Педагогикалық іс-тәжірибемнің шеберлігі

BASӨзім жайлы қысқаша мәлімет:

Бегайдарова Асемгуль Серикбаевна

Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаттың химия,биология пәнінің мұғалімі,оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі.2-деңгейлі сертификатталған.

Білімім-жоғары

Еңбек өтілімім:12 жыл

1-санатты

Облыстық,республикалық мақтау қағазадарымен

марапатталған.

 

Педагогикалық іс-тәжірибемнің шеберлігі

Мен жұмыс жасайтын мекеме санаторлық типтегі мектеп-интернат.Бізге келетін оқушылар денсаулығын жақсарту мақсатында облысымыздың әр ауданынан келеді.Мектептегі білім сапасын қадағалап отыру өте қиын,себебі оқушылардың басым көпшілігі тоқсан сайын,жылда ауысып отырады.

Дегенмен де мектебіміз орта білім бергендіктен,оқушыларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі заманғы балаларды сабаққа тартып,қызықтыру қиындап бара жатқанда,еліміздегі білім саласына келіп жатқан оңтайлы жаhандану үрдісі осы мәселенің шешімін тауып жатқанын тәжірибемнен бақылап жүрмін.

Деңгейлі қурсты тәмамдап келгеннен соң,сабақ беру әдісін түбегейлі өзгертіп жатырмын.Біріншіден өзімнің көзқарасым өзгерсе,екіншіден оқушыларымды,әріптестерімді өзгерте бастадым.Қазіргі кезде азғана қадам жасасам да,ілгері жылжу жасауға болатынына сенімдімін.Ұжым болып бірлесіп жұмысымды жандандырсам, болашақта мектептің жүйесі өзгереді.

Ол үшін тынбай еңбек ету керектігін өз алдыма мақсат етіп қойып отырмын.

Әрине ол үшін барлығын оқыта отырып,әр баланы жеке тұлға деп қарау керек.Сабақ  бастардың  алдында ең бірінші жағымды ортаны қалыптастыра отырып,оқушылардың,өзіңнің көңіл-күйіңді көтеру қажет,сонда ғана сабағымыз сәтті өтеді.

Әр баланың көңіліне жол тауып,тіл табыса білу де ұстаз үшін үлкен тәжірибе.Өткізілетін әр сабағымды жоспарлағанда оларға қызықты, шаршамайтындай түрлендіріп өткіземін. Қолданатын көрнекіліктерім,   ресурстарым да әр түрлі: қосымша  ақпараттар, тірек-сызбалар, кестелер,   суреттер,түрлі-түсті  қарындаштар,   бояулар,  маркерлер,  флипчарт қағаздары, стикерлер, смайликтер, бағалау  парақшалары,ойынға арналған жіп, доп,пазылдар тағы да басқа материалдар қолданса оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады,себебі әр кезеңнің тапсырмаларында өзі ізденіп,идея тудыруға,сын тұрғысынан ойлануға, тапқырлығы, шығармашылығы арта түседі.Осындай сабақтар арқылы әр оқушының қабілетін,сөйлеу мәнерін жетілдіріп,топта жұмыс істеу арқылы өзінің ойын жеткізе алатын,өмірге дайын тұлға жасап шығарамыз.

Сабақты түрлендіріп өткізу әр ұстаздың шеберлігі.Сондықтан да іздену,еңбектену арқылы ғана ұстаз өзінің мақсатына жетеді.Ал оқушы сабақтан еш шаршамай,жаңа білімді өз бетінше ізденіп,меңгеріп шығады.

Сабағымның жоспарын үлгі ретінде ұсынып отырмын.

Күні: Пәні: биология  Сыныбы:    7
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы.№8 Зертханалық жұмыс
Жалпы мақсаты:  Жорғалаушылар класының негізгі ерекшеліктерін және оның өкілдері туралы мағлұмат беру.
Сілтеме: Биология оқулығы, 7 сынып. Қосымша әдебиеттер:биология оқу пәнінің әдістемесі,Мерсейтованың әдістемелік оқулығы.Интернеттің you tub сайты.
Оқу нәтижесі: Ішкі-сыртқы құрылысын зерттей алады.Оқушылар жорғалаушылардың  ерекшеліктері туралы біледі.
Негізгі идеялар: Осы тақырып арқылы сын тұрғысынан оқытуды ұйымдастырады.
Ресурстар: АКТ ,флипчарт,флипчарт қағазы, фломастерлер, бағалау парағы,маркерлер, смайликтер,жіп,доп,Кесіртке мен бақаның қаңқасы, жыланның ылғалды препараты.
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары 1.Ұйымдастыру(психологиялық ахуал тудыру,шаттық тобы, топқа бөлу,топ ережесін құру,бағалаушыны «Сыншы досты»сайлау, мақсат қою)2.Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

4.Үйге тапсырма

Оқыту формасы, технологиясы,  әдістері: Топпен жұмыс ,жұптық,жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын бақылау)Блум таксономиясы.
Үйге тапсырма:
  • 54 Жорғалаушылардың құрылысын,тіршілік әрекетін оқып келу.

«Туған өлке жануарларының әртүрлілігі» эссе жазу

 

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық

(8мин)

 

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін менің көңіл – күйім өте жақсы.Ал сіздердің көңіл — күйлеріңіз қандай?

Жақсы болса,онда мына жіпті тарқата отырып,бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

1.Оқушыларды екі түрлі смайликтер арқылы топқа бөлу;

  1. Топ ережесін құру;
  2. Әр топ мүшелерінің атқаратын міндеттемесін айқындау.

4.Бағалаушы «Сыншы дос»сайлау.

Топ мүшелерінің тиісті міндеттерін бақылайды

Оқушылар жіпті бір-біріне тарқатып беру арқылы жақсы тілектер айтып,лебіздерін білдіреді.Оқушылар екі түрлі смайлик бойынша 2 топқа бөлінеді.

Топ ережесі құрылады, топ мүшелерінің міндеттемесі айқындалады.

Топ мүшелері ақылдаса отырып,ішінен бір бағалаушыны анықтайды.

І. Білу(2мин) 1.Оқушыларға жаңа білімді өздігінен меңгеруге  оқулықпен,қосымша тапсырмалармен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беру. Берілген бағыт-бағдарды түсіне білу
ІІ.Түсіну(7мин) Оқушыларды жаңа білімді топпен талқылау арқылы меңгертуге бағыттау.1.Қызығушылықты ояту.

2.Миға шабуыл.

Жорғалаушылар –

Табиғатта қайсысын кездестірдіңдер?

Көргендеріңді әңгімелеп беріңдер

3.Маңызы.

Жаңа білімді оқушылар талқылау арқылы түсіндіреді.Суреттер бойынша өз ойларын айтады.

Сын тұрғасыныа ойлау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып,мысал келтіріп,ой қозғайды.

ІІІ. Қолдану(5мин) Алған білімдерін постер құруға бағыттауСергіту сәтін ұйымдастыру Алған білімдерін көрсете, суреттей алуы үшін постерге салады.«Молекула» сергіту сәтін жасайды.
ІҮ. Талдау(10мин) 1.Постер қорғау жұмысын ұйымдастыру2.Түрткі тапсырмалар:

Қосымша тапсырманы«Аялдама» әдісі арқылы екі топ бір-біріне түсіндіреді.

Жорғалаушылар туралы бейнетаспа көрсету

№8 Зертханалық жұмысты орындау

Әр топ ретімен өз постерлерін қорғайды.Берілген қосымша тапсырманы топпен талдап,бір-біріне түсіндіреді.

Бейнетаспадан көргендерін,алдарына берілген заттарды(кесіртке мен бақаның қаңқасын,жыланның ылғалды препаратын) пайдалана отырып,зертханалық жұмысты орындайды.

Ү.Жинақтау(3мин) Алған білімдерін зертханалық жұмыста талдап,қорытынды жасау. Оқушылар дәптерлеріне қорытынды жасап,бірін-бірі бағалайды.
ҮІ.Бағалау 

(3мин)

 

Сыншы достың бағалауын тыңдау.Мұғалімнің смайликтер арқылы бағалауы Бағалаушы ойланып шешім қабылдайды да бағалау парағы арқылы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.Жақсы қатысқан оқушылар смайликтермен бағаланады.
  1. Үйге тапсырмасын беру

(2мин)

  • 54 Жорғалаушылардың құрылысын,тіршілік әрекетін оқып келу.

«Туған өлке жануарларының әртүрлілігі» эссе жазу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
VII. Рефлексия(5мин) Доп лақтыру арқылы мына сұрақтар қойылады:1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Сабақтың қай кезеңі саған ұнады?

3.Сыныптағы жағдай қандай болды?

4.Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?

5.Мәтінмен жұмыс жасау қиын емеспе?

6.Келесі сабақтан нені үйренгің келеді?

Допты қағып алған оқушы өз ойын айтады.

   
Пікірлер1
  1. Гулжайна

    Сәлеметсіздерме, осы сынды педагогтардың тәжірибелермен бөлісуі өте қажет. Себебі, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу нәтижесінде білгенімізбен бөлісіп, білмегенізді үйреніп жатамыз. күнделікті қолданылып жүрген әдістер не тапсырмаларды қолданудың жаңа сипатыменде танысып байқап жатамыз.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ