істеріңізге сәттілік!

    Ответить
  • Жансая 24.10.2020 в 00:42

    маған дейтін дыбыс үндестігіне сәйкес мақал мәтел қажет болып еді. Екі ауыз сөзіміздің бірін мақалдатып сөйлесекте тап осындай тапсырма орындауда қиындық тудыратын. Көп көмегі тиді. дыбыс үндестігіне байланысты 15 мақал мәтел жаз деген тапсырмаға осы сайттан 12 мақал мәтел тауып жаздым. Көп рақмет. Іздеп отырып, біраз көзім ашылып, сөздік қорым бір байып қалды ау деймін. Көп рақмет

    Ответить
  • Акерке 21.10.2020 в 17:16

    Мақал- мәтел оқушыларға ойланып жауап беруге көмектеседі. Астарында көп мән бар

    Ответить
  • БАЛНУР 14.10.2020 в 20:05

    МАҒАН УНАДЫ ОСЫ МАКАЛ

    Ответить
  • Жансулу 09.10.2020 в 09:24

    Жарайсыздар сабақта балаларға сіздердің сайтыңыздан бірнеше нәрсе үйретіп жатырмын

    Ответить
  • Гаухар 01.10.2020 в 10:52

    Макалдар балаларга керек. Мектеп жасымда коп пайдаланатынбыз, окинишке орай казирге кезде биздин балаларга кызык емес болып калды. Отиниш, такырыптарга болинсе, жаксы болар еди.

    Ответить
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 в 02:51

    бір сөздің астарында қанщама мән мағына жатыр

    Ответить
  • Нурболат 06.09.2020 в 20:23

    Ең мықты есімде қалғаны, Атаңның құлы айтсада,
    Әділдікке басыңды и дегеніне риза болдым

    Ответить
  • Гулайша 20.08.2020 в 03:51

    Мақал-мәтелдің тәрбиелік қағидалары мол. Әрқайсысының мағынасына үңілсең, көңілге тоқыр тәрбиелі ұғымға толы.

    Ответить
  • Айгерім 23.05.2020 в 02:06

    керемет , балабақшада күніне бір екі рет жаттап отырамыз

    Ответить
    • Адия 06.02.2023 в 21:11

      Ен адемi макал-мателдер?

      Ответить
  • Гүлзат 21.05.2020 в 12:54

    балалрға ерте кезден мақал мәтел айтып жаттатып отырған дұрыс. Біздің ата бабаларымыз ерте кезден алдын болжап осындай нақыл сөздер айтып кеткен.

    Ответить
  • лаура 26.04.2020 в 16:16

    Макал мәтелдерді жатка білетін балалар аз. көп жаттату керек.

    Ответить
  • Жанна 26.04.2020 в 06:52

    Мақал-мәтел тәрбие көзі, ақылдың өзі. Әр-бір мақалдың өзіндік терең мағынасы бар. Сайт өркендей берсін!

    Ответить
    • Абдилазим 08.02.2021 в 08:43

      Мен шет елдерде біраз ақылы тренингтерге қатыстым . Қандай тақырыпта болмасын, әр тренинг соңында қазағымның мақалы есіме түсе берді. Он күн бойы сайрағандары қазағымның бір ақ айтқан сөзі екен. Осыдан түйген ойым тренингкке ақшамызды шет елдік сәегейлерге ақшамызды шашу ысырапшылдық екенін түсіндім. Оның орнына өз бабаларымыздан қалған ұлық сөздерді жинақтап , талқылап, мағынасын түсініп өмірлік азық қылып , керісінше шет елге сабақ ( тренинг) жүргізуімізге болады екен ағайын.»Ауылдағының ауызы сасық»- демекші , біз қазағым айтқан құнды сөздерге құлағымыз үйреніп кетіп мән бермей кетіппіз.

      Ответить
  • Нарат Мейірбан 24.04.2020 в 18:15

    мақал мателдер жинағы жақсы жинақталған екен. көп пайдасы бар.

    Ответить
  • Бекзат 19.04.2020 в 22:11

    Саламатсыз ба? Я мен Жулдыздың пікірімен қосыламын. Себебі мақалдар ретсіз орналасқан. Егер топтастырылып жазылса ретсіз болмас еді. Негізі өнеріңіз жаман емес жақсы.

    Ответить
  • Аманкелді Жайлыханұлы 18.02.2020 в 10:33

    бұл мақалдарды тақырыпша бойынша көрсетсе жақсы әрі ыңғайлы болар еді.іздеп табуғада тез.жалпы білмейтін мақалдарды таптым.рақмет еңбектеріңізге)

    Ответить
  • Бекзада 11.02.2020 в 09:14

    Мақалдар жинағы өте қызық керемет балаларға жаттауға жеңіл оңай

    Ответить
  • Жулдыз 02.02.2020 в 12:28

    Сәлеметсіз бе?! Мақал-мәтелдер жинағы ұнады. Бірақ бұларды топтастырып шығару керек еді. Мысалы отбасы туралы мақал-мәтелдер, отан,туған жер туралы деп топтастырып шығарсаңыз бізге де, сізге де жақсы болар еді. Еңбегіңізге рахмет!

    Ответить
  • Шынар 30.01.2020 в 02:13

    мақал-мәтелдің астарында көп мән-мағына бар екенін балаларға түсіндіруге көмегі тиді, себебі балалар кітаптан оқығанн гөрі видеодан қызыға қарады. кейбір мақалдың мағынасын да өз ойларымен айтуға дағдыланды. бізге өте жақсы ұнады.

    Ответить
  • Шынар 20.01.2020 в 00:00

    бұл сайтқа алғаш кіруім бірақ біраз керекті мақалалар көріп отырмын. қуаныштымын

    Ответить
  • Айнур 18.01.2020 в 08:50

    Мақал мәтелдер кандай тамаша, қазақтың нақыл сөздері балаларға тәрбие беруде маңызы зор.

    Ответить
  • Таңшолпан 07.01.2020 в 07:11

    Еркетай.кз сайты сіздерге көп-көп рахмет. Жұмыстарыңыз жемісті болсын.

    Ответить
    • Бекзат 19.04.2020 в 22:09

      Саламатсыз ба? Я мен Жулдыздың пікірімен қосыламын. Себебі мақалдар ретсіз орналасқан. Егер топтастырылып жазылса ретсіз болмас еді. Негізі өнеріңіз жаман емес жақсы.

      Ответить
  • Нұра 15.12.2019 в 19:26

    Қайырлы кеш! Қазақ халқының мақал мәтелдері кең мағыналы тәрбиенің қайнар көзі десек артық айтқандық емес! Өскелен ұрпаққа оны түсіндіріп ашық жеткізуде, сіздердің жинақталған жұмыстарыңыз септігін тигізді. Үлкен рахмет!

    Ответить
  • Бисенбаева Мирамкүл 11.12.2019 в 11:26

    саламатсыздар ма? осы сайттан алған мақалдың түр түрімен оқушыларға таныстырдым,ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге оқушыларды үйретуге таптырмайтын мақал -мәтелдеріңіз үшін сіздерге алғысым шексіз

    Ответить
  • Сезім 10.12.2019 в 21:37

    Қазақи мақал мәтелдер балаларды патриоттық сезімдерін оятуға көмектеседі.Мұндай мақалдар сабақты қызықты өткізуге көп көмектемседі.

    Ответить
  • Анар 09.12.2019 в 18:01

    Мақал мәтелдерді міндетті түрде жаттату керек жаксы

    Ответить
  • Сабира 05.12.2019 в 23:54

    Сіздердің сайттарыңыздың ұжымына үлкен рахмет! Қандай тамаша дүниелер балалалардың дамуына зор ықпал етеді. Еңбектеріңіз жана берсін!

    Ответить
  • Жанар 25.11.2019 в 20:44

    Өсіп келе жатырған балаларға керекті тапсырма да, өлеңдерде көп екен, рақмет, бұл мәліметтерді үнемі қарап отырсаңыздар өкінбейсіздер

    Ответить
  • Асель 21.11.2019 в 22:50

    Сіздерге улкен алғыс. Баланың дамуына қажетті материалдардың бір орында болғаны жақсы екен.

    Ответить
  • Актоты 25.10.2019 в 01:53

    Балаларды «Сөз мейегі-мақал» дегендей ата-бабамыздан қалған өсиетсөздер арқылы адамгершілікке, өз ойын дұрыс жеткізуген, тауып сөйлеуге, сосн сөздік қорды молайтуға және мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнріне дағдыландырған. «Сөздің көркі-мақал» деп дұрыс айтылған. жинақ жақсы жинақталған.

    Ответить
  • Аксана 18.10.2019 в 20:56

    Оте жаксы топтама балалардын тилин дамытуга оте керемет.

    Ответить
  • Молдир 01.10.2019 в 22:04

    Макал-мателдер халык ауыз адебиетинин бир тури екенин бар адам биледи.балаларымызга коп айтуымыз керек.балаларымыз билсе даналыктын бари макал-мателде екенин билип оседи.кунине бесеу айтсак та жетеди.балаларымыз оз ойын макалдап турып жеткизсе, нур устине нур болар еди, агайын!

    Ответить
  • ммаржан 25.09.2019 в 18:49

    Еркетай сайтының материалдары өте маңызды,мағыналы.Пайдасы көп.Ұжымға толағай табыс,еңбектерінің жемісін көруді тілеймін.Әрқашан сәттілік тілеймін.

    Ответить
  • Индира 25.09.2019 в 13:57

    Жаксы айтылған мән мағынасы бар

    Ответить
  • Бибайша 12.11.2018 в 23:19

    Мына мақалдың жалғасын білесіздерме: Ынтымақ — оқ өтпес сауыт,……

    Ответить
  • KZ 15.10.2018 в 20:45

    TAMASHA

    Ответить
  • Айнур 06.11.2017 в 13:03

    Омырдын, бакытты, нан, бастауы.
    Атын, шыгарар, енбек, ердын осы сойлем мушелерынен макал мател курастырып берынызшы

    Ответить
  • Лэйла 09.09.2017 в 11:49

    Сәлеметсіз бе?! арине осындай қазақтың мақал-мәтелдерін жинақтап жариялайтын сайттардың болғаны жақсы, бірақ не жариялап жатқандарыңызға бір қорытынды жасасаңыздар. барлығын оқып шықтым деп айта алмаймын деседе кей мақалдарыңызда қате, немес өзгерулер бар мсалы: «Жақсы әке жездедей-ақ» жезде деген бөтен адам жақсы әке жатпен тең дегенге келіп саяды мағынасы, ал негізінде «Жақсы жезде әкеңдей-ақ» жат болсада туғаныңдай болып кеткен адамға айтылады. екіншіден бул аса қате деп те айта алмаймын, «Ердің қолын жоқ байлар» деген, ал негізінде «Жомарттың қолын жоқ байлар» деген мақал яғни жомарт деген -кедей адамды айтады. Ата-бабамыздан қалған мұраны қаз қалпында келер ұрпаққа жеткізу біздің ұлы парызымыз деп білем! Бұл кемсіту, тырнақ астынан кір іздеді деп түсінбеңіздер, бұл тек менің пікірім, ұсынысым. Істеріңізге сәттілік!

    Ответить
    • Erketai 24.10.2018 в 01:42

      Пікіріңізбен сыныңызға рахмет әкеге байланысты мақал жөнделді. Лэйла:….. «Жомарттың қолын жоқ байлар» деген мақал яғни жомарт деген -кедей адамды айтады. Екіншіден сіз жомарт деп кедей адамды айтады дейсіз, бірақ олай емес жомарт деп қолы ашық адамды айтады. Мысалы мынадай мақал бар: «Егінші мәрт, жер жомарт» деген.

      Ответить
      • Жумамуратова Жулдыз 02.12.2020 в 16:05

        автор сізге қосыламын Жомарттың қолын жоқ байлар деген сөздің мағынасы-бұл жомарт адам деп бай немесе кедей адамды айтпайдығо?! Жомарт деген қолында бар затымен көпке немесе кедейге көмектесетін адамды айтады.Жомарт деп жүрегі таза адал адамды айтады!Қанша ақылды жомарт болғанымен қолында дымы жоқ болғасын соны жомарттың қолын жоқ байлады демиме????

        Ответить
      • Ali 24.02.2024 в 18:12

        Жарайсың,маған өте ұнады.👍

        Ответить
  • Айгерим Сейлхан 19.07.2017 в 23:53

    Ойыншы ойын ойнаймын дегенше Тəуекелші тəуекелін жасайды дегенба бір мақал бар еді соны шығарыңыздарш толық жазып

    Ответить
  • пікір 30.06.2017 в 03:53

    Жақсы әке жездеңдей емес, жақсы жезде әкеңдей

    Ответить
  • Роза Камалова 13.03.2017 в 01:36

    Мақал мәтелдер жақсы жинақталған.Атам заманнан келе жатқан сөздер болсада, қазіргі күннің өзінде де өте актуалды.»Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам» демекші әр сөздің өзінде үлкен мән бар.

    Ответить
  • Алма Сабырхан 13.03.2017 в 01:22

    Мақал мәтелдер тамаша. Негізі қазақтың нақыл сөздерінің балаларға тәрбие беруде маңызы өте зор!

    Ответить
  • Динара Ерғалиева 08.10.2016 в 16:13

    Қазақтың қазақылығын көрсететін осы алтын сөздеріміздің қорығой шіркін! Осыны қазір ұрпақ түсінсе тіпті жақсы болар еді. Игі істі, жақсылықты мақалдатып, мысымызды мәтелмен басып жүретін заман емес қазір. Екі сөздің бірін шолақ етіп , бұрмалап тастадығой. Соның алдын алу үшін әлеуметтік желі болсын, осындай жақсы сайттар болсын мақал мәтел, афоризмдерді көбірек шығарып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Заманның етегін мақалмен басып жүрер халге жеткізсін. Ұрпағымыз өнегелі болсын! Авторға көп рахмет! Жарайсың! Жақсы сөзді жадыңа сақтап жүр!

    Ответить
  • Баян Султанова 17.02.2016 в 23:05

    өте жақсы

    Ответить
  • Сымбат Болатханова 02.02.2016 в 07:13

    оотееее ккушттииииии Маган каттты унады

    Ответить
  • Сымбат Болатханова 02.02.2016 в 07:12

    оте кушти

    Ответить
  • мадина 22.01.2016 в 10:11

    жақсылық туралы мақал керек еді

    Ответить
  • Ами 11.12.2015 в 19:30

    курамында еликтеуиш сози бар макаал керек еди

    Ответить
  • олжас 27.11.2015 в 11:38

    айтындарш ен кызка макал

    Ответить
  • Alina Keldianova 28.09.2015 в 21:30

    сәлемдесу , амандасу туралы мақал мәтелдер керек

    Ответить
    • Сымбат Болатханова 02.02.2016 в 07:10

      я Алина оте кушти Олег

      Ответить
  • Бекболат 04.08.2015 в 17:51

    тазалық туралы

    Ответить
  • Бекболат 04.08.2015 в 17:50

    Тазалық туралы жазсаңыздар, мысалы: қоқыстарды тастамау және қоршаған ортаны қорғау туралы,суды ластамау туралы нақыл сөздер және заңдылығын анықтап берсеңіздер.

    Ответить
  • Айерке 03.08.2015 в 11:04

    Өте мағыналы мақалдар екен.

    Ответить
  • Jangul Kentau 28.06.2015 в 20:58

    Ote tamawa

    Ответить
  • Jangul 28.06.2015 в 20:57

    Ote keremet

    Ответить
  • Алхайдар Кенесхан 27.06.2015 в 16:28

    Класс

    Ответить
  • Ғазиза Қызылорда 05.06.2015 в 11:19

    Ой шіркін ,қазақтың мақалы ай!

    Ответить
  • Ғазиза Қызылорда 05.06.2015 в 11:18

    Керемет мақалдар, бәрі өмірден алынған

    Ответить
  • perizat 13.05.2015 в 00:15

    керемет,маған ұнады

    Ответить
  • Жансая 03.05.2015 в 17:10

    Жаксы бирак такырып такырып бойынша жазылса….

    Ответить
    • Алдияр 08.10.2020 в 13:48

      Отекушти

      Ответить
  • фарида 27.04.2015 в 23:08

    керемет

    Ответить
  • акжол егинбаев 21.04.2015 в 22:34

    оте жаксы маган унады

    Ответить
  • Маржан 24.03.2015 в 19:48

    өте жақсы рахмет!

    Ответить
  • гауһар 07.03.2015 в 07:21

    өте керемет дүниелер, рахмет!

    Ответить
  • Даулет 01.03.2015 в 00:59

    китап турали макал малелдер болса

    Ответить
  • Азамат 24.02.2015 в 23:06

    барі бар.зор екен

    Ответить
  • Арман 13.02.2015 в 18:52

    тек еңбек туралы макалдар барма

    Ответить
  • жусип Бекмурат 03.02.2015 в 09:30

    Керемет екен маган унады

    Ответить
  • Замира 29.12.2014 в 12:08

    Өте жақсы

    Ответить
  • Айда 05.12.2014 в 22:04

    жаксы

    Ответить
  • Ұлжан 19.11.2014 в 19:53

    оте жаксы керемет унады

    Ответить
  • Ақбата 29.10.2014 в 21:22

    керемет. рахмет.

    Ответить
  • асет 20.10.2014 в 17:58

    өте жақсы

    Ответить
  • Дияс 13.04.2014 в 18:32

    Ем,салауат туралы макал мател тауып бериндеш

    Ответить
  • алия 15.03.2014 в 15:50

    оте керемет маган унады

    Ответить
  • Амантаева Нурай 22.02.2014 в 22:56

    тамаша жазған

    Ответить
  • Амантаева Нурай 22.02.2014 в 18:29

    дұрыс айтады жақсы маған унайды жазған Нурай

    Ответить
  • Амантаева Нурай 20.02.2014 в 17:01

    мақал мәтелдер жақсы өте тамаша

    Ответить
  • Амантаева Нурай 20.02.2014 в 16:56

    маған унайды мақал мәлетдеры

    Ответить
  • Райхан 09.02.2014 в 12:17

    дұрыс айткан керемет.

    Ответить
  • aikumis 07.02.2014 в 23:27

    керемет мақалдар екен

    Ответить
  • Bektemir 12.01.2014 в 21:54

    Керемет, ата бабам дарын шешен ғұлама болғанына қалай сенбейсің? халқым!

    Ответить
  • дар уринбаева 08.11.2013 в 14:16

    ОТЕ ЖАКСЫ МАГАН УНАДЫ

    Ответить
  • Жанат 29.10.2013 в 10:32

    Балама оқимын

    Ответить
  • Nurlan93kz 09.06.2013 в 02:49

    555

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.