Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Ұрысқақ кемпірлер және ақылды қыз


Бір ауылда екі кемпір өмір сүріпті. Біреуі өзеннің бергі жағында, екіншісі өзеннің арғы жағында тұрыпты. Бұл екеуінің ұрысқақтығы жұрттың бәріне белгілі болыпты. Екеуі екі жағада тұрып алып, күн шыққаннан кеш батқанға дейін ұрысудан жалықпайды екен. Бұлардың неге ұрысатынын, нені бөлісе алмай жүргенін ешкім де білмепті. Бір кемпірдің немере қызы бар екен. Әжесінің ұрысқақтығы оны әбден мезі етіпті. Содан кейін ол бір күні әжесіне:

– Сен өзенге барма, көршімен ұрысудың қажеті жоқ. Сен бармаған соң оның өзі де қояды, – депті.

– Не айтып тұрсың, қызым-ау! Ол мыстанның сөзін мен қалай жауапсыз қалдырамын! Бірдеңе деп көрсін, әкесін танытайын оның! – дейді кемпір.

Әжесі бір күні науқастанып, төсек тартып жатып қалады.

қыз туралы ертегі

Немересі таңертең өзенге келгенде арғы беттегі ұрысқақ кемпірдің балағат сөздерін тағы да естиді. Бірақ ол аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан кемпірге тіл қатпастан, мылқау сияқты тұра береді.

– Қарашы, мына қара есекке теріс мінгірді! – деп кемпір қызға қарай барқ ете қалады. – Қыш құмырадан сынып түскен бір елі бәле ғой мынау! Тіпті кербез ғой өзі, маңғазсынып, сөйлемейді ғой өзі! Оңбаған қара, қазір барып шашыңды талдап жұлармын!

Кемпір етегін түріп, өзенге түседі. Өзен терең болмаса да, су астындағы тастары мүк басқан, тайғақ еді. Өзеннің ортасына жеткенде кемпірдің аяғы тайып құлап, суға батып кетеді.

Қарсы жағада тұрған қыз жүгіріп жетіп, кемпірді қолтықтап көтеріп, жағаға аман алып шығады. Құрғақ тастың үстіне отырғызып, шашын тарап, орамалын түзеп тартуға көмектеседі.

Кемпір ұзақ уақыт үндемей отырады. Содан кейін өзін құтқарған қызға көзі жасаурап қарап, осы кішкентай қыздың алдында өзін кінәлімін деп санап, егіліп жылап жібереді…

Сол кезден бастап кемпірлер ешқандай балағат сөз айтпайтын болыпты. Сөйтіп, ауылдастары ұрысқақ кемпірлерден осылай құтылып, уһ деп тыныштық тапқан екен.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мақтаншақ Қоян
  • Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі
  • Таңертеңгі сапырылыс
  • Мақта қыз бен мысық ертегісі
  • Қаһарман қыз ертегісі

Пікірлер 8 Пікір қосу

  • Шынар 20.01.2020 күні 00:06 уақытында

    барлық мұғалімдерге кеңес беремін. өте керемет сайт екен пайдаланыңыздар

    Жауап беру
  • Гүлжан 01.12.2019 күні 23:43 уақытында

    Ертегі өте жақсы жазылған. Балалардың тәрбиесіне қажет ақ.Осында қысқаша ерегілерді кітапша етіп басып шығарса өте жақсы болар еді.Кемпір сөзін әжейлер деп өзгертсе құлаққа жағымды естілер еді. Ертегінң видио нұсқасын жүктеп алып отырса жақсы болар еді.Әрине ғаламторы жоқ ағайындарға .Жақсы.

    Жауап беру
  • Айжан 13.09.2019 күні 12:35 уақытында

    Өте мағыналы екен қыздарымыздың тәрбиесіне үлгі болатын ертегі екен

    Жауап беру
  • Айжан 13.09.2019 күні 12:32 уақытында

    Ертегі өте мағыналы екен қазіргі ұл -қыздарымызға үлгі болатын ертегі екен

    Жауап беру
  • Эльмира 12.09.2019 күні 17:31 уақытында

    баланы түземе ең бірінші өзіңді түзе деп бекер айтылмаған екен. ата-анаға қарап өседі бала

    Жауап беру
  • Женис 03.04.2019 күні 11:54 уақытында

    Бәрекелді

    Жауап беру
  • Алия 24.02.2019 күні 23:51 уақытында

    Керемет жазылған ертегі екен. Маған ұнады. Елдің ертеңі болар жас ұрпақтың келешегіне алаңдаған әрбір ата — ана үлгі алар керемет ертегі желісі. Рахмет.

    Жауап беру
  • Шаттық Мырзабековна 20.01.2019 күні 14:24 уақытында

    Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіне берер үлгісі ұшан – теңіз. Мына ертегіні балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш және орта мектеп оқушыларына тәрбие сағатында немесе сыныптан тыс іс – шарада оқып берсек, бала дүниесін рухани байытарымыз сөзсіз. Елдің ертеңі болар жас ұрпақтың келешегіне алаңдаған әрбір ата – ана үлгі алар керемет ертегі желісі. Рахмет.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.