Ақ мамам әні (қазақша караоке)

Балаларға арналған «Ақ мамам» әнін сайтымызда жарияланған осы видео арқылы(караоке) орындауға шақырамыз. Егер осы
ақ мамам әнінің минусовкасы және тексті сізге қажет болса, төменде  осы материалдарды толық жүктеуге арналған сілтеме көрсетілген.

Минусовкасы: Көшіруге арналған сілтеме мынау 

с. Ә.Дүйсенбиев ә. Ә.Бейсеуов

Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам

Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты

Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін

Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді

Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер13
  1. Сейсен

    Сөзі де, әуені де жеңіл тамаша ән.

  2. Санжан

    Ете керемет! 8 наурызда айтуға болады екен ????

  3. Маржангул

    наурыз мерекесіне нағыз керек ән

  4. Рахметова Айтолқын

    Қандай керемет сайт. Бір сайттың ішінде бәрі де бар.Тартымды, өте ыңғайлы жасалған.

  5. Айгүл

    әннің мағынасы терең, жаттауға оңай

  6. Айдын Қанатқызы

    Бір кісі бір баладан:
    — Анаң әдемі ме? Әлде, аспандағы ай әдемі ме? — деп сұрапты. Сонда бала:
    — Анама қарасам, айды ұмытып кетемін. Айға қарасам, анам есіме түседі, — деп жауап беріпті

  7. Самал

    Балаларға арналған көптеген әндерді сіздердің сайттарыңыздан табуға болады екен. Рахмет сіздерге?

  8. Гулзат

    Мына әнді оқып оқушы кезімдегі Әуез жетекшісі есіме түсті Керемет

  9. Гулим

    керемет ән!8-наурызға айтқызуға болады

  10. Шынар

    керемет ән. балалар әнді музыкасымен тыңдаса жаттауға өте тиімді болады, сол үшін де рахмет!

  11. Шынар

    жұмыс барысында да және үйдегі өз балаларымызға үйрететін көптеген ақпараттар бар екен

  12. Таңшолпан

    8- наурыз аналар мейрамына арналған керемет ән балабақша балаларына

  13. Нұра

    Аналар мерекесине балалар ан айтып, аналарын куантып жатса енбегимиздин зая кетпегени! Осы бир тамаша туындыны ан коржынымызга косып алдык! Улкен Рахмет!?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ