Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Жаңа заманғы педагог


Ұстаз …. Ұстаз деген сөздің өзінде қаншама ұлылық, даналық жатыр десеңізші?! Осы сөз менің жүрегіме жақын естіледі.Естіледі – ау, тіпті жылылық нұрын құйып тұрады десем, артық айтқандық емес.Мен өзімнің ұстаз болғанымды мақтан тұтамын.Өйткені әрбір азаматқа білім бере отырып, мәңгілік жүрегінен орын ала білгенің, қандай бақыт?!

«Ұстаз болу – жүректің батылдығы» демекші, ұстаз болып, әрбір шәкірттің жүрегіне жол табу, тілін ұғыну, дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәлім – тәрбие бере білу.Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,ұстаз бейнесі менің жүрегімнен ерекше орын алған болатын.Менің ұстаз болсам деген арманымның ұшқыны сол кезде алаулап, осы қиындығы мен қызығы мол ұстаздық өмірге жетеледі.Ұстаздық шәкірттің өміріне дұрыс жол сілтеу болып табылады. «Ұстаз болу өзгені аялау, уақытыңды аямау» деген ой осыдан туындайды.Уақытын шәкіртке көп бөлген жан жеңіске жетеді. Бүгінгі ұстаз қауымына қойылып отырған талапта та – осы.

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыра білу» дағдысы деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар өмір талабына сай.Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс- тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білуде аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі.

жаңа заман педагогы туралы.Сондықтан мұғалім адал, ақкөңіл, мейірбан, ізденімпаз,шығармашыл, еңбекқор жан.

Елбасымыздың: «Ел ертеңі – білімді жастар» деп, бар үмітті жас жеткіншектерге артып отырған сәтте заман көшінен қалыс қалуымызға болмайды.Өйткені жаңа заман өзінің жаңа тұлғасын қалыптастырып, қоғамдық — әлеуметтік ортада өзін еркін ұстай алатын, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастырады.

Ал жаңашыл педагог тұлғасы қандай болмақ деген сұраққа жауап іздеп көрсеңіз,оны былай көрсете аламыз.

Әмбебап ұстаз болмысын анықтайтын технологиялық картасы мынадай:

мұғалім – рухани демеуші,мұғалім – программист,мұғалім – зерттеуші, мұғалім – эксперт,мұғалім – режиссер, мұғалім – тіл партнеры.

Міне, осындай икемдігі бар ұстаз – жаңа заманның айнасы.

Сондай-ақ, педагог ылғи ізденісте жүреді, үнемі оттан түспеген, қайнап жатқан қазан секілді. Адам үнемі жетілу үстінде болған да ғана кемелдене келе, заманына ілесе алады.Заманының адамы болады.

Менің бүгінгі ой толғамымдағы ұстаз бейнесі – осындай!

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы,

КМҚК «Балдырған» бөбекжайы логопеді

Аукешева Нургуль Сағындыққызы.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Әкелер арасындағы пікірталас
  • 22 наурыз мерекесі
  • Ұстаздық –ұлы іс
  • Критрийлік бағалаудың тиімділігі
  • Қоғамдық игіліктер

комментария 7 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 в 15:59

    Мақалада ұстаздық қызметтің маңыздылығы мен ұлы жауапкершілігі туралы өте терең ойлар айтылған. Ұстаз болу тек мамандық емес, ол шәкірттің жүрегіне жол табу, бағыт-бағдар беру және оларды өмірге даярлау деген ұлы міндетті атқару болып табылады. Автор ұстаздық жолды арман еткенін, әр шәкіртке білім берудегі өз міндетін ерекше сезініп, мақтан тұтатынын ашып жазған.

    Мақалада айтылғандай, ұстаздың жүректің батылдығы болуы және шәкірттеріне тек білім емес, сонымен қатар тәрбие мен өмірлік дағдыларды да беруі аса маңызды. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, ұстаздың білімін тек біліктілікпен ғана іске асырып қоймай, инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушының тұлғалық дамуына ықпал ету қажет.

    Ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен олардың білім беру ісіндегі құндылығы шексіз екені айқын көрінеді.

    Ответить
  • Акерке 19.01.2024 в 00:04

    Жақсы педагог болу үшін не істеу керек

    Ответить
  • Айжан 23.03.2022 в 18:18

    дурыс жазылган макала. казирги заманга сай мугалим изденисте болу керек жана идеялар болу керек. казак тилинде кобирек материал болса екен.

    Ответить
  • Айжан 17.10.2021 в 22:35

    Жаңа заманғы педагог білімділікті қажет етеді

    Ответить
  • Бекпенбетов Жаркынбек 05.02.2021 в 18:21

    Жаңашыл ұстаздарға қандай талап қойылады? Мақалада сол құзіреттіліктерді нақты көрсете алған.

    Ответить
  • Aknur 23.04.2019 в 13:22

    мұғалім ең асыл жан деп ойлаймын. себебі, барлық адам мұғалімнен білім алады. тәрбие беретін де мұғалім. тәрбиесіз берілген білім болмайды деген. ардақтайық ұстазды!

    Ответить
  • Галия 12.02.2019 в 22:35

    Жаңа заманғы педагог бағыттаушы, бағдар беруші.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.