Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Арыстан, қасқыр және түлкі


Бір күні орманда қасқыр мен түлкі келе жатады. Оларға арыстан қарсы жолығады.

-Үшеуміз дос болайық,-дейді оларға арыстан.-Үшеулеп аңауласақ, жеңіл болады, олжамызды да бірдей бөлісеміз.

Қасқыр: «жолымның болғанын қарашы! Арыстанмен достасу! Онымен бірге аң аулау! Олжа қандай көп болады десеңші! Ақырында аш қарным бір тоятын болды-ау!» деп ойлайды. Сөйтіп, бірден:

  • Арыстан мырза, сенімен достасқаныма қуаныштымын, — дейді.

Түлкі: «Арыстан мырзамен бірге аң аулау? Жоқ, мұндай достықтан

жақсылық күтуге болмайды» деп ойлайды. Қасқырдың құлағына сыбырлайды:

  • Күштінің әлсізбен достасуы әлсіздің пайдасына шешілмейді. Онымен достасудың керегі жоқ, қасқыр.

Арыстан

Бірақ қасқыр арыстан мырзамен достасқанды қалайды. Түлкіні де көндіріп, үшеуі аңға бірге шығады. Олар бұғы, теке және қоян ұстайды.

Арыстан:

  • Ал олжаны бөлісейік. Қасқыр бөлсін, — дейді.

Арыстанның өзіне сенім білдіргеніне қуанған қасқыр:

  • Сен, арыстан мырза, ең үлкен әрі ең күшті аңсың, саған мына бұғы лайық, маған — теке, ал түлкі кішкентай, оған қоян да жарап жатыр, — дейді.

Қасқыр арыстанға жақындап келеді, ол олжаны дұрыс бөлгенім үшін арыстан мырза өзін мақтайды деп ойлайды. Арыстан:

  • Ең үлкен, ең күшті маған тиесілі жалғыз бұғы ғана ма? Мұндайды қайдан үйренгенсің, ақымақ қасқыр? — деп ақырып, қасқырды шеңгелді табанымен бір ұрып, омыртқасын сындырып жібереді. Қасқыр құлап түседі.
  • Енді олжаны сен бөл, — дейді арыстан түлкіге қарап.
  • О, ұлы һәм теңдесі жоқ әміршім, — дейді түлкі, — олжаны бөлетін несі бар? Ол оп-оңай ғой: сенің таңертеңгі тамағың бұғы болады, түскі асыңа теке жарайды, кешкі асыңа қоян қалады…
  • Сен өзі, түлкі шырақ, байқамай жүрсем, ақылды екенсің ғой, — дейді арыстан. — Мұның бәрін саған кім үйретті? Шамасы, оқытушың бір кемеңгер болды-ау!
  • Менің оқытушым — мына жатқан ақымақ қасқыр, — деп түлкі бұтаның арасына жып етіп кіріп кетеді.
Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бұғы мен қасқыр
  • Керқұла атты Кендебай ертегісі
  • Аңқау арлан қасқыр туралы ертегі
  • Науша хан
  • Ел аузынан алынған әңгіме

комментария 2 Пікір қосу

  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 в 14:40

    Арыстан, қасқыр және түлкі ертегісі өте жақсы жазылған. Ертегі өте жақсы жазылған. Сіздерге көп-көп рахмет!

    Ответить
  • Айдарбайқызы Ақмарал 22.06.2019 в 13:19

    Ертегі балалардың ойлау қабілетінің дамуына көмектеседі. Осындай ертегілер жазылып тұрса екен. Балаларға жеңіл. Рахмет сіздерге.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.