Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Қазақ тілі

 

Мемлекеттік тіл — өркениеттің белгісі


Үстіміздегі жылдың мамыр айының 15 жұлдызында № 250 мектеп –лицейінде Қызылорда облысы Қармақшы аудандық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдасыруымен семинар- кеңес өтті. Жиынға облыстық «Қазақ тілі» ұйымының төрағасы С.Ә.Аңсатов бастаған тіл жаңашырларымен, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, сондай-ақ «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бастауыш ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинардың мақсаты-басқа ұлттың, әсіресе өз қазағымыздың санасына ұлттық саңылау түсіріп, намысын қамшылау мен тілімізді төрге шығарудың жолында заң аясындағы тәсілдердің бәрін қолданып қоғам болып әрекет ету.
Елбасының халыққа арнаған 2011 жылғы Жолдауында айтылған: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» деген нақты тапсырмаларын берген болатын. Осы тапсырманы және алға қойған мақсатты іске асыру жолында №250 мектеп-лицейінде Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Мектеп екі тілде білім беретіндіктен өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ,Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында 17-22қыркүйек аралығында «Мемлекеттік тіл-өркениеттің белгісі» атты онкүндік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.Өткізілген шараларға мектеп мұғалімдері мен оқушылар белсене қатысты.

17

14 қыркүйекте «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты жас ақындар мүшайрасы өтті. Мүшайраға 7-11 сынып оқушылары қатысып, өз туындыларынан өлең оқып берді.  Мүшайраға қатысушылардың барлығы жеңімпаз атанды, себебі оқушылар бірінен бірі асып түсті. Жас ақындар Алғыс хаттармен марапатталды.

18

Қыркүйектің 17 жұлдызында  «Ана тілі аруы» байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өзіндерін жырмен таныстырып, «Білімді мыңды жығар», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өнерлі –өрге озар», «Сахна шебері»  атты бөлімдерде сынға түсті. Байқауға 8 оқушы қатысып, сөз өнерін жеткізді.

19

21 қыркүйекте өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақ тілінің білгірлері» атты сайысы өтті. Тек өзге ұлт өкілдерінен құралған топ, өздерінің қазақ тілінен білімдерін ортаға салды. Топ жарып І орынды 7 «Б» сынып оқушысы Цой Рауан, ІІ орынды 6 «В» сынып оқушысы Исламова Эльнора, ІІІ орынды 6«А» сынып оқушылары Эдилова Мадина мен Яшкова Ирина жеңіп алды. Оқушылар марапатталды. Ұйымдастырушылар қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Нақыпова мен А. Жасыбаева.
Мектеп кітапханасында «Қазақстан болашағы-қазақ тілінде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ тілінің сөздіктері, әдістемелік оқулық, электронды оқулықтар, тіл туралы нақыл сөздермен қамтылған.

20

21

22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тіл-халықтың қазынасы,ұлт шежіресі» атты мерекелік шара өтті.Аталған шараның мақсаты- туған тілдің қадырын таныту, тілге деген құрметтерін дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Мерекелік шараға мектептің өнерпаз оқушылары ән, би билеп, өзге тілдерде өлеңдер оқыды. Тілге деген құрметтерін жыр арқылы танытты.

Қызылорда қаласы
Қармақшы ауданы
№ 250 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет пән імұғалімі
Баймаханова Гүлнұр Мейрамбекқызы

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • «Керқұла атты Кендебай ертегісі (сабақ жоспары)
  • М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
  • Қазақ тілінен диктант түрлері 3 сынып І тоқсан
  • Қазақстан-тәуелсіз мемлекет
  • Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Пікір жазу жабық.

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.