Қоғамдық игіліктер

Экономика  5 сынып

Сабақтың  тақырыбы: Қоғамдық  игіліктер

Сабақтың  білімділік  мақсаты: Мемлекет, қоғам, адамның бір- бірімен  тығыз байланыстылығы ,  барлық игіліктер  адам өмірін  жақсартуға бағытталғандығы түсіндіріледі.

  1. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қоғамдық игіліктерді көздің  қарашығындай сақтауға, қоғамдық игіліктер адамдарға  тегін көрсетілетін  игіліктер екендігі түсіндіріледі.
  2. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың экономика туралы сауаттылығы арттырылып,  олардың  қоғамдық  игілікке деген көзқарастары  қалыптастырылады.
  3. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті  тақта, «Қоғамдық  игіліктер  тақырыбындағы  слайдтар»,  плакаттар,тақырыпқа  сәйкес  түрлі  суреттер.

Сабақ түрі: Жаңа білім берілетін  аралас  сабақ

Сабақ  әдістері: түсіндіру, оқушылар шығармашылығы, топпен жұмыс, іскерлік  ойындар.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру  кезеңі: Оқушылар партада дұрыс отыру, оқу құралдарын  алдарына алып  отырудан жарысады. Мұғалім  онға дейін іштей санап болғанша оқушылар сабаққа назарын  аударуы  тиіс.

  1. Үй тапсырмасы тексеріледі.а) Әр оқушы дәптерлеріне экономика салаларын жазудан   жарысады.

ekonomika-pani-mugalimi-ahmetova-banu Мұғалім  тақтаға  бүгінгі сабақтың  тақырыбын Қоғамдық игіліктер деп жазып қояды. Осы сөздердің әр дыбысын  ескере отырып  экономикалық  сөздік  диктанты жаздырылатыны  ескертіледі.

ә) Экономикалық  сөздерден диктант жаздырылады. Құрылыс  саласы, орман шаруашылығы, ғарыш айлағы,ауа, мәдениет, депозит,ынтымықтастық,қажеттілік, ипотека, газ саласы, ішкі сауда, лагерь,іскерлік, көше,тауар,еңбек, ресурс.

Жазылған сөздердің  мағыналарын  оқушылар айтып өтеді.

Жаңа  сабақ:  Қоғамдық  игіліктер  (Сабақты мұғалімнің  түсіндіруі)

  • Мемлекет халыққа тиімді  жағдай жасайды. Барлық  адам,  азаматтар қоғамдық орындарда  көптеген  игіліктерді  тегін  пайдаланады. Қоғамдық  игілік  мысалдары: Бағдаршам, жол белгілері, жол,  ескерткіштер,  прожекторлар,көшелер, көше бойындағы  ағаштар,  банкомат. т. б.                                                                           Отбасындағы  ай сайын  ақысы төленетін  игіліктерді  кім атайды? (Су, жарық,жылу,  газ, телефон. т. б.) Бүгінгі  сабақта   өзіміз акы төлемейтін игіліктер  туралы  айтып  отырмыз.
  • Өзіміз тұрып жатқан  қаламызға  ойша  саяхат жасап  көрейік. Ауызша орындалатын  тапсырмада үш оқушы  қоғамдық  игіліктерді  мүдірмей, көбірек  қоғамдық  игіліктерді  атайды.
  • «Кім жылдам» ойыны  ойнатылады.  Оқушылар  отырған партасы бойынша  үш  топқа бөлінеді.Қолдарына үлестірген плакаттарға қоғамдық  игіліктердің  суреттерін  сала бастайды. Он  минуттың  ішінде үш ынталы, белсенді  оқушы  суреттері  бойынша  өз ойларын  дәлелдеп айтады.
  • Әр топтың қалған  оқушылары дәптерлеріне   қоғамдық  игіліктерді  жазып жарысады.Жазып, айту жылдамдықтары  тексеріледі.Ойланып 20 сөз тауып жазу тапсырылады.
  • Сабақты бекіту кезеңі. Туған  еліміздің  болашақ  бейнесін  қалай  елестетер  едіңдер? Үш топтың  өздері белгілеген үш  оқушысы өз  ойларымен  бөліседі. Қалған  оқушылар жазып,  суреттерін  салып  отыруы тиіс.
  • Сабақтың  қорытынды  бөлімі: Сабақ  өмірмен  байланыстырылады. «Қазақстан қалаларындағы  қоғамдық  игіліктер» тақырыбындағы слайдтар көрсетіледі.                                                                             Сыныптағы оқушылар  күнделікті  өмірде өздері қолданып  жүрген  қоғамдық  игіліктердің қызметі,  олардың  адамға  тигізетін  көмектері  туралы  әңгімелейді.Мысалы: бағдаршам, балалар алаңдары, әткеншектер, т. б.

Оқулықпен жұмыс: Экономикалық сөздіктерді дәптерлеріне көшіріп жазады. Мысалы: Қоғамдық  игіліктер- мемлекеттің  барлық  азаматтарға  тегін ұсынатын тауарлары  немесе қызмет көрсетулері.

Оқушылар экономикалық сөздіктерді жатқа айтудан  жарысады. Қоғамдық игіліктерге арналған жұмбақтарды  тауып айтудан, жауабын шешуден білім жарыстырады.

Мысалы: бағдаршамға байланысты жұмбақты шешуілері керек. «Үш көзді дәу көшеде, жол көрсетіп тұрады…»

«Астана мен Қызылорда қаласының  әңгімесі»  Екі  оқушы ортаға келіп , екі қаладағы қоғамдық игіліктерді  салыстырып  айтады.

Сабақты қорытындылау.  Бүгінгі сабақта  не туралы білдік? Үш топтан үш оқушы  әңгімелейді. Тапқыр,  білімімен көзге түскен  белсенді  оқушылар бағаланады.

Үйге  тапсырма: «Қоғамдық игіліктер»   туралы  ойлары мен ізденістерін  дәптерлеріне жазып келеді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ