Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Халуа жауған күн


Бір ауылда ағайынды үш ұл мен қыз өмір сүреді. Олар ынталы жұмыс істейді, соған сәйкес ауқатты тұрады. Ағайынды жігіттер егін алқабында жұмыс істесе, қыз үй шаруасын дөңгелетіп, кенеп, шұға тоқумен, басқа да киімдер тігумен айналысады. Тұрмыстары жақсы болса да ағайындыларды бір нәрсе мұңайтып жүреді. Ол – кіші ұлдың делқұлылау болғандығы екен.

Бір күні жер жыртып жүргенде, кіші ұл есінеп келе жатып, түреннің тісін тым тереңге салып жібереді. Түрен бір нәрсеге тіреліп, тоқтап қалады да, жер астынан күміс құмыраны алып шығады. Ашып қараса, құмыра толы алтын екен!

Үйге қайтып келе жатқанда ұлдар:

  • Әпкеміз қалай қуанады десеңші! Оған енді түнімен кенеп тоқудың қажеті жоқ, бәрін де сатып аламыз. Мына алтынға өзімізге керектің бәрін сатып алуға болады! – деп қуанады.

Кенже ұл олардың сөзін бөліп:

  • Мұны тапқан мен! Мен! Жұрттың бәріне солай деп айтам! Білсін ауылдың бәрі менің қандай жолы болғыш екенімді! – деп мақтанады.

Оның сөзін естіп, ағалары мұңайып қалады, жүздеріне әлгі қуаныштың ізі қалмайды. Өйткені мұның сыры белгілі еді. Бұлардың қазына тауып алғанын жұрт білетін болса, ертең ханның да құлағына шалынады, Хан келеді де, бұл олжаны тартып алады. Ал мына делқұлыға құпияны сақта деп айтудың тіпті де жөні жоқ. Бәрібір бір күні мылжыңдап айтып қояды.

қазына туралы ертек

Ұлдар үйлеріне келеді. Кіші ұл әпкесіне:

  • Біз қазына тауып алдық! Алтын толы құмыраны мен таптым! Оны мен таптым! Енді ауылда бізден бай ешкім жоқ! – деп мақтана жөнеледі.

Ағалары мұңайып үндемейді. Әпкесі бәрін түсінеді. Ол кіші інісіне:

  • Сен жуын, аулада дем ал. Мен кешкі ас әзірлейін, – дейді.

Қыз үйге кіріп, жылдам халуа әзірлей бастайды. Үйде қалған ұнның, майдың, қанттың, жаңғақтың бәрін салып, халуа пісіреді. Содан кейін оны үлкен табаққа салып, үлкен ұлға шатырға апарып қоюды тапсырады. Қыз өз ойын үлкен ұлдарға айтқанда, олар бұған ынтамен кіріседі. Ортаншы ұл кіші ұлды үйге алып кіріп, біраздан кейін шығып, жылдам қайта кіреді.

  • Аспаннан ыстық халуа жауып жатыр! Ып-ыстық жаңбыр! – деп айқайлайды ол кірген бойда.

Ортаншы ұл шатырдан үлкен ұл лақтырып тұрған, басына, иығына тиген халуаны ұстап алып тұрады. Мұны көрген кіші ұл:

  • Мен де халуа жеймін! Ыстық жаңбырға барам! – деп айқайлайды.

Әпкесі оны құшақтап:

  • Бұл өте ыстық жаңбыр, күйіп қаласың! Одан да есіктің аузында отырып, қасыңа келіп түскен халуаны теріп алып отыр, – дейді.

Сөйтіп, делқұлы байғұс есіктің алдында шатырдан үлкен ағасы лақтырып тұрған халуаны теріп алып, жеп отырады.

Келесі күні ағалары кіші ұлды егіс алқабына алып кетеді, ертеңіне де сөйтеді. Үйден шығармау үшін кешкісін ертегі айтып береді. Төртінші күні делқұлы үйден сытылып шығып, кешкісін халық жиналатын алаңға бәрібір барады.

  • Дүниедегі ең жолы болғышпын! Мен бір құмыра алтын тауып алдым! – деп жар салады.

Адамдар оның сөзін естіп тыныштала қалады, кіші ұлға үдірейе қарайды:

Оны қашан тауып алып жүрсің? – дейді бір қарт келіп.

 

Аспаннан халуа жауған күні,- дейді делқұлы. – Естеріңде ме, сол күні ып-ыстық жаңбыр жауып еді ғой?

Адамдар қарқылдай күледі. Енді оның тауып алған алтыны туралы ешкім де сұрамайды. Делқұлы алтын тауып алғанын қайта-қайта айта береді, бірақ адамдар енді оның сөзіне құлақ аспайды.

Ал үш ұл мен қыздың сол күннен бастап дәулеті артып, тұрмыстары бұрынғыдан да жақсарады. Қалаған нәрселерін сатып ала бастайды. Қыз енді түнімен кенеп тоқуды тоқтатады.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жидектерді кім өсіреді?
  • Датуа мен Пертикела
  • Адал достық
  • Төрт аңшы ертегісі
  • Ұзын тұмсық құзғынның үйленуі

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 күні 00:46 уақытында

    Күшті ертегі екен. Екі елі ауызға, бір елі қақпақ деген осыдан қал,ан сияқты. Өте мағыналы,тәрбиелілігі мол

    Жауап беру
  • Эльмира 12.09.2019 күні 17:18 уақытында

    еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген сөз осыдан қалған болар

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.