Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет»

| Пәні: қазақ әдебиеті | Сыныбы: 9 | ||
| Тақырыбы: | Қожа Ахмет Иассауи»Диуани хикмет» | ||
| Сабақтың мақсаты: | Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, сопылық әдебиетті түсіндіре отырып, философиялық ой-өрісін дамыту. Сопылық әдебиет арқылы рухани тазалыққа, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру. | ||
| Оқып-үйренудің негізгі идеясы: | XI-XII ғасыр ғұламалары туралы кеңірек мағлұмат алады.Түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дінінің ұштасуы.
«Диуани хикмет» жырының тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан талдау жасай алады.Топта бірлесе жұмыс жасай біледі, ұтқыр ой айтып, шығармашылық қабілетін дамытады. |
||
| Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: | СТО стратегиялары:кубизм, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс. | ||
| Тапсырмалар: | 1.Блум таксономиясы арқылы оқушыларға өлең мәтінімен таныса отырып, сатылай кешенді талдау жасау, өлең мазмұны мен идеясын анықтау.2.Оқулықпен жұмыс жасау.
3.Шығармашылық жұмыстар.
|
||
| Дерексөздер: | Оқулық, интертақта, флипчарт. | ||
| Сабақтың барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: | |
| Ұйымдастыру | Амандасу, оқушыларды түгелдеу. | ||
| Білім | Қожа Ахмет Иассауи кім?Қандай еңбегі бар ? | Топтастыру әдісі бойынша жауап береді. | |
| Түсіну | Слайд арқылы Қожа Ахмет Иассауи, Киелі Түркістан қаласы жайында мағлұмат беру .»Диуани хикмет «еңбегінің тақырыбы, идеясын таныту. | Тілдік талдау жасау. | |
| Қолдану | Хикметтерінен үзінді оқи отырып , жыраулар поэзиясынан үзінді келтіріп салыстыру. | ||
| Талдау | Венн диаграммасы Абай мен А.Иассауи. | ||
| Жинақтау | «Киелі сол екі су жағасына, Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін…»ойтолғау жазу. | ||
| Бағалау | Бағалау бетшелерін толтыру | Өзін-өзі бағалайды,бірін-бірі бағалайды.Күнделікке жазып алады. | |

XI-XII ғасыр ғұламалары туралы кеңірек мағлұмат берген.Түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дінінің ұштасуы көрсетілген. Сабағында СТО стратегиясын қолданғаны айқын көрініп тұр