Тіл ұстарту

№2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия, Ақтөбе қаласы.

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Картбаева Баршагуль Отановна

Әрбір бала мектеп табалдырығын оқып-үйрену үшін үлкен ынтамен, ықыласпен аттайды. Оларды қабілетсіз, қабілетті деп бөлуге болмайды. Мұғалім өз міндетін тек оқыту деп емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін, танымдық көзқарасын өсіру үшін оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыруы, басқара білуі керек.

Мұғалімнің басты құралы- сөз. Сөйлеу кезінде сөйлеу ырғағының биязылығы, жағымдылығы, болмаса көтереңкілігі арқылы мұғалім оқушыны ізденуге, білім алуға ұмтылуға бейімдейді. Әдебиет, қазақ тілі сабағында басқа пәндерге қарағанда мұғалім өз сөзіне үлкен мән бере сөйлеуі, әрі оқушылар тіліндегі кемшіліктерді жоғалту үшін көп ізденуі, үйретуден жалықпауы керек. Жас мұғалімдердің негізгі кемшілігі – белгілі материалды балаларға тегіс айтып берем деп тырысып, тез сөйлеуі.

KBOОптимал дауыс ырғағын есептегенде 1 минутта, орыс тілінде – 120 сөз, ағылшын тілінде -150 сөз, түрікше-100 сөзге тура келеді. 5-6 класстардағы оқушылар 1 минутта 60 сөз, 10-11 класс оқушылары 175 сөзден артық сөзді қабылдай алмайды. Мұғалім дауыс ырғағын да есепке алуы керек. Мұғалім сөзі – оның педагогикалық шеберлігінің ең маңызды элементі. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс, оқыту барысындағы білімді толық қабылдау, әрі бекітуде – мұғалім сөзі монолог, диалог көрінісінде болады. Монолог сөзі ең көп таралған формасы. Мұғалімнің лексикалық байлығы, тіл тазалығы және сөз мағыналылығы, сөз анықтығы – мұғалім сөзінің мәдениетін көрсетеді. Оқушылар мұғалімдердің іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына сөйлеу мәдениетіне еліктейді. Сондықтан мұғалім өзін-өзі қадағалап сөз мәдениетін дамытуы, сөйлегенде әдебие тілде сөйлеуді мақсат етіп қоюы, барлық жерде тілді шұбарламай, мәнді –сөз сөйлеуі керек. Осының бәрі оқушылардың тіл мәдениетіне жеңіл-желпі қарамай тілін ұстартуға көмектесетіні сөзсіз.

Тіл ұстартудың негізгі мақсаты – оқушыларды дұрыс, көркем сөйлеуге үйрету, сөйлеу тілінің мәдениетін көтеру, оқушы тіліндегі әр түрлі кеишіліктерді болдырмау, дауыс ырғағын дұрыс жолға қою, өз ойын сапалы қорытуға дағдыландыру.

Тақырыпты өтіп болған соң ауызша тіл ұстарту сабағаныда мәтінді оқып шығып, өз ойыңды айт; мазмұнды сөйле, сөз мағынасын анықтап, сөз қолданысын көрсет; мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнына талдау жаса; тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір деген тапсырмалар берілсе, ал жазбаша тіл ұстарту да – мазмұндама не шағын шығарма жазылса, сөйлем мүшелеріне талдау жасалса…осының бәрін ұйымдастырып өткізу мұғалім шеберлігіне байланысты. Менің ойымша, тақырып өтіп болуын күтіп отырмай әр сабақтың (45 минуттың) 5 минутын тіл ұстартуға жұмсаса, «Тіл ұстарту» деп арнаулы дәптер қойылса, оған жұмбақ, жаңылтпаш, шығарма, мазмұндама, жоспар бойынша әңгіме, не өлең жаздырып жаттату керек. Тек оқулықпен шектеліп қалмай, Орта Азия ойшылдарының қанатты сөздерін, саяси-идеялық мазмұндағы цитатарды, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көп мағыналы сөздерін де жаздырып отырған дұрыс.

Абай айтқандай: «Адам баласын замана өсіреді, кімде кім жаман болса замандасы жазалы» дегеніндей, соңғы кезде көшеде, базарда, қоғамдық орындарда балалардың сөйлеу мәдениетінің төмендігін көріп ішің удай ашиды (бәрі емес әрине) күйзелесің. Балаларды да, бала замандасын да тәрбиелеп жатқан өзіміз емес пе? Ең алдымен ұстаздар тәрбиелі болуы керек, сөз қолданысын дұрыс пайдалана білуі тиіс.

«Тіл ұстарту» дәптерінде:

… Өзің үлкен, қылығың бала-шаға.

Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.

Әкесі ұрысса балаға, ол да – достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

 

Не нәрсені қор тұтса,

Түбінде соған зар болар. (Әбубәкір Шоқанұлы)

Көп ойлап жақсы сөйле – нұсқа болсын,

Қайтарар жауабың да қысқа болсын. (Ж.Баласағұн)

Әдептіліктің алды – абайлап сөйлеу. (А.Югнаки)

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті,

Біздің жастарымыз ана тіліне жетік,

Білімді, мәдениетті болсын.   (А.Жұбанов)

 

Бұл енді тек теңіздің тамшысы ғана.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Залина

    Тіл ұстарту кез келген қазақ тілі сабағында болу керек деп ойлаймын.Сауатты жазу қазақ тілінің басты заңдылығы емес пе?

  2. Алмагуль

    Тіл ұстарту туралы жақсы жазылған мақала. Рақмет

  3. Гульнур

    Керемет жазылған мақала, қысқа да нұсқа, түсінікті… рахмет

  4. Елекбаева Ж

    Тіл ұстартудың негізгі мақсаты – оқушыларды дұрыс, көркем сөйлеуге үйрету, сөйлеу тілінің мәдениетін көтеру және шығармашылық қабілетті дамыту. Бұл сабақ жас мұғалімдерге көп көмегін тигізеді. Сізге рахмет

  5. Карменова Бахытжамал Базылрахмановна

    қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу -бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оқушының Тіл мәдениетін, сөздік қорын дамыту арқылы жаңа формат бойынша ЭССЕ жазуда да ұтарымыз көп.Мақалаңызға рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ