Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Білікті ұстаз – мектеп мақтанышы


Білім жолы – қиын да қасиетті жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Білім жолына жетелейтін – ұстаз. «Шәкірт шәкірт емес, ұстазын сүймесе, Ұстаз ұстаз емес шәкірті үшін күймесе» – деген қазақтың ұлы педагогі Ы.Алтынсарин. Иә, шәкірт сүйген ,шәкірті үші күйген Досмаханова Роза Амандыққызы дәл осындай жан.
Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне бар асыл қаиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген Роза Амандыққызы міне биыл 24 жыл ұрпақ санасына білім дәнін сіңіріп келеді. Роза апай қазіргі таңда № 250мектеп – лицейінде физика пәні мұғалімі.Қиын мен қызығы мол ұстаздық жолын 1986 жылы С.И Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уиверситетінің физика факултетін тәмәмдап, Ү.Томанов атыдағы №183 мектепте дәріс беруден бастайды.Роза Амандыққызы үнемі ізденіс үстінде жүретін тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірттерге саналы да сапалы білім беруде.Аудандық, обылыстық байқауларда өз ісінің хас шебері екендігін жылдар бойы дәлелдеп келеді. 2007-08 оқу жылында аудандық білім бөлімінің «Үздік физик – 2007» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 2010 жылы «Хабаршы» журналының №12 санына «Экологические воспитание на уроках физики» атты мақаласы жарық көрсе, көптеген Халықаралық конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасты.
Ұстаз еңбегінің жемісі шәкіртінің жеткен жетістігімен бағаланады десек, 2006 жылы 10 сыып оқушысы Өмірқұлов Жарқынбек аудандық олимпиадада физика пәнінен 1 орынды, 2008 жылы 11 сыып оқушысы Әбуова Қаракөз 2 орынды, 2009 жылы 11 сынып оқушысы Қалмұратова Әлия 1 орынды,Әлиева Шолпан ( 2009,10,11жылдары) 1 орынды иеленсе, Құрманбаева Арайлым обылыстық олимпиадада 3 орынды және «Президенттік олимпиадада» 2 орынды иемденді.
Оқушыларға терең білім беруде физика пәні бойынша жыл сайынғы ҰБТ-ға көптеген шәкірттер дайындап келеді. 2007-08 оқу жылында 11оқушысы, 2009-09 оқу жылында 10 оқушы, 2009-2010 оқу жылында физика пәнін таңдаған оқушылардың барлығы грант иегері болды.
Атап айтсақ, 2008-2009 оқу жылында мектептің «Алтын белгі» иегері Қалмұратова Әлия физика пәнінен жоғары ұпай жинап, қазіргі таңда Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, Ресейдегі Мәскеу Авиациялық Институтының оқу озаттары атанып жүрген Өмірқұлов Ж.,Атуллаев М., Өмірқұлов А., Өтенова М., мектеп абыройын асқақтатып, ұстаз еңбегінің жұмысын тағы дәлелдеді.
Ұстаздың тәлімі мен тағылымын бойына сіңірген қаншама шәкірт түлеп ұшып, арман мақсаттарына қол жеткізіп, еліміздің түкпір – түкпірінде халыққа қызмет етіп жүрген маман иегерлері.
Жүрегі шәкірт деп соққан ұстаз отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана, қадірменді әже. Жұбайы екеуі үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасы.
Талай шәкіртті өмір жолына қанат қақтырған ұстаз – қазіргі таңда өмір талабына сай көп ізденіп, шәкірттерінің бойына ізгі қасиеттерді дарытып жүр.Ұжымымыздағы жас мамандардың әрдайым ақылшы ұстазы, білікті маман Роза Амадыққызын әрқашан да мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта шығармашылықтың шыңына жетіп, бейнеттің зейнетін көріңіз демекпіз.

Баймаханова Гүлнұр
№250мектеп – лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Заттар және олардың қасиеттері. Ауа
  • «КЕЛЕШЕККЕ ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНМЕН»
  • Жаңа форматтағы педагог
  • Мен ұстазбын
  • Жеке меншік және бәсекелестік

Пікір жазу жабық.

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.