Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРЕДІ


Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік кеңістігіне енуі бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге, мұғалімдер мен білім беру қызметкерлеріне жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі заман мұғаліміне өз пәнін терең білуімен қатар, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси – экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, білім мен білігі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Жас мамандардың білімді, мәдениетті, келер ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жаңа амалдарды біліктілікпен қолдана білетін, кәсіби шебер маман болып қалыптасуы үшін аудандық білім бөлімі ұйымдастырып жүрген іс – шараларының ықпалы зор. Аудандық әдістемелік кабинеттің жанынан жас мамандарға ғылыми – әдістемелік көмек және жаңа қадамдары мен бастамаларына қолдау көрсету мақсатында Жас мамандар орталығы құрылған. Орталыққа аудан бойынша әр мектептен еңбек өтілі 1 – 3 жыл болған жас мамандар мүше бола алады. Биыл да жас мамандар орталығының жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекіттіріліп, орталық мүшелеріне таныстырылды. №30 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәдуақасова Мәншүк апайдың жетекшілігімен жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілді. Өз ісінің кәсіби маманы білімділігімен, талапшылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленіп, үлкен әсер қалдыра білді. Жас мамандарға жақсы нәтижеге жету жолында бағыт – бағдар көрсетіп, әдістемелік көмегі мен педагогикалық кеңестерін аямады.

mm

Білім саласында болып жатқан барлық жаңалықтан хабардар және оны саналы түрде қабылдай алатын, кез келген инновациялық іс – әрекетке қатыса алатын мамандар дайындауда білім беру, тәрбиелеу салалары бойынша семинар – практикумдар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, конференциялар ұйымдастырылды. Жас мамандар, әсіресе, №105 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалтаева Жаннұр, №250 мектеп – лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Тулегенова Назым, №185 мектептің технология пәнінің мұғалімі Алтаев Рашид, №85 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сержанова Айгүл, №26 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмабаева Балғын, №183 мектептің география пәні мұғалімі Сәден Беріктер ұйымдастырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, жоғары белсенділік танытты.
Аудандық білім бөлімінің жас мамандарға жасап жатқан жақсылықтарына рахмет айтып, әдістемелік кабинет меңгерушісі Құндызай апайға, жас мамандар орталығының жетекшісі Мәншүк апайға ерекше ілтипатымды білдіремін.
Жақсы жұмыстар жалғасын таба береді деген сенімдемін.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Рефлексивный отчет по саморегуляции.
  • Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
  • Жас мамандарға сая болған ұлағатты ұстаз
  • Жеке меншік және бәсекелестік
  • Жұлдыздай жарқыраған жеті модуль (эссе).

Пікір жазу жабық.

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.