×

Үйшік(орыс халық ертегісі)

тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю жайлы ертегі
тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю жайлы ертегі

Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады.
Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

Бағасын беріңіз
( 1 оценка, среднее 4 из 5 )
Пікірлер13
  1. Айдана

    Қандай керемет ертегі,осы ертегіні балаларым тыңдағанды ұнатады.Сіздерге мың алғыс.

  2. Асем

    сайтқа тіркеліңіздер рахмет
    Керектің бәрі осында бар

  3. Айгерім

    Үйшік ертегісін менің балаларым жаесы кореді.әркашан окып беруімді сұрайды.және өздері кайталап жаттап та алган.осындай казакша ертегілер ьолса

  4. Гулизат

    үйшік ертегісінің қазақша нұсқасы маған үлкен көмек көрсетті. өзімнің тобымның балаларына мәнерлеп оқып беріп,балаларымды бір қуанттым.

  5. Фариза

    Ертегіні жүктеу керек еді

  6. Гаухар

    үйшік ертегісін жүктеу керек

  7. дилназ

    маған осы ертегі керек

  8. Тұрар

    мен осыертегіні іздедім рахмет

  9. Маха

    рахмет

  10. Маха

    Мен осы ертегіні көптеген жылдар бойы іздедім ол сіздерде бар екен

  11. АСЫЛ

    РАХМЕТ ОТЕ ЖАКСЫ ЕРТЕГИ ЕКЕН

  12. Раушан

    Рахмет! Осы ертегіні көптен іздеп едім. Бірақ көшіріп ала алмадық.

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа бір мақала жіберіп қалаған бір мақаланы алыңыз.Мақаланың ішіне қай мақаланы алғыңыз келетіндігін қоса жазып жіберіңіз.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ