Автоматтандырылған ақпараттық технология

Сабақтың мақсаты:

білімділік тәрбиелік Дамытушылық
Автоматтандырылған ақпараттық технологияға сипаттама беру, қамсыздандыру түрлерімен таныстыру. Ізденімпаздыққа, жан-жақтылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу Оқушылардың теориялық, шығармашылық қабілеттерін арттыру

Сабақтың түрі:

Сабақтың типі:

Сабақтың жабдығы:

Пәнаралық байланыс: тарих, информатика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ü  Сәлемдесу;

ü  Оқушыларды түгелдеу;

ü  Оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Білімді өзектендіру.

ü  Информатика дегеніміз не?

ü  Ақпарат дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

ü  Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?

ü  Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар?

ü  Ақпараттың компьютерге қандай қатысы бар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпарат латынша «informatio» сөзінен шыққан, «түсіндіру», «баяндау» деген мағына береді.

Технология грекше «techne» сөзінен шыққан, аударғанда «өнер», «шеберлік» деген мағынаны білдіреді.

Ақпараттық технология – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Материалдық өндіріс технологиясының мақсаты – адамның немесе жүйенің қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім шығару.

Ақпараттық технологияның мақсаты –алынған ақпараттың негізінде қандай да бір әрекетті орындау кезінде шешім қабылдау және оның келесі талдауына жаңа ақпарат өндіру.

Ақпараттық технологияның даму тарихы

1 — кезең (19ғ. ІІ жартысына дейін) – «қол» ақпараттық технологиясы;

Құралы – жүн, сиясауыт, бухгалтерлік кітап.

Негізгі мақсаты: ақпаратты керекті формада көрсету.

2 – кезең (19ғ. соңынан бастап) – «механикалық» технология;

Құралы – жазу машинкасы, телефон, пошта, фонограф.

Негізгі мақсаты: ақпаратты керекті формада ыңғайлырақ құралдармен көрсету.

3 – кезең (20ғ. 40-60 жылдары) – «электрлік» технология;

Құралдары – үлкен ЭЕМ және оған сәйкес бағдарламалық қамсыздандыру, электрлік жазу машикалары, көшірме аппараттары, портативті магнитофондар.

Негізгі мақсаты:  ақпараттың мазмұнын пішімдеу.

4 – кезең (70ж. басынан) – «электрондық» технология;

Құралдары – үлкен ЭЕМ және олардың базасында құрылған басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

Негізгі мақсаты: ақпараттың маңызды жақтарын құрылымдау.

5 – кезең (80ж. ортасы) – «компьютерлік» («жаңа») технология;

Құралдары – көптеген бағдарламалық өнімдері бар дербес компьютер.

Негізгі мақсаты: телекоммуникациялық байланыстарды, локальді компьютерлік желілерді кеңінен пайдалану.

Ақпараттық технология дәстүрлі (қағаз түрінде) және автоматтандырылған түрде жүзеге асады.

Автоматтандыру дегеніміз – адамның іс-әрекетін машиналар мен механизмдердің ауыстыруы. Автоматтандырудың дәрежесі кең көлемде өзгеріп отыруы мүмкін: яғни басқару процесі толығымен адамдар арқылы жүзеге асатын жүйелерден автоматты түрде жүзеге асатын жүйелерге дейін.

Сондықтан автоматтандыру басқару процесіне адамның қатысу көрсеткішін төмендетеді немесе толықтай босатады.

Мынадай жағдайларда технологияның автоматтандырылу қажеттілігін байқаймыз:

— адамдардың мүмкіндіктеріне физиологиялық және психологиялық шектеу болғанда;

— адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп болғанда

— маманның біліктілігінің жоғары болуын талап еткенде

— қысылтаяң немесе апатты жағдайда болғанда

Автоматтандырылған ақпараттық технология ақпараттық процесті жүзеге асыратын компьютерлер, коммуникациялық техника, бағдарламалық қамсыздандыру және ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдардан құралады. Бұл процесс ақпаратты алу, беру, жинау, сақтау, өңдеу, пайдалану және таратуды қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған ақпараттық технология белгілері бойынша салаларға бөлінеді.

1. Жүзеге асу тәсілі:

– дәстүрлі;

–жаңа ақпараттық технологиялар.

2. Тапсырмалар ауқымының дәрежесі

– ақпаратты электрондық өңдеу;

— шешім шығаруға қолдау;

— электрондық офис;

— эксперттік қолдау.

3. Жүзеге асатын технологиялық операциялар класы

— мәтіндік процессормен жұмыс;

— кестелік процессормен жұмыс;

— графикалық объектілермен жұмыс;

— мультимедиалық жүйелер;

— гипермәтінді жүйелер.

4. Пайдаланушы интерфейсінің түрі: 

— пакеттік;

— диалогтік;

— желілік.

5. Желі құру тәсілі:

— локальді;

— көпкезеңді;

— таратушылық.

 

ІV. Сабақты бекіту.

1. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

А) сезу және көрудің                          В) иіскеу мен естудің

С) есту мен көрудің*                          Д) көру және дәмін тату арқылы

2. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

А) қағазды           В) дискіні         С) тасты            Д) суды*

3. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:

А)  кітапханадан кітап іздеу                В) телефон арқылы сөйлесу*

С) музыка тыңдау                               Д) табиғат құбылысын бақылау

4. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

А) қатты диск                 В) лазерлік дискілер             С) флеш-жады                Д) процессор

5. «Ақпарат» сөзін қазақша аударғандай қандай мағына береді?

А) басқару        В) баяндау*      С) тыңдау         Д) өңдеу

6. Ақпараттық технологияның даму тарихы қанша кезеңнен тұрады?

А) 3                  В) 4                  С) 5*                Д) 6

7. Адамның іс-әрекетін машиналар мен механизмдердің ауыстыруы қалай аталады?

А) жабдықтау              В) автоматтандыру*                 С) модельдеу               Д) ақпараттандыру

 

V. Үйге тапсырма беру.

Уйдегі автоматтанырылған ақпараттық технологияларды тізіп келу.

 

V!. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ