Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Сапалы білім – жаңаша талап нәтижесі


«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз.»
Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі, қарқынды жаңа өзгерістер білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктеді. Ғылым мен техниканың шарықтай дамып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін еркін пайдаланып жүрген тұста білім берудің заман талабына сай болуы маңызды. Ал осы міндеттерді іске асыру – жаңалыққа жаны құмар жаңашыл ұстаздың ғана қолында. Олай болса, әр ұстаз өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы қажет.
Осы мақсатта елімізде бұрын-соңды болмаған Кембридж университеті ғалымда-рымен бірлесе жасалған Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламаның мақсаты өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, тілге шешен, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда пайдалана алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Міне, осы қажеттіліктер туындағаннан кейін мен осы курсқа келдім. Бұл бағдарламада ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, тәжіри-белі ұстаздардың, тәлімгерлер мен тренерлердің көп жылғы тәжірибесіне негізделген.

жаңаша талап білімге.Мұғалім оқушылардың білім алуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынтамен кіріседі. Қандай салада еңбек етсең де жұмысыңның нәтижелілігі сапамен бағаланады емес пе? Олай болса, сапалы білім беруде бағдарламаның 7 моду-лін сабақта тиімді пайдалану өте орынды екен.

Ұлы неміс педагогі А.АДистервегтің: «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» дегені орынды айтылғандай. Менің сабағымның жүйесі түбегейлі өзгерді. Олай дейтін себебім, бұрын тақырыпты оқушыларға толық меңгерту үшін өзім көп материалды дайындап, оны толықтай түсіндіріп, оқушылардың ойлануы мен ізденуіне еш мүмкіндік бермейтінмін.

Ал қазір тіптен қызықты десем артық емес. Балалар топта, жеке және жұппен жұмыс жасай отырып өз еріктерімен ізденеді, ортақ шешім іздейді, өзгелерінің пікірімен санасады, өз әрекеттерін дәлелдей және қолдана алады. Сабаққа ынтасы төмен оқушылар да топта жұмыс жасау барысында өздерін еркін сезініп, өз ойларын ортаға салады. Олардың бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, қателесуден қорықпайды.

Ал тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына өте тиімді. Бала бойындағы жасырынып жатқан дарындылығы, икемділігі, өзгелерді ұйымдастырушылық қабілеті, тіпті көшбасшылығы айқын көрінеді. Олар өз шешімдерінің дұрыстығын дәлелдей отырып, сабақ барысында пайдаланады.

Оқушылар критерий бойынша бағалауды меңгеру арқылы өз жұмысын да, өзге сыныптастырының еңбегін де бағалай алатын болды. Қандай тапсырма оңай және қай тапсырмада қиындық туғанын анықтай алады. Өздеріне түсінуге кедергі болған жағдайларды анықтап, оның дұрыс жолын өзара ақылдаса отырып тауып, сұрақ қоя білуге үйренді.

Бұл оқушының ұстазымен де тең дәрежеде жұмыс жасауына жетелейді. Қызығушы-лықтары мен оқуға деген ынтасы артады. Алға жоспар құруға жетелейді. Тығырықтан жол табуға машықтанады. Өз білгенін өзгелермен бөлісуге дайын тұрады.

Сол себепті бұл жаңаша білім берудің әдіс-тәсілдері сапалы білімнің негізі болары хақ.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні – өз еңбегіңнің нәтижесін көру сенің қанша баланы оқытқаның, қанша сыныпты жібергенің емес. Ол сенің өмірде оқыған-білгенін өз қажетіне пайдалана алатын, саналы да тың идеялардың иесі жасампаз болашақ иелерін тәрбиелеу.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ашық сабақ «Салық түрлерімен таныстыру»
  • Рефлексивтік есеп
  • Жас мамандар – мақтанышымыз
  • Жоғары деңгейде ойландыратын ашық сұрақтар қоя білеміз бе?
  • Ұстаздық –ұлы іс

Пікірлер 22 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 күні 15:55 уақытында

    Бұл жазбада қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы маңызды өзгерістер мен жаңашылдықтарға ерекше назар аударылған. Автор Қазақстандағы білім беру жүйесінің жаңа талаптары мен өзгерістерін түсініп, өз ұстаздық тәжірибесін жетілдіруге бағытталған жеке даму жолын көрсетеді. Кембридж университеті ғалымдарымен бірлесіп жасалған педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы туралы айтылған, оның мақсаты – оқушыларды шығармашылық тұрғыда дамытып, оларға сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.

    Автордың айтуынша, бұл бағдарлама ұстаздардың кәсіби деңгейін арттырып, оларды заман талаптарына сай бәсекеге қабілетті етіп даярлауға бағытталған. Мұғалімдер өз ойларын нақты жеткізіп, тілге шешен болуға, бірнеше тілді меңгеруге, сондай-ақ білімдерін өмірде тиімді пайдалану қабілетіне ие болуға тиіс.

    Жауап беру
  • Гульмира 30.05.2023 күні 08:39 уақытында

    Сапалы білім беру – өмір талабы.Сондыктан устазга да, окушыга да ізденіс кажет

    Жауап беру
  • Айгерим 03.02.2022 күні 01:09 уақытында

    Мақала өте жақсы жазылған. Сапалы білім берілген жерде саналы ұрпақ болады.

    Жауап беру
  • Айнұр 16.09.2021 күні 16:20 уақытында

    Сапалы білім беріп, саналы азамат тәрбиелеу үлкен жауапкершілік.

    Жауап беру
  • Айгерим 06.09.2021 күні 22:42 уақытында

    Өте дұрыс айтасыз! Өзіңнің ар ұятың баланың болашағы бәрі сенің сапалы білім беруіңде.

    Жауап беру
  • Маржан 03.09.2021 күні 20:57 уақытында

    Сапалы білім қазіргі таңда ауадай қажет дүниелердің бірі болды,мақала үшін рахмеееет!!

    Жауап беру
  • Фариза Маратова 26.08.2021 күні 21:34 уақытында

    Мен ойлаймын мына дамыган заманда бала да мұғалімде сапалы білім береді және алады деп!!!!

    Жауап беру
  • Баян 12.04.2021 күні 15:22 уақытында

    Сапалы білім, саналы ұрпақ тәрбиелеу-әр ұстаздың міндеті. Заман талабына сай сабақты та, тәрбиеге көңіл бөлу керек. Сонда нәтиже болады.

    Жауап беру
  • Айдана 09.10.2020 күні 10:34 уақытында

    Жаңашылдық заман талабы. Заманға сай жүру керек.

    Жауап беру
  • Жанерке Ертайқызы 29.09.2020 күні 01:56 уақытында

    Жаңашыл білім беру заман талабы ғой. Қазірде ақпараттық технология дамыған уақытта жаңашылдық бәріне қажет

    Жауап беру
  • Төлепбергенова Мәдина Шынболатқызы 23.09.2020 күні 18:56 уақытында

    Жаңашылдықты кім қаламайды дейсіз. Сапалы білім беру – сабақтың жақсы өткізілуінің нәтижесі. Сапалы білім берілсе, білімді балалар тәрбиеленері анық.

    Жауап беру
  • Гулайша 19.08.2020 күні 16:55 уақытында

    Мақалаңыз мәнді жазылған. Сіздің пікіріңізбен менде келісемін. Сапалы білім арқылы өмірлік жолыңды біліммен сусындатып, өз өміріңді жақсы жағынан өзгертуге болады.

    Жауап беру
  • Алтынғаным 24.07.2020 күні 17:17 уақытында

    Рахмет Мақалаңызға Тамаша. Əр ұстаз бен ата-ана баласының сапалы білім алып өмірде өз жолдарын адаспай табуына септігінің тигенін қалаиды. Сапалы білім бар жерде Саналы ұрпақ өседі

    Жауап беру
  • Нигина Алимова 17.07.2020 күні 00:49 уақытында

    әр мақала терең оймен жазылған. мәртебеңіз бұданда биік болсын. шығармашылық табыс тілеймін.

    Жауап беру
  • Кульжан Фазылова 03.07.2020 күні 22:55 уақытында

    мақалаңыз ұнады. маңызды

    Жауап беру
  • Кульжан Фазылова 03.07.2020 күні 22:54 уақытында

    Мақалаңыз өте маңызды. Сізге шығармашылық табыс тілеймін

    Жауап беру
  • Самал 21.06.2020 күні 16:37 уақытында

    Дұрыс айтасыз. Ұстаздан шәкірт озар деген жақсы сөз барғой. Білім берген шәкіртіміз биік белестерден көрініп жатса қуанамыз әрине.

    Жауап беру
  • Ербол 15.05.2020 күні 23:23 уақытында

    Мақала жақсы жазылған

    Жауап беру
  • Камалова К.Ж. 14.05.2020 күні 15:50 уақытында

    Сапалы білім-бұл оқушының ұстазбен тең дәрежеде жұмыс жасауына жетелейді

    Жауап беру
  • Толқын Жұмабаева 10.05.2020 күні 15:58 уақытында

    Мақалаңыз өте жүйелі жазылыпты.еңбегіңізге рахмет.шығармашылық табыс тілеймін.

    Жауап беру
  • Асемгул 19.11.2019 күні 09:40 уақытында

    Тақырыбыңыз ашылып жазылған.Мақалаңыз ұнады.Шығармашылық табыс тілеймін.

    Жауап беру
  • Aknur 23.04.2019 күні 13:26 уақытында

    әрине ұстаздың барлығы сапалы білім бергісі келеді. баланы қызықтыру арқылы сапалы білім беруге болады. егер шәкіртке білім нәрін аямай төгіп, шәкіртің сенен озып жатса ол мұғалім үшін үлкен мәртебе

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.