Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Екі аяз ертегісі


екі аяз ертегісі

Баяғы өткен заманда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс болса болды олар жер жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен.

Бірде інісі ағасына: – Көк мұрын аяз-аға, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп. – Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды.

– Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте қалар дейді.

Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді.

Қызыл мұрын аяз: – Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды.

– Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын аяз саудагердің соңына ілеседі. Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан: – Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды. – Иә, – дейді көк мұрын аяз. – Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.

Ағасы мақтанып: – Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді де енді інісінің әңгімесін тыңдамақ болып, – ал сен кедейді қатыра алдың ба? – деп сұрайды. – Мен емес, ол мені қатырып кетті, – дейді қызыл мұрын күрсініп. – Жолда ызғарлы желімді үрледім, кедей шанасынан түсіп, жаяу жүг іре жөнелді.

Бұл жағдайда оны тоңдыру мүмкін емес болды. «Қап бәлем, тоқтаған кезіңде көрерсің» деп ойладым. Бірақ ол орманға келісімен балтасын алып, ағаш жара бастады. Қимылдаған сайын денесі қызып, сырт киімін шешіп тастады. Тіпті, жыртық қолғабын да лақты рып жіберді. Содан соң мен шешкен киімдерінің ішіне жасырынып алып едім.

Ол жұмысын бітірген соң, қатып қалған киімдерін кимей мені ағашпен оңбай ұрғылады! Бүйіріме оңбай соққы тиді, – дейді қызыл мұрын аяз. Болған оқиғаны асықпай тыңдаған ағасы: – Иә, інім, бұл – сен үшін үлкен сабақ. Балтаның тоннан да күшті жылуы барын есіңе сақтарсың, – депті.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • ҮШ КӨБЕЛЕК(неміс ертегісі)
  • Адам, жылан және түлкі
  • Ұрысқақ кемпірлер және ақылды қыз
  • Керқұла атты Кендебай ертегісі
  • «Қызғалдақ» ағылшын ертегісі

Пікірлер 38 Пікір қосу

  • Исмаилова Алма Ораковна 07.02.2024 күні 10:38 уақытында

    Балалардың тілін дамытуға жақсы екен

    Жауап беру
  • жайнагул 09.12.2022 күні 22:34 уақытында

    тамаша

    Жауап беру
  • Бибинур 14.03.2022 күні 02:35 уақытында

    Бұл ертегі аудиоертегі еиіп алынғаны жақсы екен әсіресе дамыту ға жақсы

    Жауап беру
  • МАРЖАН 29.01.2022 күні 14:43 уақытында

    Балага тындатканга оте таптырмас ертеги екен

    Жауап беру
  • Казна 27.01.2022 күні 07:54 уақытында

    өте қызықты мағыналы ертегі екен рақмет

    Жауап беру
  • Ақбаян 25.10.2021 күні 18:02 уақытында

    өте қызықты ертегі екен

    Жауап беру
  • Калбиби 11.05.2021 күні 17:07 уақытында

    тыңдалымға арналған материал екен,осындай ертегі көп болса

    Жауап беру
  • Баян 04.04.2021 күні 16:53 уақытында

    ертегі арқылы балаларга тһкоптеген тапсырмалар беруге болады

    Жауап беру
  • Айгерим 01.02.2021 күні 23:00 уақытында

    Өте қызықты, мағынасы терең ертегі

    Жауап беру
  • Алия 29.01.2021 күні 18:26 уақытында

    Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

    Жауап беру
  • Стэлла 28.01.2021 күні 08:51 уақытында

    Аудио ертегісі өте құлаққа жағымды болады екен. Осындай ертегі көп болса

    Жауап беру
  • Стэлла 28.01.2021 күні 08:50 уақытында

    Аудио ертегісі өте құлаққа жағымды болады екен.

    Жауап беру
  • Жанылсын 08.12.2020 күні 16:02 уақытында

    Өзіме сақтап алдым, мен балаларға тыңдатамын,өте жақсы, рахмет

    Жауап беру
  • Гүлдана 05.12.2020 күні 16:44 уақытында

    Ертегіні аудиосымен шығарғандарыңызға көп рахмет.тамаша жұмыс.қатты ұнады.

    Жауап беру
  • Маржангул 03.11.2020 күні 21:17 уақытында

    Салеметсізбе! барлық керекті көрнекіліктер үшін алғысым шексіз))

    Жауап беру
  • Рахметова Айтолқын 02.11.2020 күні 23:50 уақытында

    Осындай аудио ертегілер ұйқы алдында балаларға өте әсерлі болады. Керекті материал, балабақшадағы балаларымның көңілінен шықты.

    Жауап беру
  • Амангелді 06.10.2020 күні 00:54 уақытында

    Жақсы жазылған тәрбиелік мәні бар маған ұнады

    Жауап беру
  • Айдын Қанатқызы 03.09.2020 күні 23:55 уақытында

    Өте керемет. Балалар үшін тіптен керемет екен. Рахмет осындай сапалы материалдарынызға

    Жауап беру
  • Ирода 27.08.2020 күні 15:59 уақытында

    Радиоға қарағанда керемет екен?????????????

    Жауап беру
  • Маржан 21.08.2020 күні 01:16 уақытында

    Қазақ тіліндегі ертегілерді тек радиодан тыңдауға болады екен деп жүрсем. Қатты қуандым. Істеріңіз алға баса берсін!

    Жауап беру
  • Уміт 04.08.2020 күні 18:29 уақытында

    Аудио ертегі керемет

    Жауап беру
  • ҒАЛИЯ 07.06.2020 күні 13:02 уақытында

    ертегі балалар үшін қызықты болды. карантин кезінде өткізген сабағымда қолдандым жазғы мезгілінде балаларға өте қызықты болады екен салқын жыл мезгілі туралы ертегі тыңдау.Сұрақтарын жаудыртты ғой тыңдап болғансоң)))

    Жауап беру
  • Толқын Жұмабаева 10.05.2020 күні 15:37 уақытында

    Ертегіні аудиосымен шығарғандарыңызға көп рахмет.тамаша жұмыс.қатты ұнады.

    Жауап беру
  • Айгуль 02.05.2020 күні 17:59 уақытында

    Сәлеметсіздер ме! Аудио ертегілер өте ұнады балаларға да өзімеде. Өсындай қазақ ертегілері көбірек болса екен.

    Жауап беру
  • Акнур 02.05.2020 күні 17:12 уақытында

    Аудиоертеги ретинде шыгарганынызга мын алгыс , кейде уакыт тапшы болып жатканда косып тындатып коямын

    Жауап беру
  • Нарат Мейірбан 24.04.2020 күні 18:17 уақытында

    ертегі аудиолары жақсы жазылған екен. жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер.

    Жауап беру
  • Ерсайын 22.04.2020 күні 14:20 уақытында

    рахмет улкен

    Жауап беру
  • Гулим 16.03.2020 күні 13:43 уақытында

    Саламатсыздар ма? Екі аяз ертігісін осы сайттан алып сабақ барысында пайдаландым. өте керемет. Аудиосын балаларға интерактивті тақтада тыңдаттым, оқушылар керемет әсер алды. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына осы ертегінің өз әсері орасан зор.Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Гүлжайна 20.01.2020 күні 23:36 уақытында

    Салеметсіздерме! кей оқушыларға оқығаннан гөрі тындаған кезде, ертегіні түсіну оңайға түседі. Өте тамаша, көптеген мұғалімдерге таптырмас құрал.

    Жауап беру
  • Шынар 19.01.2020 күні 23:52 уақытында

    Мұғалім ретінде сіздердің мақалаларыңыздан көптеген нәрселер үйрендім.

    Жауап беру
  • Айнур 19.01.2020 күні 01:00 уақытында

    Салеметсіздерме Ертегіңіз ұнады. Аудиосымен бірге берілген. Рахмет сіздерге. Жас мамандарға жаксы материал.

    Жауап беру
  • Айнур 18.01.2020 күні 09:17 уақытында

    Кандай жақсы ертегілер, әйтпесе қазақша ертегілер табу қиын интернетте.

    Жауап беру
  • Таңшолпан 07.01.2020 күні 06:53 уақытында

    Ертегі қызықты. Балалар қызығып тыңдады. Мағанда ұнада. Рахмет

    Жауап беру
  • Нұра 15.12.2019 күні 19:12 уақытында

    Қайырлы кеш, Еркетай ұжымы! Қыс мезгілінің келгенің балаларға түсіндіруге таптырмас құрал болды. Жаңа жылға балаларға ертегіні айтып беріп, рөлге бөліп ойнаған да тіптен керемет әсерлі шықты. Сіздерге үлкен алғыс айтамын!

    Жауап беру
  • Бисенбаева Мирамкүл 10.12.2019 күні 15:34 уақытында

    Саламатсыздар ма? Екі аяз ертігісін осы сайттан алып сабақ барысында пайдаландым. өте керемет. Аудиосын балаларға интерактивті тақтада тыңдаттым, оқушылар керемет әсер алды. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына осы ертегінің өз әсері орасан зор.Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Нукебаева Асель Саякхановна 02.12.2019 күні 21:19 уақытында

    Сәлеметсіздер ме,Еркетай ұжымы.Жаңа жылға ертегіге көрініс қою мақсатында,ертегі іздеу барысында сіздердің осы Екі Аяз ертегісі көңіліме жақсы ұнады.Сіздерге Рахмет,осындай терең мағыналы,тәрбиелі ертегілерді жариялап отырғандарыңызға.Аудиожазба түрінде шыққан ертегілеріңіз де тамаша,балалардың есті,тыңдау дағдыларын қалыптастыруға септігі мол.Рахмет көп-көп.Бұл ертегіні тек қойылым ретінде емес,балалардың ой-өрісін дамытуға септігінің тигізетіндігі сөзсіз.

    Жауап беру
    • Erketai 02.12.2019 күні 21:23 уақытында

      Рақмет!

      Жауап беру
      • Жумамуратова Жулдыз 30.11.2020 күні 17:20 уақытында

        Саламатсыздарма еркетай ұжымы сіздердің ватсап номерлеріңіз болса жазыңызшы.87053776943 номеріне. Керемет ертегілер бейне баяндар барекен.Рахмет сендердің ұжымдарыңа.өтініш ватсап номер жазыңдаршы

        Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.