Саңырауқұлақ саясында

Достық, татулық, бірлік, жанашырлық, жайлы, туралы, ертегіБір күні құмырсқа жаңбыр астында қалды. Қайда тығылуға болады?
Қараса, алқапта кіп-кішкентай саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр.
Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді:
— Құмырсқа, Құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын. Саңырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!
— Мен сені қайда кіргіземін?! Өзім де әрең сиып тұрмын, — дейді ол.
— Түк те етпейді, көңіліміз кең болса, жер тарлығы оқа емес. Құмырсқа Көбелекті саңырауқұлақтың астына кіргізді.
Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде саңырауқұлақтың қасына ентіге жүгіріп Тышқан келеді.
— Кіргізіңдерші мені! Үстімнен су сорғалап тұр! — дейді Тышқан жалынып.
— Сені қайда кіргіземіз?! Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр!
— Сығылысып көрейікші?!
Үшеуі сығылысып, саңырауқұлақтың астын паналайды. Жаңбыр болса, тоқтар емес, шелектеп құйып тұр. Саңырауқұлақтың қасына секіріп Торғай келді.
— Қауырсындарым су болды, қанаттарым шаршады! Жаңбыр біткенше саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? Демалып, қанаттарымды, үстімді кептіріп алайыншы! — деп жылап жіберді кішкентай Торғай.
— Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?
— Өтінемін, жылжып көріңдерші!
— Жарайды, кіре ғой!
Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына Торғай ды да кіргізді.
Алқапқа осы арада ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп айқай салды.
— Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!
— Тағы қысылысып көрейікші, Қоянның түрі сондай аянышты! — деді Құмырсқа.
Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде Түлкі жүгіріп келді.
— Қоянды көрдіңдер ме? — деп сұрады.
— Жоқ, көрмедік. Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен түрткілеп иіскей бастады.
— Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?
— Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз сығылысып зорға сидық!
Түлкі сары құйрығымен әрі-бері бұлаңдатып кетіп қалды.
Жаңбыр осы кезде тоқтап, күннің көзі жарқырай ашылды. Саңырауқұ¬лақтың астындағылардың бәрі қуана-қуана алқапқа жүгіре шықты. Құмырс¬қа ойланып қалды:
— Бұл қалай болды? Алғашында саңырауқұлақтың асты менің өзіме тар еді, ал енді бесеумізге де орын табылып, кішкентай жерге сыйып кеттік!
— Бақ-бақ! — деп бақылдаған Бақаның дауысы естілді. Бәрі қараса, саңырауқұлақ үстінде Бақа күліп отыр.
Әй, сендер! Саңырауқұлақтың… — деп сөзін аяқтамастан ол секіріп кете барды.
Бәрі саңырауқұлаққа қарап ойланып қалды. Басында біреуінің өзі әрең сыйып, келе-келе бірнешеуіне пана болған саңырауқұлақтың сырын ұға алмай бәрі дал болып қалды.
— Ал, сендер қалай ойлайсыңдар?

   
Пікірлер14
  1. Бибигуль

    Күз мерекесіне Жақсы келіп тұр.Рахмет

  2. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Құмырсқа еңбекқор жәңдік.Ертегі мазмұны кеңпейіл,еңбекқор құмырсқаның саңырауқұлақ астын жаңбырдан паналауынан басталған.Ертегі кейіпкерлерінің бір саңырауқұлақ астына біріге паналауынан достықты,жаңашырлықты көруге болады.Саңырауқұлақ та ертегі кейіпкерлерінің достығын бағалап,өзінің құшағын айқара ашқандай,оның қалпақшасы біртіңдеп өсіп,көлемі кеңейе түскен.
    «Көңіл сыйса бәрі де сияды»-деп бекер айтылмаған.Ертегіде жақсы іс әрекеттер көрсетілген.Бір-бірін ренжітпей қиыншылық кезеңдерінде бірлесіп тату өмір сүруге болатыны жайлы түсінік берілген.
    Ертегі мазмұнындағы кейіпкерлердің жақсы іс әрекеттері балаларды жаңашырлыққа,мейірімділікке
    тәрбиелейді.Ертегіні балаға оқып бере отырып,достарын көмек сұрағанда сен де қол ұшынды бер,достарыңды қиындық кезінде тастама,достықты бағалай біл деп үйреткен жөн.

  3. айнагул

    керемет

  4. айнагул

    керемет ертегі

  5. айнагул

    тамаша

  6. айна

    жақсы ертегі

  7. Арай

    керемет

  8. Арай

    жақсы ертегі

  9. Арайлым

    керемет ертегі

  10. ертегілеріңіз шынымен де қызықты екен. көп жаңа ертегілер таптым

  11. sagynysh

    өте қызықты ертегі

  12. Galiya

    көңіл сыйса бәрі де болады тамаша ертегі

  13. шолпан

    Ертеги кызыкты

  14. Асель

    керемет ертегі

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ