KZ RU

Нақыл сөздер жинағы

nakil-sozder-zhinaktari

Муханбетова Раушан Төлепбергенқызы
Орал қаласы №1 Орта жалпы білім беретін мектеп мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Халық тағылымынан.
Ізет танытып, әдепті сақта :
Жатқан кісінің үстінен аттама.

Құр бекерден ермекке
Бос бесікті тербетпе.

Әрқашан әдептен жаңылма:
Киімді желбегей жамылма.

Беталды сөйлеп сүйреңдеп:
Біреуді алдап үйренбе.

Үйде де, қайда да
Пышақпен ойнама.

Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.

Көргенді жас,пәк бала,
Дастарханнан аттама!

Ұнамасын, ұнасын,
Бұзба құстың ұясын.

Қарағым, түзде деме, үйде деме:
Үлкендер сөйлегенде, кимелеме.

Тірі жанды иықтама,
Бейуақытта ұйықтама.

Дүниесін берсе біреу сақтауға,
Аударыстырып , ақтарма.

Сүйсінген жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен кісіге
Отырма беріп сыртыңды.

Тентектіктен тиыл,ұлан,
Иттің тартпа құйрығынан!

Ісің қалып жатса да,
Таңғы асты тастама.

Ұдайы ұста есте:
Үлкеннің алдын кеспе.

Жасыңнан әдеп сақтағай:
Есікті қатты жапппағай.

Ешқашан ойбайлама,
Оңбайды ондай бала.

Жаман әдетті таста:
Бас киімді баспа.

Ұқсап надан балаға,
Пышақты нанға қадама.

Жадыңда сақта:
Аққуды атпа.

Әдепсіздікті таста,
Есікті теуіп ашпа.

Мәнді сөзді тыңда:
Малды бастан ұрма.

Атаң сөзі есіңде ме:
Кісіге қарап, есінеме.
Арыңды кірлетпе,
Есеп бер ісіңе.
Үлкенді құрметте,
Қамқор бол кішіге.
Біреулермен сөйлессең де
Азғана-ақ,
Керексізді сұрай
Берме қазбалап.
Үлкендерден есіткен
Сөзді ұмытпай жүргейсің,
Кіргеніңде есіктен
Оң аяқпен кіргейсің.

Ырза болсын « Әдепті ! » — деп саған да ел:
Танымасаң да, үлкендерге сәлем бер.

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

комментария 16 Пікір қосу

  • Ата барамыз нақыл сөзбен өз ойларын жеткізіп ,мақал сөзбен дауды да тоқтатқан жауды да тоқтатқан небір сөзге шешен билеріміз нақыл сөздермен елдің есіргенін ескерту айтып ақылға шақырған .нақыл сөздер қазағым а керек нәрсе

  • Қазақ тілінің қаймақ сөздерін таптым

  • Осындай макалдарды көп жазса жастар осыған қарап бой түзейді

  • Балалардын ой орисин дамытады

  • Өте ауқымды, ізденіс арқылы жазылған екен.Пайдалы және өте керекті керемет нақыл сөздер екен

  • Ертеде ата — бабамыз барлық мән жайдың түбіне жетіп, ұрпағының санасында қалсын деп жазып өалдырған терең сөздер

  • Раушан Төлепбергенқызына рақмет, нақыл сөздер жиынтығынан алармыз көп екен.

  • саны шектеули. кобирек енгизу керек

  • Нақыл сөздерді тиімді қолдана білген адам тәрбиелі, білімді адам

  • ??????Қазақ нақыл сөздері бөлек бір әңгіме ғой

  • Өмірде нақыл сөзді тиімді қолдана білген қандай жақсы. Өзіңде болар кемшілікті түзетуге де болады. Нақыл сөздің әрбір сөзін ескерту деп қабылдасақ, өзгелерге жеткізе білсек, пайдасы зор.

  • Жақсы.Нақыл сөздер кеңінен жазылған. Бірақ нақыл сөздің не екендігі жайлы жазылғанда, нақыл сөздер одан әрі толықтырылса тамаша болар еді.

  • Жақсы.Нақыл сөздер кеңінен жазылған. Бірақ нақыл сөздің не екендігі жайлы жазылғанда, нақыл сөздерді сөздер одан әрі толықтырылса тамаша болар еді.

  • нақыл сөздерді кез келген сабақта қолдануға болады.Бұл сабаққа арай береді.тақырыпты кеңінен ашуға жол нұсқайды

  • нақыл сөздерді көбірек көрсетіңіз

  • нақыл сөздер

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!