Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Логопед дефектолог

 

«Балаңыз дұрыс сөйлесін десеңіз»


Сөйлеу  функциясы баланың психикалық функцияларының бірі болып табылады. Сөйлеу туа пайда болған қабілет емес, ол баланың дене және ақыл- ой дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші қызметін атқарады десек те болады.

Тілі дамыған балада саналы, реттелген мінез- құлық әрекеті қалыптасады.

Керісінше тілінің қандай да бір дәрежеде бұзылуы баланың психикасының, іс-әрекетінің дамуына әсерін тигізеді.

Күнделікті іс – тәжірибемізден көріп жүргеніміздей түрлі тіл бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпы мектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындау жағдайлары кездесіп жүр.

Соңғы кезде тіл кемістігі балалар арасында кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік – сауықтыру шараларын ұйымдастыру мен қатар арнайы мамандар тарапынан біріккен түрде  болғаны дұрыс.

« Баламыз дұрыс сөйлемейді, өте белсенді, ойыншықтармен ойнайды, бірақ сөзіне кейде өзгелер түгілі, өзіміз түсіне алмаймыз» деген қабылдауға келген  ата – ана шағымын  жиі естиміз.

Алдымен « дұрыс сөйлемейді» дегенді қалай түсінеміз, соған тоқталайық.

LogopedЕгер балаңыздың байланыстырып сөйлеуі жақсы, бірақ  дыбыстарды бұрмалап  айтуына байланысты айтқан сөзіне түсінбесеңіз  онда балаңызда тіл кемістігінің  дислалия немесе дизартрия түрі.

Дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланын былдырлаған сөзін қызық көріп, үзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып отырады.. Қортындысында  көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың дұрыс сөйлемеуі  еліктеуден де болуы мумкін.  Балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін орта арасында көп болып, сөздерін тыңдаудын да ерекше зияны  тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Балаға әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отыру қиындық туғызады.

Дизартрия деп  – артикуляциялық сөйлеу мүшелерінің иннервациясының

( қозғалысы) бұзылуын айтамыз.

Тіл кемістігінің қай түрі, оны  қалай түзетуге болатынын  тек логопед маман айта алады.Өйткені жас ерекшілігіне сәйкес мүмкін ол дыбысты айту ертерек болар ( артикуляциялық бұлшық еті әлі жетілмеген), ересектер уақытынан бұрын сары уайымға салынып, балаға ескерту айтып, өз бетінше түзетпекші болады. Одан күткен нәтиже болмай, баланы босқа жылатып, тіпті дыбыстың айтылуы басқаша қалыптасуы мүмкін.

Мысалға  балалардың нормативті «Р» дыбысын  айтуы  4,5-5 жас аралығында біртіндеп қалыптасады. Кейбір өте шыдамсыз ата – аналар 2-3 жастан бастап  РРРРР деп   айтуын сұрап қинайды. Нәтижесінде  бұл дыбысты көмеймен айтып үйреніп кетуі мүмкін, оны түзету қиынға түседі.

Мүлдем сөйлей алмайтын баланы қалай үй жағдайында тілін дамытуға болады деген сұрақтар бізге жиі қойылады.

Балада алдымен сөзді түсіну қалыптасады ( импрессивті сөзі), содан соң ғана сөйлеуі ( экспрессивті сөзі) қалыптаса бастайды. Яғни ата – ана бала өмірге келгеннен бастап  онымен сөйлесе бастауы керек.

Кіші-гірім тақпақтар, санамақтар айтудың маңызы көп.

Кейінгі кезеңде әжелеріміз немерелеріне ертегі айтпайтын болды. Балалар қарапайым санамақтар, қуырмаштарды білмейді.Мұның өзі фольклорлық жанрдың елеусіз қалғандығын білдіртеді.

Бірақ нәресте өмірінде оның ықпалының зор екендігін нейропсихологтар  дәлелдеп отыр.Бүгінгі күні фольклорды теледидар жарнамалары ауыстыруда.

Сондықтанда бүгінгі  бүлдіршіндер телероликтерді жатқа біледі, телевизор, компьютерге әбден тәуелді болып қалды. Оның зияны да жоқ емес.  Баламен жанды сөйлесудің орны бөлек.

Саусақ жаттығулары, қуырмаш, шағын ертегілер оқып беру, қысқаша мазмұнын сұрау тілін дамытудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзаның белсенді нүктелері қол саусағында  орналасатынын дәлелдеген болатын.Мысалға төмендегідей жаттығуларды үнемі балаға үйретіп отыру керек.

Бас бармағым — әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосайық

Қатт-қатты соғайық.

Сол сияқты дыбыстық жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы: қасқыр қалай ырылдайды, сиыр қалай мөңірейді, сағат тілі қалай тырсылдайды т.б.

2,5 жастан бастап қарапайым лото, суретті кубиктер, пазл жинау сияқты ойыншықтар беру керек. Негізгі алға қойған міндет – үнсіз бір өзін қалдырмау керек.

Артикуляциялық жаттығулар орындату да өз ықпалын тигізеді.Мысалы «У» дыбысын айтқанда ернімізді түтікше тәріздес алға созамыз, « И»дыбысын айтқанда езу тартамыз деген сияқты жаттығулар түрін үйретіп отыру керек.

Әрине нақты кеңесті  маман баламен сөйлескеннен кейін ғана бере алады.

Облыстық перзентхана жанындағы Реабилитациялық орталықтың жоғары санатты логопед-дефектологы Омарова Танзиля Байбаққызы

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Есту қабілеті бұзылған тұлғалардың классификациясы
  • Ринолалия нақтамасы бойынша жүргізілетін жұмыстың жоспары
  • Тіл кемістігі балалар арасында кең тараған патология
  • Конспект интегрированного занятия «Курочка и цыплята»
  • Тұтығу (слайд)

комментария 91 Пікір қосу

  • Гульзайраш 28.09.2023 в 20:27

    Салематсизбе меним улым 4 те дурыс солемейди не истесем болды

    Ответить
  • Айжан 23.03.2022 в 23:14

    салеметсизбе 1 жастан бастап кандай ойындар ойнатса болады кобирек казакша санамактар салсаныз № жумыстарыныз алга баса берсин

    Ответить
  • Айжан 23.03.2022 в 23:11

    1 жастан бастап кандай ойындар ойнатса болады кобирек казакша санамактар салсаныз

    Ответить
  • Айжан 23.03.2022 в 23:11

    пайдалы акппарат екен маган керек еди 1 жастан бастап кандай ойындар ойнатса болады кобирек казакша санамактар салсаныз

    Ответить
  • Дана 17.02.2022 в 23:37

    Өте керемет жазылған мақала. Ата аналар зер салып оқыса екен

    Ответить
  • Акерке 14.02.2022 в 09:38

    Өте пайдалы мақала, ұлым енді 3-ке толады, мультфильмдерді көбінесе орысша немесе ағылшынша қарайды, қазақша мультфильмге қойсаң, ол қайтадан басқа тілге ауысып кетеді, өзіміз де үйде орыс тілі мен қазақшаны арасында араластырып сөйлейміз. Мақаладан бәрі де түсінікті болды.

    Ответить
  • Лаура 25.12.2021 в 18:42

    Cәлеметсіз бе! керемет ой салатын мақала, шеберлігіңіз арта берсін, қарапйым тілде жазылған екен, нағыз маған кереек қой

    Ответить
  • Лаура 25.12.2021 в 18:32

    Cәлеметсіз бе! керемет ой салатын мақала, шеберлігіңіз арта берсін, қарапйым тілде жазылған екен,

    Ответить
  • Нұрлан 09.11.2021 в 11:14

    Қазір баламыз Р ға тілі келмесе де көп сөздерді айтса екен деген арман боолып жүр бізге, сіздердің әр түрлі мақала жазып түсінік берулеріңіз бізге дем береді. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

    Ответить
  • Замзагуль 18.08.2021 в 14:22

    Баламен жанды сөйлесудің орны бөлек деген автордың сөзімен толығындай келісемін. Қазіргі кезде балалар бос уақытын телефон немесе компьютер алдында өткізеді.

    Ответить
  • Перизат 11.05.2021 в 13:05

    Қазір балалар арасында кеш сөйлеу белең алып келеді. Бұл балаға кішкене кезінде дұрыс көңіл бөлінбегендіктен орын алып отыр. Мақалада берілген жаттығу түрлері өте түсінікті үй жағдайында ата-ана өзі баламен жұмыстануға болады

    Ответить
  • Айгүл 16.01.2021 в 11:47

    Ия ата аналар үйде бізге сіздерде көмектесулеріңіз керек балалар көбі осылай мақалаға рахмет

    Ответить
  • Айдана 04.12.2020 в 23:14

    рахмет. Жақсы мақала.

    Ответить
  • Танзиля 19.03.2020 в 11:41

    Сәлематсыздарма құрметті саит оқырмандары, әріптестер! Күнделікті тірліктен саитқа қосылуға мүмкіндігім бола бермейді, негізі мақалаларымды Республикалық басылымдарға жолдап жүрмін, шығып жатыр. Ал жеке сұрақтарыңыз болса телефонға хабарласуға болады. Атырау қаласында тұрамын. 87014025634 саиттан алдым десеңіз маған түсінікті болады. Аманшылықта болайық!

    Ответить
  • Санбаева Нурзия Жалғасқызы 30.11.2019 в 20:49

    өте қатты ұнады өзімнің жұмыста шығармашылық табыс тілеймін

    Ответить
  • Рыскуль 22.11.2019 в 12:38

    Аталған мақалада балалардың тіл мүкістігіне байланысты нақты мәселенің өзегі айқындалып жазылған.Сонымен қатар балалардың дұрыс сөйлеуіне байланысты тіл жаттығулары көрсетіліп берілгені дефектолог және де тағы басқа мамандар үшін өте қажетті нәрсе болып табылады. Мақала маған сонысымен өте қатты ұнады.

    Ответить
  • Асемгул 19.11.2019 в 09:17

    Баланың тіл дефектісі қазіргі таңда көп кездеседі.Мақала кең ауқымда жазылған.

    Ответить
  • Асемгул 18.11.2019 в 21:17

    Маған осындай жақсы ақпарат қажет болды. Рахмет!

    Ответить
  • Дәмелі 07.11.2019 в 00:29

    Баламен жанды сөйлесудің орны бөлек деген автордың сөзімен толығындай келісемін. Қазіргі кезде балалар бос уақытын телефон немесе компьютер алдында өткізеді.

    Ответить
  • Дәмелі 06.11.2019 в 23:34

    Мақалаңыз өте пайдалы деп санаймын, өйткені қазіргі кезде Сіз көтерген мәселе жиі кездеседі. Түсінікті жазылған мақала. Ата- аналарға, тәрбиешілерге өте пайдалы. Осындай маңызды материал көбірек болсын деп санаймын.

    Ответить
  • Сандугаш 06.11.2019 в 00:18

    Мақаланың мәселе жағын қарасақ өте маңызы бар екенін байқауға болады. Өйткені қазіргі таңда тіл дефектісімен мектеп табалдырығын аттап жатқан балалар баршылық. Сондықтан осындай мақала болсын информация болсын ата-аналарға оқып, сауаттарын көтерсе деймін. Мақаланы барша тіл кемістігімен кездесіп жатқан ата-аналармен бөлісер едім.

    Ответить
  • Айкенже 20.10.2019 в 12:05

    Ата-аналар үшін өте пайдалы мақала!Қазіргі балалардың,ата-аналардың басты проблемасы осы туралы…

    Ответить
  • Райхан 13.10.2019 в 21:51

    Рахмет сіздің мақалаңызға,оқыдым өз баламның үштен асты сөйлеуі анық емес.енді қалай жұмыс істеу керек мәліметті алдым.

    Ответить
  • Гульмира 20.09.2019 в 10:47

    мақалаңыз өте қызықты, рахмет. көптеген керекті нәрселерді білдім. жұмысыныз табысты болсын

    Ответить
  • олжас 12.08.2019 в 19:00

    Сəлеметсізбе.менің жасым 16да əлік күнге диін тілім р дыбысына келмиді көп адамдар тілінің астындагы тілшені кесу керек деиді не істесем болады.менің ном 87718358103.өзініздікін бере аласызба

    Ответить
  • Жанар 02.08.2019 в 20:43

    Өте керемет жазылған. Нағыз керек такырып. Болашақта осы әдістерді пайдалану ғана болады.

    Ответить
  • Эльмира 26.07.2019 в 11:47

    Саламатсыз ба Танзилия ханым ! Менің ұлым 7 жасқа толады, сөйлеу кемістігі бар, өз ойын толық жеткізе алмайды, сөйлегенде сөздерді бир-бірімен байланыстырып айта алмайды, 4-5 сөзді сөйлемді толық барлығын дұрыс айтып бере алмайды, не істесем болады? Логопедке 1 жыл барды дыбыс айтуы дұрыс деп шыгарып салды, невропатолог массаж жасап , таблеткалар берді, бірақ ешқандай көмек болмады. Сізден көмек сұраймын, қандай кеңес бересіз?

    Ответить
  • Аружан 25.06.2019 в 02:47

    Түсінікті, өзімізге біліп жүруге жаксы болды. Мақалаңызды оқып біраз мағұлматтар алдым.Алғысым шексіз!

    Ответить
  • Айгуль 17.06.2019 в 02:09

    Сәлеметсіз бе! Мақалаңызды оқып біраз мағлұмат алдым өзіме.Ата-аналарға керемет кеңес жазыпсыз.Балаларға өлең жаттығу жасауға қалай үйретуге болатынында нақты жасыпсыз.Алда тағыда жақсы тақырыпта мақала жазатыныңызға сенімдімін.Бала тәрбиесі қоғамдағы үлкен мәселе болып тұр.Техникаға тәуелді қазір баланың бәрі.

    Ответить
  • Камшат 12.06.2019 в 16:20

    Сәлеметсіз бе Танзилия Байбаққызы керемет түсінікті жазылған рахмет көп

    Ответить
  • Каюпов Сламбек 08.06.2019 в 16:30

    Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Сіздің кеңестеріңіз пайдалы деп ойлаймын

    Ответить
  • Айгерим 25.04.2019 в 21:56

    Сәлеметсізбе! Сіздің мақаланыздан біраз мағұлматтар алдым. Балабақшадағы әріптерді толық айта алмайтын балалармен сіздің кеңесінізді қолдана отырып жұмыс жасаймын. Алдағы уақытта жұмысынызға жеміс тілеймін.

    Ответить
  • Ақниет 24.04.2019 в 09:53

    Өте жақсы жазылған.Əрі қазіргі қоғамда өз пайдасын тигізеді.Ата-аналарға пайдалы деуге де болады.Баланы бала жастан бастап тəрбиелеу керек дейді емес пе?Баланы дұрыс сөйлеуге үйрету керек.Тамаша жұмыс

    Ответить
  • Жамила 14.04.2019 в 20:31

    Рахмет

    Ответить
  • Жамила 14.04.2019 в 20:30

    Керемет.Маган кажет малимет

    Ответить
  • Танзиля 03.04.2019 в 15:56

    Құрметті оқырмандар мақаланы оқып, жақсы пікірлеріңізді қалдырыпсыздар , көп-көп рахмет! Көптен бері осы саитты ашып отырғаным, сіздердің тілектеріңізді оқып бір марқайып отырмын. Үлкен рақмет!!!

    Ответить
  • Балсерикова Алия 26.03.2019 в 00:32

    Жақсы жазылған

    Ответить
  • жанбота 11.03.2019 в 10:26

    мақалаңыз жақсы жазылған, тусінікті,қолдануға болады.

    Ответить
  • Жанна 10.03.2019 в 15:58

    рахмет кремет жаттығулар. Дұрыс айтасыз, балалармен дұрыс сөйлесу керек….баланы жастан деп бекер айтылмаған…

    Ответить
  • Жаныспаева Кымбат 27.02.2019 в 11:32

    Мақаланың берері мол екен. Менің қызым үш жасқа толса да көп сөзді дұрыс айта алмайды.Осы жаттығуларды қолданып көремін. Еңбегіңіз жана берсін!

    Ответить
  • Жиенбаева Гүлнұр 26.02.2019 в 23:11

    Өте жақсы жазылған.Əрі қазіргі қоғамда өз пайдасын тигізеді.Ата-аналарға пайдалы деуге де болады.Баланы бала жастан бастап тəрбиелеу керек дейді емес пе?Баланы дұрыс сөйлеуге үйрету керек.Тамаша жұмыс

    Ответить
  • Ырыс 14.02.2019 в 13:25

    Танзиля апай өте жақсы мақала берері мол! Қазіргі кездегі көптеген балаларға керек кеңес. еңбегіңіз жана берсін

    Ответить
  • Ұлбосын 09.02.2019 в 22:39

    Мақала керемет жазылған.

    Ответить
  • Әйгерім 08.02.2019 в 21:11

    Сәлеметсіз бе! Мақалаңыз қарапайым түсінікті тілмен жеткізілген. Өзімнің балаларымның тілі анық , бірақ бір оқушымның тілі түсініксіздеу.Қазақ тілінде сөйлегеннен орысша таза сөйлеп,ойын анық жеткізе алады.Сіздің жаттығуларыңызбен бұл қиындықты жеңе аламыз деп ойлаймын.Рахмет!

    Ответить
  • Светлана 05.02.2019 в 21:46

    Автор статьи раскрывает проблему не только ребенка,у которого проблемы с речью,но и проблему родителей,которые хотят или все и сразу,не учитывая ,что ребенок может в силу своего развития не может выполнить задания ,или не обращают внимания на проблемы ребенка,которому уже может быть поздно восстанавливать речь .Родители скептически относятся к упражнениям на моторику рук ,которая влияет на речь.В итоге ребенок отстает ,у него слабый словарный запас.

    Ответить
  • Индира Бериковна 03.02.2019 в 17:20

    Өте жақсы жазылған екен Менің балабақшамда бір бала анық сөйлемейді. Сол үшінде маған осындай жақсы ақпарат қажет болды. Барине рахмет!!!

    Ответить
  • Кулянда 02.02.2019 в 21:06

    Салематсыз ба,Саусақ жаттығулары, қуырмаш, шағын ертегілер оқып беру, қысқаша мазмұнын сұрау тілін дамытудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзаның белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын.Мысалға төмендегідей жаттығуларды үнемі балаға үйретіп отыру керек.Мақалада жарияланған ойларды іс жүзінде қалдану керек.

    Ответить
  • Жаныспаева Кымбат 23.01.2019 в 20:24

    Жақсы жазылған екен. Менің қызым 3 те болса да әлі анық сөйлемейді. Сондықтан да маған осындай ақпарат өте қажет болды. Рахмет!

    Ответить
  • Асел 21.01.2019 в 17:08

    Өте жақсы жазғансыз біз бәріне асығамыз өйткені кейде мектептің жұмысымен жүріп өз балама көңіл бөлінбей қалады. Сол кезде осы сұраққатар мені мазалайды жауабымды таптым деп ойлаймын. РАХМЕТ

    Ответить
  • Изаура 18.01.2019 в 12:12

    Сәлеметсіз бе?Кызым майда төртке толады.Ози айткандардын барин тусиндеди бирак ис–кимылмен корсетеди.Тек мама,папа,бөпе,т.б кыска создерди айтады,не истесем болады.

    Ответить
  • Гульмира 06.01.2019 в 17:51

    Рахмет оте керемет

    Ответить
  • Гулзира 05.09.2018 в 17:36

    Саламатсыздарма? мен жанадан логопед маманығы болып орналасқан едим.Маган кунделикти жазатын сабак жоспарын улгисин,апталық жоспарын, айлық жоспарын логопет мугалиминин міндеттерин қажетті құжаттарды жиберіңізші өтініш көмектесіңізші. Алла разы болсын.Жұмысыңызға табыс тілеймін.

    Ответить
  • Əсем 11.01.2018 в 16:27

    Сәлеметсізбе! Менің қызым 8,5 жаста сөйлеу сөйлейді, бірақ ойын дұрыс жеткізе алмайды. Ол неліктен? Көмектесе аласыз ба? Алматы қ. Рахмет.

    Ответить
  • Құралай 29.11.2017 в 00:12

    Мен өзім оқымастан жібере салыппын. Қателеріме кешірім сұраймын!

    Ответить
  • Құралай 29.11.2017 в 00:10

    Сәлеметсіз. сіздің мақалаңыз маған ұнады. Менің 10 жастағы қызымның тілі әлі Р дыбысына келмейді. Сіз айтқандай үйде әкесі жиі айтқызады, тіпті жылатып мазақ қып та айтады. Әрине мен онысына қарсылық білдіремін. Ал 3 жасар ұлым әлі дыбыстарды нақты айтпайды, бірақ мен оның не айтып тұрғанын түсінемін, өзгелер түсінбеген кезде жылап жібереді. не істесем болады?

    Ответить
  • Жадыра 26.10.2017 в 12:15

    Салеметсиз бе? ЖАКЫНДА МЕКТЕПКЕ ЖУМЫСКА ОРНАЛАСТЫМ ..ЛОГОПЕД КЫЗМЕТИНЕ. КЕЙБИР МИНДЕТТЕРИМДИ ТУСИНЕ АЛМАЙ ЖАТЫРМЫН… КУНДЕЛИКТИ САБАК ЖОСПАРЫ.. ПЕРСПЕКТИВТИ ..ЖЕКЕ БАГДАРЛАМА. КОМЕКТЕСИНИЗШИ…

    Ответить
  • Шырын 12.10.2017 в 18:34

    Менің телефон нөмірім 87079015119

    Ответить
  • Шырын 12.10.2017 в 18:30

    Сәлеметсізбе Танзиля Байбаққызы. Менің балам жетіге келді сөйлеу қабілеті өте нашар. Сөздерді қосы айта алмайды, айтсаң кейбір сөздерді түсінбейді. Қатары 1-сынып оқып жүр, ол әлі дұрыс сөйлей алмайды.Не істесе болады. Өзіңізден ақыл кеңес сұраймын.

    Ответить
  • Гаухар 29.09.2017 в 14:00

    Аитуды умытып кетипин тили орысша коп сози орысша казакша соиле деп аитып отырам уиде ешким орысша соилемеиди мультфилим курты мен енди калаи тарбиелуди билмеим шаршаты

    Ответить
  • Гаухар 29.09.2017 в 13:55

    Салеметсиздерме менин кызым жасы казир тура 5жас 9аи мектепте 0 сынып окиды р га тили келмеиди тез соилеиди сабак окымаимын деп шыгады жатауды жорга жататамын кеи арипке тили келмеиди сонда да жататамын кырсык коп аикалатады акылмен алдапта кордим не стесем болады отиниш жазып жибериниши тунгыш болган сон тым ерке осирдикпа деп оилаимын екиншим ул 1.1 аи оганда тисе береди кои деп аитсам макул деиди бирак коимаиды акыл кенесиннизди аитып жиберсениз

    Ответить
  • Бағила 13.06.2017 в 21:49

    Пікіріңіз жақсы жазылған менің ұлымның жасы 8 де бірақ р əріпін айта алмайды. Сіздің консултацияңызды алғым келеді

    Ответить
  • Гульзат 04.04.2017 в 00:02

    Салеметсизбе! Менын балам 2 жас 7 ай. Сойлемейды. Сизге калай жолыкса болады. Баламды корсетсем деп едим. Тел номерым 87026475947. Алдын ала рахмет

    Ответить
  • гүлдаурен 13.02.2017 в 14:46

    Менің балам 5 жарымда 4 жасында қорқып кетіп тұтығып қалды невролог берген дəрілерді қабылдап жатыр сөйлеп бастағанда дем жетпей қалатын сияқты сосын сөйлеп кетеді кей уақыттарда көп тұтықпайда сөйлеп жүреді маған жақсы логопед маман табуға көмектесіңізші ақтөбе қаласынан

    Ответить
  • Алия 18.05.2016 в 17:50

    сәлеметсізбе? менің балам 4,5 жаста. тіліміз р әрпіне келмейді, толық сөйлем құрамайды. мыс:папа бала, мама бала дейді, қазақстан сөзін қазтастан дегендей. бала бақшаға барамыз. мамандарымыз бар, сонда да қосымша үйден қандай әрекеттер жасауға болады.

    Ответить
  • Саят 07.03.2016 в 13:42

    Менің туылған жылым 24.10.2001. Менің бала кезімде құлағымнан сары су ағатын, қазір менің бір құлағым 2-ші құлағыма қарағанда жай естиді.Кейін мен бала кезімде сосканы көп соратынмын. Мен р,ж,з,ч,ш,щ,ц,с мына әріптерге тілім келмейді, қалай емделемін.Ауылда тұрамын біздің ауылда логопед жоқ. Мен қалай емделемін, кеңес беріңіздерші өтініш.

    Ответить
  • Танатар 20.02.2016 в 05:23

    Сəлеметсізбе Менің жасым 18 де мен Р.С.Ш.Ж əріптерін дурыс айта алмаймын жəнеде даусым өте жіңішке не істесем болат комектесіңізші

    Ответить
  • Данияр 18.02.2016 в 14:52

    Менин жасым 15 те ади тилим р га келмид кунде трактор русалка сиякты создерди коп айтамн еш натиже жок не истеуге болады?

    Ответить
  • Танзиля 10.02.2016 в 22:13

    Баланы тындамай аита алмаимын сырттай

    Ответить
  • Айнур 06.02.2016 в 19:23

    Сəлеметсіз бе? Менің қызым 5 те. Бірақ Р дыбысын айта алмайды. Қандай жаттығулар жасату керек? Орыс логопедке апардым. Ешқандай көмек болмады.

    Ответить
  • Алма 27.11.2015 в 00:04

    Салематсыз ба, менин кызым қ,ғ дыбыстарынын орнына к,г дейді, осыған қандай жаттығулар жасатуға болады?

    Ответить
  • Анар Қуандыққызы 28.10.2015 в 16:16

    аутизм, алалия, дцп балалармен қандай жұмыстар жасаған жөн көмек берсеңіз, алдын ала рахмет

    Ответить
  • Танзиля 02.06.2015 в 15:54

    Кай каладансыз

    Ответить
  • Гүлдәрі 30.05.2015 в 21:14

    Саламатсыздар ма! Менің баламның жасы 5-те, әлі күнге дейін дұрыс сөйлей алмайды, өзімнен басқа ешкім түсінбейді. Маған ҚАЗАҚ тіліндегі қазақша логопед керек еді. Білгендеріңіздің қол ұштарыңызды берулеріңізді сұраймын.

    Ответить
  • Әсем 09.04.2015 в 01:32

    Сәлеметсізбе Танзиля апай. Мен педагогика және психология факультеінің 3-курс студентімін. Жалпы осы логопед мамандығына қызығушылығым бар еді, енді осы сала бойынша алғаш рет курстық жұмыс дайындамақшымын. Сұрайын дегенім материял жинауға қандай әдебиеттер немесе ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ұсына аласыз. Көмегіңізге алдын ала рахмет!

    Ответить
  • Надира 31.03.2015 в 08:59

    Сәлеметсиз ба? Мениң ұлым 3 жарымда біраз созді айтады бірақ тусініксіз және жалғау қоспайды. Сіздің риабелетациалық орталыққа апарып көрсетсем сізбен қалай байланыса алам.? Рахмет

    Ответить
  • Танзиля 29.03.2015 в 21:03

    Кіру- тіркелу формасы жоғарыда көрсетілген сол графаны толтыру керек умытпасам

    Ответить
  • Раушан 27.03.2015 в 18:46

    Салеметсиздерме! Осы саитқа тіркеле алмай отырмын қалай тіркеледі нұсқау беріңізші өтініш. Маған өте қажет.

    Ответить
  • танзиля 14.03.2015 в 23:55

    Мумкин болса акелгениниз жаксы. Жалпы сизге арнайы мекемеге тиркелгениниз дурыс.логомассаж, танымдык кабилетти арттыруга т.б коп жумыстар жасалыну керек.еринбей..изденип жумыс жасайтын логопед-дефектолог керек сиздерге

    Ответить
  • ЖАПЫРАК 12.03.2015 в 19:15

    салематсыз ба менин кызым 8 де ЗПМР ЗРР ДЦП легкий тури деген диагноздары бар тек кана женил создерди айтады кунделикти шай май нан папа мама сут су ет бирак кайсысы нан кайсысы ет екенин билмейди етти нан дейди мысалы.уйретип отырамын сондада шатасады. з жане ж ариптерин айта алмайды бирак орысша сойлегенди биледи баска тилде сойлеп турганынды ал дурыс создерди анда санда айтып кадады 1 не 2 рет одан кейин айтпайды мама жатшы дейди. папа келд папа келд дейди.актауда логопедтер кобине орыс тилди казакша болсада айына 53мын сурайды сондыктан озим калай окытсам болады комектессениз екен

    Ответить
  • Танзиля 12.02.2015 в 22:18

    Анар баланы көру керек кой, негізі жаттығуларды бастау керек.

    Ответить
  • Анар 12.02.2015 в 17:26

    Менің ұлым 5 ке толады. Сөйлейді бəрін айтады Бірақ л.р дегенге тілі келмейді калай жаттықтыруға болады. Кей сөздерге тілі келмей қалады. Мысалға: такпакта Аялайтын ды айта алмады , тілі бұрмалап кете береді

    Ответить
  • Айдана 12.02.2015 в 09:15

    Ф,В дыбыстарн түзету үшін қандай жұиыстар жасау керек

    Ответить
  • saran 11.12.2014 в 00:56

    Сонымен катар Р,С,Н ариптеринен киналатын балаларга тил жаттыгуларынын туплери туралы жазсаныздар екен

    Ответить
  • saran 11.12.2014 в 00:54

    Танзилия апай Саламатсыз ба!Менин номерим 87786776510 Отиниш, маган кунтизбелик жоспар жонинде багдарлама болсын курылган жоспар болсын,комектесинизши. Хабар кутем.

    Ответить
  • Жамиля 26.11.2014 в 21:24

    Мақалаңыз жасы жазылған. Түсінікті, өзімізге біліп жүруге жаксы болды. Көп рахмет!

    Ответить
  • Танзиля 22.11.2014 в 23:32

    Бұл жағдайда баланы толық тексерістен өткізу керек. Есту қабілетін, бұрыннан неврологиялық статусы барма т.с.с. Қай қаладансыз?

    Ответить
  • Калия 22.11.2014 в 03:33

    Салеметсіздерме менін сіздерге койар сурагым менін балам 4 жаска келді. Казір создерді айтады бірак сойлем болдырып ягни сурак сурау деген сияктыларды айта алмайды не істесем болады. Комек сураймын

    Ответить
  • Айсулу 04.11.2014 в 20:59

    Танзила апай саламатсызба материалыныз унады жаксы енбегинизге жемис тилеймин

    Ответить
  • Индира 15.10.2014 в 16:12

    Маған З дыбысын дұрыс айтуға деген тақырыпқа сабақ жоспары керек еді

    Ответить
  • Аноним 07.04.2014 в 16:05

    рахмет

    Ответить
  • Аноним 07.04.2014 в 16:05

    Рахмет, өте түсінікті!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.