Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Қазақ тілі

 

Жұмбақтар, олардың мәні


Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар, олардың мәні

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Жұмбақтардың тақырыптарын, құрылысын, тілдік қолданысын меңгерту; халық өміріндегі маңызы мен туу себептерін таныту.

2.Дамытушылық:ойлау қабілетін, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу; ұжымдық өмір әрекеті дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:  «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Синкуейн», «Сұрақ қою» әдісі

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» әдісі.

  1. Жұмбақ дегеніміз не?
  2. Қандай заттар жұмбақ болады?

ІІ. Мағынаны тану.

«Түртіп алу» әдісі.

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:Мәтінді өз бетінше оқи отырып төмендегі белгілермен белгілеу:

«V»- маған таныс

«+» — мен үшін  жаңа

«-» -мен білетін түсінікке сәйкес емес

«?»- бұл туралы тереңірек  білгім келеді

2-қадам:Өз бетінше оқыған  мәтіннің  нәтижесін жұпта , сосын топта талқылау.

gzaЖаңа тақырып

Жұмбақ – ауыз  әдебиетінің  ертеден  келе  жатқан  түрі.  Ол  адамдардың  бір нәрселердің     белгілерін  екінші  нәрсенің  белгілері  арқылы жұмбақтап  айту  өнері.  Жұмбақ  мақал – мәтел  сияқты  тақпақтап,  ұйқастырып айтылады. жұмбақтар  өте  ертеден  келе  жатқанмен, әр  уақытта халық  оның  жаңа  түрлерін  ойлап  шығарып  отырған. М.Әуезов «Жұмбақ  адамның  дүниетану  жолындағы  ойының,  қиялының  шамасын  білдіреді» деген.  Жұмбақ болатын  заттар: аспан әлемі,  жыл мезгілдері,  қоршаған  табиғат,  тұрмыстық  заттар,мал,  жан – жануарлар, адам  оның  дене мүшелері,  еңбек  құралдары,т.б.  әр  түрлі  заттар  мен  құбылыстар,  білім  өнер  ұғымдары. Жұмбақтар  соған  байланысты  тақырыбы  жағынан да  сан  алуан.  Өздерің  де  кез  келген  нәрсені  жұмбақтап,  ұйқасын келтіріп  құрастыруларыңа  болады.

ІІІ. Рефлексия.

1.«Синкуейн» әдісі.

(«Бес жолды өлең»)

Бірінші жол-тақырыптың атауы

(Зат  есім)

Екінші жол- тақырыпты сипаттайтын сөз (әдетте сын есім айтыңдар)

Үшінші жол-тақырып туралы

Қимылды білдіретін үш сөз

(әдетте  етістік алынады)

Төртінші жол-тақырыпқа қатысты

Төрт сөзден тұратын сөз орамы.

Бесінші жол- бір сөз –тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Үздік синкуейн:

Тақырыптың аты: жұмбақ

Сипаты: қызықты; ойлы

Қимылы: айтамыз; жасырамыз; ойланамыз

Нақыл сөз: Жұмбақ-ұйқасты сөздер тізбегі

Тақырыпқа синоним сөз: Жасырын

 

2.«Сұрақ қою» әдісі

 

  1. Жұмбақ дегеніміз не?
  2. Жұмбақтар қалай  пайда  болған?
  3. Жұмбақ болатын  заттар  нелер?
  4. Жұмбақтардың тақырыбы  қандай  болады?
  5. Жұмбақтарды қалай  құрастыруға болады?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Оқулықпен жұмыс.
  1. Жұмбақтарды  оқып,  олардың  тақырыбын,  нені  танытатындығын  айтыңдар.
  2. Жұмбақтың қысқа да,  ұзын да  болатынын, оны  біреу  айтып, енді  біреу  шешу  керектігін  ескеріңдер.
  3. Жұмбақ болған  нәрселерді  екінші бір  затқа  теңеп  ұқсатып,  қарама – қарсы  қойып  айтқан  сөздерге  мысал  келтіріңдер.
  4. Өздерің жұмбақ  құрастырыңдар.

 

ІV. Үйге тапсырма

1.Ойдан 5 жұмбақ құрастыру.

  1. Жұмбақ туралы түсінік

 

  1. Бағалау.
Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту (слайд)
  • Азық-түліктер(сабақ жоспары)
  • № 250 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша атқарылған жұмыстар
  • Қазақстан-тәуелсіз мемлекет
  • Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет»

комментария 4 Пікір қосу

  • Сейсен 27.09.2021 в 00:04

    Баланың ақыл-ойын жетілдіретін логикалық тапсырмалар мен жұмбақтарды сабақ барысында жиі пайдалану тиімділігін арттырады.

    Ответить
  • Гүлжанат 12.02.2021 в 11:24

    Еркетайға алғысымды білдіремін. Тұнып тұрған керекті қажетті ақпараттар бар

    Ответить
  • Гүлжанат 12.02.2021 в 11:23

    Еркетай маңызды ақпараттар жиынтығы.

    Ответить
  • Алмагуль 28.03.2020 в 17:01

    «Түртіп алу» әдісі оқушылардың білім әрі қарай жалғастыру үшін жақсы таңдалған әдіс. Сұрақтар қою арқылы жұмбақтың мазмұны ашылады. Өздеріне жұмбақтар құрастыру арқылы олардың ойын дамытуға болады. Тамаша. Шығармашыл ұстаз екенсіз. Еңбегіңізге нұр жаусын!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.