Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер > Мультфильмдер

 

Жезтырнақ ертегісі


Ерте, ерте, ертеде қалың елге жау шауыпты. Жаудан кек алмақ болып, жас жігіт жорыққа аттаныпты. Жігіт алғашқыда талай-талай қырлардан өтіпті. Көлбей аққан өзендерді артқа тастапты. Таулы, тасты жерлерді де қиялай шауып басыпты.

Жаудың жеріне жетіп, оларды жермен-жексен етіпті. Жігіт батыр атаныпты. Мерейі тасып, еліне қайтыпты. Қайтар жолда қалың қамысы өскен нулы жерге ат басын тіреп, азын-аулақ демалыпты.

Сол кезде аспаннан түсті ме, қалың қамыс арасынан шықты ма, бір сұлу қыз батырды көріп, жақындай түсіпті. Батыр дала төсіндегі қызғалдақ гүлдердің бір шоғын жинап, сұлу қызға ұсыныпты.

Сұлу қыз инабатты қылығымен батырдың ұсынған гүлдерін қолына алады. Бірақ саусақтарын көрсетпейді. Жеңі ұзын көйлегінен саусақтарын шығармаған күйі батырға жақындай түседі.

жезтырнак мультфильм

Батыр балалық шағында атасы мен әжесінен көптеген әңгімелерді есітіп, құлағына құйып өскен болатын. Жезтырнақтар лезде сұлу қызға, бірде ақ сақалды қарияға немесе арлан қасқырға айнала алатындығы есіне түседі. Саусағын көрсетпегені – оның жезтырнақ, мыстан кемпір екендігінің дәлелі деп ұғынады жас батыр.

Батыр артқа сәл ғана шегініп, сұлу қызға айбарлы тілмен үн қатады:

–Сен сұлу қыз кейпіндегі жезтырнақсың. Көзіме көрінбе. Сен нағыз аяр мыстансың. Жоғал, – дейді.

– Батыр, қатты кетпе. Мен саған ыстық су, тәтті тамағыңды әзірлеп берейін, – деп сұлу қыз сызыла тіл қатады.

Батыр иілмейді. Тұлпарына қарғып мініп, бәлелі, жалалы жерден тез арада аттанып, еліне қарай бет алады. Күн жүреді. Түн жүреді. Батыр бір кезде қалың, ну орманға кезігеді. Орманның ішіне кіре бергенде қарсы алдынан ақ сақалды, еңсегей бойлы қария жолығады.

Үлкенге ізет көрсету салтымен, батыр тұлпардан түсіп:

– Ассалаумағалейкүм, ата, – деп сәлем береді.

– Уағалейкүмассалам, – деп қария жауап қатады.

Батырмен сәлемдескенде қария саусағын көрсетпейді. Ұзын жеңді көйлегінің ішіне жасырған саусақтарын батырдың көзінен таса ұстайды. Батырдың көңіліне күдік кіреді. Қарияның жезтырнақ екенін жүрегі сезеді. Сөйтеді де:

– Сен және де маған жолықтың ба? Жауды жеңіп, ата-анаммен аман-есен қауышуды ниет етіп ем. Жолымды кес-кестеме, жауыз жезтырнақ, – деп батыр тұлпарына бір-ақ қарғып мінеді. Елін бетке алады. Өзенді, көлді, таулы, тасты жерлерден желіп өтіп кетеді.

Елдің шетіне аяқ басым-ау деген кезде батырдың қарсы алдынан дәу арлан қасқыр шыға келеді. Батырға ұмтылады. Тұлпардың үстінен құлатпақ болады. Батыр жанындағы үлкен шоқпарын жуан жұдырығына қысып алады. Мықтап ұстаған бойы қасқырдың қақ маңдайына соғады.

Қатты соққыдан қасқыр шалажансар күйге түседі. Сәлден соң, мерттіккен қасқыр ақ сақалды қарияға, одан соң сұлу қызға, кейін жезтырнақ мыстан кемпірге айналып, сеспей қатады.

Батыр тұлпарына мініп, еліне таң ата жетеді. Қарсы алдынан ата-анасы, туған-туыстары, бауырлары шығып, ел-жұрты батырмен қуана қауышады. Жауды, жезтырнақты жеңіп келген батырдың ерлігіне қалың халқы дән риза болды.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі
  • Бұғы мен қасқыр
  • Бай мен кедей
  • Ертегі. Жалқаугүл мен Іскергүл
  • Алтын құс пен сұр қасқыр

комментария 7 Пікір қосу

  • Жанар 23.11.2021 в 22:02

    Кремет Ертегі екен балаларға ұйқы алдында оқуға болады екен

    Ответить
  • Баян 04.04.2021 в 17:03

    оте кызыкты шытырманга толы ертеги

    Ответить
  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 в 00:31

    Әр ертегіде тұнған тәрбие тәлім жатыр. Өте мағыналы. Әсерлі ертегі екен,

    Ответить
  • Жансулу 09.10.2020 в 09:31

    Керемет ертегі жиынтықтары бар екен
    Пайдалы дүниелерге толы сайт

    Ответить
  • Altai Nurgul 28.09.2020 в 01:10

    Күшті екен маған қатты ұнады

    Ответить
  • Айжан 13.09.2019 в 12:24

    ертегінің басын басқаша жазу керек пе еді, басы түсініксіз

    Ответить
  • Эльмира 12.09.2019 в 17:15

    қазақ халқы ауызша әдебиетке бай халық қой

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.