Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

«Мен ұстазбын!»(эссе)


Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен –тарихтағы ең ұлы істің бірі.

К.Д.Ушанский

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегінде ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым. Жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Болашақ мамандығым тарих мамандын таңдауыма кезінде сабақ берген ұстаздарымның үлестері көп болды. Себебі менің тарихты танып білуге,сабаққа деген ынтамды оятуға шын жүректен тер төккен асылда,ардақты ұстаздарым. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезінде биология пәніне дайындық жасап жүріп,тарих пәнін шектеулі ғана уақыт қалғанда таңдағаныма да бол кісілердің менің пәнге деген қызығушылығымды оята білулерінді. Колледжге оқытушы болғалы уақытың зымырып өтіп кеткенін байқамайда қалыппын,десекте алғашқы сабақтарымды есіме алар болсам: Қоңырау ішке соғылды,оқушылар орындарынан тұрып мені қарсы алуда,сабақ басталып та кетті.

Алдымдағы жиырма бес білім алушыны көріп бүгінгі сабағым қалай өтеді,не айтамын,қалай бағындырамын деген ой санамнан кетпей қойды…

мұғалім туралы эссеОқушылармен жақын танысып,сабаққа деген зейіндерін аударып алғаннан кейін,оқушылардың білуге деген құштарлықтарының арқасында сабағым жақсы деңгейде өтті. Дегенменде сабақты,топтың тыныштығын бұзуға тырысқан оқушылар аз болмағн жоқ. Дегенменде ұстаздықпен тәрбие жұмысын қатар ұстана отырып,сабағымызды тәмамдадық. «Найзағайдан кейін, күн шығады жарқырып» демекші,қазір сол кездегі бұзықтармен жақын жұмыс барысында араласып тұрамыз. Бұрынғы шәкірттерім қазіргі кезде белгілі бір маман иелері. Ұстаздық еткен осы уақыт аралығында қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кештім. Ұстаз тек үйретіп қана қоймайды,сонымен қатар үйренушіде,ізденуші.

Ұстаз мейлінше жан-жақты болуы керек деп санаймын. Өйткені алдыңда отырған әр бір бала үшін сен жауаптысың,ал шәкірт үшін ұстаздан асқан ақылды,білімді адам болмайды.

Заман талабына қарай қазіргі кезеңде ұстаздарға үлкен міндет артылған. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін ұстазға білім мен қоса сабырлы мінез қажет. Кез –келген адам мұғалім мамандығын алып шығуы

мүмкін,бірақ нағыз ұстаз болу үшін үлкен еңбек пен төзім керектігін сезінемін.

Сынып есігін ашып, балғындардың шат күлкімен бақытты жүзін көру, олардың білуге,жауап беруге асығып жарыса қол көтерулеріне куә болу мен үшін үлкен ғанибет.

Мүмкін ұстаз бақыты деген осы болар…

Қалай болғанда да,егер әр бір адам өз кәсібін таңдауда қателеспесе өз еңбегінің нәтижесін көре алады деп ойлаймын.

Өйткені жүрек қалауымен жасалған нәрсенің өз жемісін береріне сенемін. «Не ексең, соны аларсың» дейді халық даналығы. Олай болса біздің еңбегіміздің айнасы –алдымызда отырған оқушыларымыздың білімділігі мен тәрбиелілігі. Сөзімнің соңында:

«Ұстаздық ол — жүректің қалауы,

Жастық жігер жалындаған алауы.

Ұстазынан шәкірт озса бір бақыт,

Міне,осы,жаңа заман талабы!»

Деген жыр шумағымен аяқтағым келеді.

Әріптестерімізді Ұстаз деген ұлы да, киелі атқа кір келтірмей,жастық жалынымызбен тәуелсіз,азат отанымыздың ең бақытты,ең ақылды ,ең білімді бүлдіршіндерін тәрбиелеуге өз үлесімізді қосуға үндеймін.

Әр қашан еңбегіміз жанып,талапты да,талантты шәкірттеріміз көп болса екен…

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жас мамандармен ұйымдастырылатын жұмыстар
  • Туған жерім
  • Жаңарған мектеп, жаңашыл ұстаз жолында
  • Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар
  • Болашақ маманды қалыптастыруда колледж ата-ана ынтымақтастығының маңызы

комментария 8 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 в 16:00

    Мақалада ұстаздық қызметтің мәні мен ұстазға деген терең құрмет көрсетілген. Автор ұстаз болуды тек білім беру мен оқыту міндеті ретінде емес, шәкірттерінің жүрегіне жол табу, оларға өмірлік бағыт-бағдар беру, ізгілік пен жақсылықты насихаттау деп түсінген. Ұстаздың кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері оның басты ерекшелігі ретінде көрсетілген.

    Автордың өзі ұстаздық жолға түсуі де өз ұстаздарының әсерінен, олардың пәнге деген қызығушылығын оята білуінен туындаған. Бұл мақаладан біз ұстаздың тек білім мен тәрбие беру ғана емес, шәкірттің болашақ мамандығын таңдауында да маңызды рөл атқаратын тұлға екенін көріп отырмыз.

    Ұстаздың алғашқы сабағындағы қобалжуы мен тәжірибелікті меңгеру процесі де көпшілік ұстаздарға таныс сәт. Әрбір жаңа сабақ — үлкен жауапкершілік пен ұстаздың тұлғалық өсуінің белгісі.

    Ответить
  • Айгерим 17.10.2021 в 18:13

    Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға! Алған жолдан таймаңыз

    Ответить
  • Гулмира 08.07.2021 в 10:05

    Ұстаз деген ұлы ұғым ғой негізі.Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді.Бірақ сол ұстаздықты қадірлеп қастерлеп өз жолымен алып жүру одан да маңыздырақ☝

    Ответить
  • Сауле 03.03.2021 в 16:40

    Устаз болуда улкен куш кез келген адам устаз бола алмаиды. Шын журегимен баланы жаксы корип турган устаздан керемет натиже шыгады шакиртинен.

    Ответить
  • Серикжан 15.11.2019 в 19:29

    өте жақсы жұмыс

    Ответить
  • Галия 12.02.2019 в 22:37

    -ия, Ұстаз бала жүрегінің -бағбаны.

    Ответить
  • Маржан 08.04.2017 в 21:12

    эссе әсерлі жазылған. Әр жазылған сөздерде терең мағына жатыр.

    Ответить
  • Назым 01.04.2017 в 19:52

    Мен ұстазбын деген мақалаңыз өте әсерлі. Әрине ұстаздық жол өте ауыр жол. Болашақ Қазақстанның бір азаматын тәрбиелеп, ақ жолға аттандыру ар ұстаздың алдына қойған мақсаты да,үлкен арманы.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.