Барша аналар қауымына арналған «Анашым» атты тамаша әуеннің караокесі. Минусовкасы және тексті.
Авторы: сөзі. Қайрат Жұмағалиев, әні. Марат Омаров
Шет жүрсем — сағынарым,
Жабықсам — шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Ұшырған сұңқарыңмын
Қияға шырқарыңмың
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Қорғаным — өзің деймін
Жан дауа — сөзің деймін
Анашым, сені ойласам
Көз ілмеймін…
Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
осы өлеңді естісең жылығың келеді
Анаға жетер адам жоқ. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын. Қанша жасқа келсек те аналарымыздың алдында бала болып саналамыз,әрқашан борыштармыз. Еркетайға рахмет, осындай құнды, бағалы нәрселерді сайтқа салып көпшілікпен бөліскендеріңізге,болашақ балаларымыз үшін жасап жатырған дүниелеріңіз керемет.
Өз анана жетер адам жок аналарымыз аман болсын
Аналарымыз әрқашан аман болып, ортамызда жүре берсін!
Аналарымыз жүз жасасын
Қанша жасқа келіп, есейсек те, ана алдында бала боп еркелегің келеді. Мейірімділікті тұла бойына тұнып берген аналарымыз аман болсын.
Ана деген сөздің өзі қандай керемет Анасыз бұл дүниенің қадеті жоқ Бір жағдай болып қалса анамызға келіп айтамыз,анамызға келіп шағынданамыз.Бұл өлең арқылы аналарымызды бір еске алып аламыз
керемет өлең жанды тебірентеді
Ағаларымыз аман болсын. Сіздерге үлкен рақмет! осындай керемет әндерді өңдеп, балаларға ыңғайлы ырғақ, жасап шығарып жатқандарыңызға.
Аналарымыз ортамызда шалқып күліп, жадырап жайнап аман жүрсін. Қанша жасқа келіп, есейсек те, ана алдында бала боп еркелегің келеді. Мейірімділікті тұла бойына тұнып берген аналарымыз аман болсын.
Аналарымыз аман болсын Балаларға да ана туралы көп ән айтқызу керек
Әлемнің жарығын силадың сен маған демекші асыл аналарымыз аман болсын.Түн ұйқысын төрт бөлген аналарымызға қанша жақсылық жасасақта көптік етпейді.Аналарымыз аман болсын.
аналар әлемдегі асыл жандар,аман болыңыздар шалқып тасып перзентінің қуанышында бірге бақытқа бөленіңіздер
Аналарымыз аман болсын
Балаларға да ана туралы көп ән айтқызу керек
Оз бакытын, куанышын ози омирге акелген перзенттеринин кылыгынан, кызыгынан издейтин аяулы Аналарымыз! Сиздерге алемдеги бар жаксы тилектерди уйип-токсекте аз. Журегимизди жарып шыккан бар изги тилектеримиз- омирдеги ен кымбатты да ардакты жан Ана, оздерине арналады. Бизди омирге акелип, ак сут берип, аялап осирип, осы кунге жеткизгендериниз ушин сиздин алдынызда манги карыздармыз.
ма өте керемет ән екен,тағыда осылай әндер салып тұрыңыздаршы
Ана туралы мағыналы керемет ән. Аналарымыз аман болсын
Қазақы нақыштағы өлең -жырларды шығаруды кеңейте беріңіздер!Шет елге еліктп жүрген кейбір жастарымызға үлгі болар сайт!
Аналарымыз аман болсын.
Уақытты қызықты өткізуге болады екен. Караоке әндерін шырқап, көңіл бір көтеріліп қалды.
Барша аналарды 8 наурыз мейрамы мен шын жүрекен құттықтаймын. Еркетай сайтына алғысым шексіз осындай әннің караокесін жасап ұсынып отырғанына